Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз
. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесуОң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…

Бірақ, “а” дегенді “ю” деп ұғатын басбұзар, лаңкес, антиглобалист, панк, фрик, мукла… очм, біздің талапқа жатпайтын “біреулер” шырқымызды бұзбас үшін “Сақаубай-секьюрити” фирмасынан елу (50) жігітті жалдайтын болдық. Әзіл ғой ))) “бүйтуге, сөйтуге болмайды” деген ережелер жариялап қоямыз, болды. Өрімталдың жазғанын қайта өргендей болмайын, бірақ Баркэмпіміз болатын КИМЭП-ке интернет жалғау жағын Ержан аға жайғастырам десе, ресми мекемелерге шығу керек болса, мәжілісмен Мұрат аға “әрқашан дайынмын” деді. Нұрғиса көке “WordPress” тұғырнамасының өкілі келіп жатса, ілеспе де, ілеспей де аударып беруге әзірлігін айтты. Ал, “Айқын”, “Жас қазақ үні”, “Халық сөзі” және басқа да басылымдардың өкілдері “асқан кемеңгерліктің, көрегенділіктің бастамасындай болатын жиын” жайында бет-бет материал басып, детсадтағы “детилерден” Қарақия ойпатындағы түйешіге дейін отклик жинаймыз деп отыр. “Қой, ұят болады” деп айту ұят екен Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Айтпақшы, Астаналық блогшылардың осы Блог құрылтайымызға барып келуіне жауапты Өркен деген біреу екен. Жауапты ретінде ол жауап берді. Мұрын астынан “міңгірлеп”, “Астаналық блогшылардың демеушісі ақша мәселесін 15 ақпанға дейін реттеп беремін деген… Ақша түсіп жатса, Дабай кызыға тіркелген блогшылардың арасында презентация жасайтын, пікір айтатын белсенділеріне басымдық бере отырып, іріктеу жасау керек” деді. Еее, ұмытып барамын, презентация жасаған кезде модератор болғаны дұрыс па, бұрыс па деп дауысқа да салыппыз ғой. Түйткілді тақырыптың түйіні піспеген соң, “Дабайдың” микросауалновкасында пісіріп аламыз деген пәтуаға келдік. Ал енді суреттер сөйлесін!

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
НҰРЕКЕНнің ұсынысы: “блогшылар волейбол ойнайық!”. Бәрі бірауыздан қолдады, қалыс қалған ешкім жоқ, қарсылары қатыспады
Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Мұрат ӘБЕНОВ: “Саясаттан қашып кетпейміз. Бірақ блогкэмпке келіп, саясат айтушылардан сақтанайық”

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Бұлар, бұлар… айта алмаймын енді, аса дарынды аудармашы Нұрғиса АСЫЛБЕК пен сұмдық сарапшы Кәмшат ТАСБОЛАТ. Ерлі-зайыпты блогшылар. “Дабайликске” сенсек, болашақ Асылбековтердің де блогтары дайын тұр дейді. Артқы фонда – продакт-плейсмент (“Алгида” балмұздағы мен “Салнұр” жорналы)

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Ағалар. Ерекең (Ерлан ОСПАН) мен Ерекең (Ержан НҮСІПБЕКОВ): “Тәәк, идея жаман емес, бірақ біраз илеу керек”

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Пах-пах арулар. АйжанНҰР (бөрік) мен оның сұлу, бірақ блогы жоқ сіңлісі АйСҰЛУ (бөріксіз)
Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
“Үш ақтөбелік” полотносы (ӘЙгерім ханшайым, АрШАТ батыр, ЕРлан баһадүр)
Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Отырыстың “ең үздік парламентарийі, тойыс сұрақ қоюшысы” Фазылбек ӘБСАТТАРҰЛЫ, Дабайдағы Әйгерім, ортада – ӨрКЕН. Суретті түсірген – Өркен. Көрдіңіз бе, бір қолымды үстелдің астынан жіберіп қойып, “Инспектор Гаджет” болуға тура келді))))
Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Ортада – Әбу Асхат ибн ЕРКІМБАЙ ибн Блог әл Мысқазғани ат-Қазақи, оң жағында – Рахат ЖАҚСЫБАЙ, экс-сенатор, кешіріңіз, экс-дебатшы, сол жағында – Бекжан ТОЛЫБАЙ, “Қазақ интернеті” деген 5 қабат құрылыстың қосалқы сәулеткері

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Мына жігіттер дәу де болса, wikikaz жобасының жетекшілері… Wikileaks-пен шатысы болуы мүмкін, тексеру керек!

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Бекжан аға бәдіренді шанышқысымен қытықылап жатыр

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Арғы жағын таныстырдым, бергі жақтағы братанды танымады (айып етпеңіз, менің кінәм). Ал аруымыз Виктория БЭКХЕМ (аты мен фамилиясының біреуі ғана шыңдық, ойлап табыңыз)

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу Ұ
наса да, ұнамаса да, түріміз осы енді! Астаналық блогшылар! Айтпақшы, жиналысқа келмей қалған Амангелді (“ТАМШЫ”) бірқанша адамды иіріп, сыртта Блогкэмпті түсіндіріп тұр екен. Сол тарихи сәттен бір кадр! Бағалаңыз
Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Жалпы, алғашқы кездесуіміз жаман өтпеген сияқты. Асхатты бүгін 19.30-дағы отарбамен Алматысына шығарып салдық. Жеңісті күндерде жолыққанша!
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
суреттер күтеміз Негро Өркен :)
Gastarbaiter
Сөзіңе қарағанда Асхаттан басқа ешкім сөйлемеген бе, Аршат -ЕРлан -Нұрғиса деген Қазнеттің үш арысы не айтты екен?
Orkenegro
Сөйледі ғой, бұл черновик жазба, бүгін жаңартылғанын салу керек, блогыма жана жазып біттім суреттерімен
asaubota
рахмет Өркен, жақсы отчет шығарыпсың. Ерболды да мәз қылып қойдың ау, Қисықтың потенциальды бажасын айтамын :)
urimtal
Ол Ербол Айжаннұрдың блогын оқымаған болып тұр ғой. :)
Nurgisa
Тақырыпашар суретке орай туған ой:

Қазақ админдерінің шайқорлығы соншалықты, бір ішкенде қос пиаладан бірден ішеді…
Abilakim
Амангелді бірқанша адамды иіріп тұр)))) кеңк-кеңк-кеңк)))
TOTY
Жазбаң да, суреттерің де удашно шығыпты!
urimtal
Викторияның қасында отырған ағамыздың есімі — Жандос. Мүмкін өзі де таныстыра жатар.
Aikona
Керемет, суреттерді көріп қуанып қалдым.
Daniar-Alan
Осылай басталды десеңЧ…
Sebastian
Ол кезде блогер деген шынымен блог жазад дейсің ғо?