Темекі туралы

Кеше кешкісін КТК-дан «Другая правда» хабарында мына роликті көрсетіп еді:


Хабарды көріп отырғанда ұлым «Мен де осылай темекі тартсам бола ма?» деп сұрамасы бар ма. «Жоқ, болмайды» десем, «Сонда сен сияқты үлкен болғанда тартам ба?» дейді. Ішетін у таппай қалдым :)

Опшым, темекіні балаларға көрсетпей тарту керек болды.
Бөлісу:

38 пікір

Zere
Бір жарнама бар еді ғой, үздіктерге кірген. Сонда балалар ересектердің ісін қайталайды делінген. Бәлкім өзің көргенсің. Дұрысы темекіні мүлде тартпау ғой ))
Abilakim
Бір кемпір кешке дейін баланың істегенін қайталаймын деп өліп қапты деген аңыз болушы еді…
Nurgisa
балалар ересектердің ісін қайталайды
ойландырып тастады…
sammita
бұл роликті «Астана арнасы» 2009 жылы көрсеткен. Сол арнаның операторы өзі түсіріп алған. Ұмытпасам Атырау ма батыс жақ.
Nurgisa
Атыраудағы картина ғой. Бояннн негізі.
sammita
ааа, менде видео көрсетпейді, баланың түрін танып тұрмын тек.
omarbirat
Сұхбат алушылардың лексиконына сүйенсек, мына видео телефонмен түсірілгенге ұқсайды :)
Nurgisa
Оператордың сотыби иесі болуында қисынсыздық көріп тұрғаным жоқ, деееп тұрсаң, иә? :)
omarbirat
Бәрі де мүмкін.
Мынадай кәменттерімен телебизірге өткізіп жіберген болса, ана бала екінші дубльден бас тартқан-ау, сірә :)
Nurgisa
Бір пәшкі сигаретке бермесең, екінші дубльді түсіңде көресің!
десе, иә?!

Негізі, Еуропалық елдерде белгілі бір жасқа жетпеген жасөспірімдерді кейінірек қоғамдық масс медиада көрсету мақсатымен суретке, видеоға түсіру сол жасөспірімнің ата-анасының рұқсатымен ғана жүзеге асады дегенді естігенім бар еді…
sammita
онысын білмедім. Мүмкін Атыраулық тілшілер қызық көріп соткіге түсірген болар. Кейін бір хабарға шығарып жіберген шығар:)
Nurgisa
Омеке, «Иә, үлкен болғанда тартасың» деу де, былай қарасаң, нетолау сияқты, иә?
Delhi
Мынаны корген бала қалай темекі тартпасын, озімде қызығып кеттім балаға.
Өзін керемет ұстайды екен бала.
asaubota
сол көрсетпеу тарту проблемасы бізде де бар :(
Nurgisa
Зақа екеуіңде ме :)))
asaubota
жоқ, тек мен шегетін.
Abilakim
Бала кезімде үйге келген қонақтар темекі тартты. Ұмытпасам «Казбек».Мектепке бармаған кез.Исі ұнап қалды .әрлі берлі өтіп жүріп бір штугін алып кеттім.Қораның артына барып тартып жатыр едім, әжем көріп қалды.Темекі мен екі қолымның сыртын күйдірді.іздері әлі бар.Әскерде ерігіп екі рет шеккенім болмаса, тартпаппын сол палені.
Nurgisa
Қораның артына барып тартып жатыр едім
ерігіп екі рет шеккенім

тартпаппын сол палені
:)))))
alisha
виденоны көре алмай отырмын, бірақ әңгімені шырамытып отырмын… бұл бала біз бірінші курс оқып жүрген кезде 5 жаста болатын...қазір 12-13-терде болар...өз көзіммен көрдім бұл баланы, үйдің қасында «Мерей» деген көлік базарында жүретін үнемі..."Қашаннан бері шегесің?«десе: „Баяғыдддан“ деуші еді...өзі сонда 5-ақ жаста еді… мұны сол жердегі сатушылар түсірген
Abilakim
Бұл бала 7-8 жасында жыныстық қатынасқа түсіп, 11-12 жасында бір отырып шыққан шығар мына түрімен
Nurgisa
Неге? Темекі шексе, қыздарға ынтықтық ертерек ояна ма? :)
Abilakim
Оның жүріс-тұрысынан бұзақылық байқалып тұрған жоқ па? Бұндайлар барлығын ерте бастайды
Nurgisa
Қараусыз қалған бала. Есі түзу отбасыда мұндай сұмдық орын алмас деп білемін. Тұрмысы төмен отбасыдан екені түсінікті-ау. Тек, осындай бетімен кеткен балалармен жұмыс істейтін орталықтар болушы еді. Сондай құзыреттілердің назарына ілікті ме екен десейші…
Delhi
Тұрмысы төмен отбасынан сияқты емес, киінген түрін қараңыз. Киімі де әйбәт.
alisha
бұл баланың әке-шешесі жоқ деп естігем…
Delhi
онда еті тірі бала екен, түбі бір жерден шығатын… я Бакен болып я Түркен болып…
alisha
сол бала туралы қазір айтылмайды...қай бұрышта жүргенін құдай біледі
Delhi
Алиша сенің білмейтінің жер астында ғой, осыны біліп сұрастырып, не болғанын айтшы бізге, ок.
Abilakim
Алиша, Шымкенттің базарында жүретін анабір қазақ апа жайлы да сұрастыра салш. Ол жайлы докфильм көріп едім кезінде.одан бері екі жыл дегендей…
sammita
Бомж әйел жайлы ма))
alisha
оны шымкенттіктерге айтпасаң, ал әлгі баланы сұрап көрейін…
kokserek
Боян
omarbirat
Видеоны менен басқа ешкім көрмеген екен деп жүрсем :))
asaubota
мен де лох екенмін, бұрын көрмеппін :)
zholantai
осы боян деген не мағына?
ken
алдын жазылып, талқыланып қойған нәрсе деп түсіндім өзім