Ескірмейтін Азиада, ес кірмейтін гимн...



Азиада алауы сөнді. Ойындар тәмам, алтыннан алқа тағындық. Шашамызға шаң жұқтырмадық. Басқа шауып, төске өрледік. Өзге ұлттық құрамалар қосалқы дружиналарымен келсе де, бұл бізге тиесілі жеңістің салмағы мен айбынын мүләйімсітпейді. Тұтас спорт мүшайрасы тосын жағдаятсыз өтуі де абырой. Тек кішкентай бір нәрсе кірбің ұялатып тұрғаны…

Бұған дейін «Хасанғалиев vs. Крутой» тақырыбында шеті шығарылып еді. Крутойдың әні ашылу салтанатында айтылды, қателеспесем. Ал Ескендір ағамыздың Азиадаға орайластырып арнайы өткізілген бәсте топ жарған әні ескерусіз қап қалған сықпытты. Алаңдататыны, ешбір жерден ресми түсініктеме таба алмадым. Мүмкін, бұл турасында есі дұрыс дәйектеме берілген шығар, білулеріңіз жоқ па? Жалпы, осы жұрт Ескендірді біле ме екен?!

Бастапқыда «жеңімпаз ән ашылу салтанатында орындалады» деп алып, кейін ол уағдаластықтың мүлде ұмыт болуы қисынсыздау-ау.

Әйтпесе, қара да тұр, Азиададағы спортшылардың жеңісінен кейін ұйымдастыруға қатысы бардың түгелі, «иттің итақайына» дейін «крутой» боп кетуі әжеп емес…
Бөлісу:

42 пікір

Abilakim
Исі қазақтың миын мазалап отырғаны да осы гимн мәселесі. Жалпы Азиада дегенді гимнсізде өткеруге болады екен.
Nurgisa
Иә, шүбәсіз. Тек ақыры жарияланды екен, бәс өткізілді екен, бір жұғымы болуы керек сияқты еді, меніңше. Иә, еңбегі сіңген саз қайраткері ғой ағамыз. Миллион теңге тағайындалған сыйақыны алғасын шу шығарып қайтсін.
Abilakim
Менің Дарико әпкемде ішікті болып қалды))) Дарико деген есім тіліме тез орала қоймады.Хатико деп біраз отырып барып есіме түсті…
alisha
саған әпке болса, маған да әпке болады ғой автоматты түрде… сол кісіні бұрын біртүрлі жаратпайтын ем, бір-екі рет тілдескеннен кейін қарапайымдығына тәнті болдым.
Abilakim
Қарапайымы қарапайым тек ұрғашы шайтан (егер олар жынысқа бөлінсе) елестейді сол кісіні көрсем.Мүмкін шашынан, мүмкін баттасқан бояуынан…
alisha
сол кісіні бояусыз елестетсем, көз алдыма бүгінгісіне қарағанда әлдеқайда әрлі әйел елестейді…
Abilakim
Қарапайымы қарапайым тек ұрғашы шайтан (егер олар жынысқа бөлінсе) елестейді сол кісіні көрсем.Мүмкін шашынан, мүмкін баттасқан бояуынан… сосын мәңгі ержетпейтін, мәңгілік бала бейнедегі Біржандары бар.
Nurgisa
:)))))))))
alisha
Азиаданы айтып жатыр ек қой..)) Ахметжан көкем полиглот екенін көпке дәлелдегісі келді-ау деймін, а::??
AKY
Папенькин и маменькин сыночек))) Қазақша қалай айтса болады?
alisha
Мамммасыны-е--ее-ең баласы, Папппппасынееең баласы!!!
Abilakim
Мамасының қызығы, папасының бұзығы
alisha
Қойшы, послушный бала сияқты ғой ол...«Мен келесі жылы үйленем»,- деп еді, былтыр бір әңгімесінде…
Nurgisa
Осы қыз-қырқынның қай еркектің қашан үйленетіні туралы «оперативті» ақпаратқа қашанда қанық жүретіні қызық :)
alisha
Жоға, өмірден бойдақ өтсе де көңілім кинодағыдай; «Арманым — тезірек Біржаннан немере сүю» деген Ескендір ағаның сөзіне берген жауабы ғой. Бұл біздің үшеуара әңгімемізде айтылды…
Abilakim
Биыл «келесі жылы дедім ғой» депті
Abilakim
Бізге былтыр кеп концерт қойған әкесі екеуі. сол кезде тілдескем
alisha
Бізге де 70 жылдық мерейтойына орайластырып тегін концерт берді..әсер тілмен айтып жеткізгісіз… халық бірге шырқап, бір жасап қалды…
Abilakim
Бізде де сол мерейтойымен байланысты концерт.Тегін емес.Зал толы халық болды.Шыны керек халық қосылып, ерекше көңілді отырды
alisha
Бізде қаржыны облыс әкімдігі өз мойнына алды…
Abilakim
Бізде өз қалтасына алды
alisha
Ағамды Атырауға көшіріп алам-ау осы!!!
Abilakim
атырауға тартып ағаңды
Жыртпақшымысың жағамды?
Nurgisa
жыртпақшы, анық жыртпақшы,
ұққасын парық, бағаңды
alisha
Жыртқышқа, аға, телісең,
Түсіріпсің әбден бағамды.
Abilakim
Сөйлегеннің бәрі қыртқыш емес
Жаға жыртқанның бәрі жыртқыш емес.
alisha
Қыртқыш та, болғым жоқ-тын, жыртқышың да,
Бір жағаңды құрбан ет, мықтысың ба?
Abilakim
Жағамды алып жаратқын қажетіңе
Керек болар үлкендеу әжетіңе
alisha
«Халықтық» белгісімен самсап тұр ғой,
Маған сенің жағаңның қажеті не?
Nurgisa
Өйдөйт! :) Ақындар, кезектесіп айтысайық :)
ushkin
Ол Біржан құрбымның туысқан ағасының досы.))Құрбымның үйіне Біржанды көруге баратынмын...Өзі сондай әйбат...) Бір көргенде «Биыл жазда үйленем»деген)
Nurgisa
Айтпақшы, кешегі ақтық айқаста арпа ішіндегі бір бидайымыз, Талғат Жайлауовымыз ойнамады. Кейін марапаттау салтанатына шықты. Кәрістер протест білдіріп, соның салдарынан ойнамай қалған екен. Не протест, білушілер бар ма?
omarbirat
Бір кәріс үшінші орын алған екен, жүлдесін алуға уақытында келмеуіне байланысты, қола медальды төртінші орын алған ирандыққа бере салыпты деп еді. Соған ренжіп қалған шығар.
Zere
Тәртіп бұзған деседі. Ойыннан кейін соны видеодан дәлелдепті. )
Nurgisa
Кәрістер туралы бар жай-жапсарды білесің, иә? :) Соларға қамдасушы волонтерлер тобын басқартпаған ұйымдастыру кәмитетіне сын! :)))
omarbirat
Таңертең жұмыс жақта гаи-менті аралас, көшенің жағасы қызыл жағалыларға толып кетіпті. Аса маңызды адамдардың бірі келген екен деп ойладым. Өзі де кеше Айзаданың ұзату тойында Президентіміз отырғанын көз көрді. Жаңа белгілі болды: «Айзаданың тойын аман-есен атқарып болған соң, қатысқандарды жинап, құдайы тамақ берген» көрінеді :)
Nurgisa
Айзадасы кім еді деп бас қатырып отырсам… :)

Басқа-басқа, бірақ Есіміфтің ағылшыншасы ерекше естілді :) лет ми экіспіресс май әпрешиейшін :)
sammita
негізі ағылшынша дұрыс сөйледі ме? Қатесін, кемістігін айта отырсайшы. Тіл білмеген соң, тыңдап отыра бердік, соңында қол соғып кошемет білдірдік;)
Nurgisa
Ол енді қағаздан оқыды ғой. Жазып берілгенді оқыды. Ағылшынша мәтінді кирилше жазылған қаріппен оқып берді. Оқуда кемістік болған жоқ. Тек акценттегі кейбір жергілікті колорит бар демесең… :)
Nurgisa
Бейресми ақпарат бойынша, қыздар арасындағы хоккейден үшінші орын алған қытай қыздарына медаль тапсыру кезінде қытайлық бір қызға медаль жетіспей қалған. Қазір бір медаль әдейі ұрланды ма, жоқ әлде бір ойыншы артық келді ме, не болмаса протоколға жауаптылардың кілтипаны ма… анықталып жатқан көрінеді…
Әлгі медальсіз қалған қыз шыдамай көз жасын бұлап жіберген көрінеді спорт атқамінерлерінің дәрменсіздігіне қарап.
asaubota
негізі олар жеңулері керек еді, букмекерлер есебі бойынша да олар фаворит еді. сондықтан болар мүмкін.
TERISKEI
ASSALAUMAGALEYKUM AGALAR, BAUIRLAR! DABAI.kz-ke kirmegeli kop bop edi, janaliktar da koooooop eken estimegen… taaak, «Хасанғалиев vs. Крутой»… Kеше ғана теледидардан көрсетіп жатыр, Азияданың ашылу-жабылу салтанаттарын ұйымдастыруды қолға алған режиссер жігіт пен оның көмекшісі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп жатыр екен. кенет сұрақ та төтесінен қойылды:
-Конкурста жеңіп алған азияда әнұраны неге шырқалмады?
Жауап:- Әнұран шырқалды емес пе? Л.Фабиан шырқап салды ғой…
Сұрақ:- Жоқ, конкурста жеңіп алған Ескендір Хасанғалиевтің Азияда алауы әні туралы сұраудамыз, ол бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде айтылуға тиісті ән мәртебесін жеңіп алған болатын…
Жауап: — ...???.. Біз білмейді екенбіз. бізге ондай ән барын ешкім айтқан жоқ…
Міне, даудың басы қайда жатқаны…