Dabaileaks-4

Кешегі отырысымыздың есебін ұсынамын. Жаннаға жапониялық фотокамерасын сынап көруге рұқсат бергеніне рахмет.



Бұйыртса, ертең Астанада болмақпын. Кешкі сағат 19.00-ге дейін әзірге еш жоспарым жоқ.

Сондықтан, астаналық таныстарымның мазасын алып, жұмыстарына да барып қалуым мүмкін.

Кешкі сағат 19.00-де Астана қаласындағы AsiaPark сауда орталығының 2-қабатында кездесейік. Астаналық блогшылармен, дабайшылармен танысайық!

пы.сы. Астаналықтар, келеміз не келмейміз деп бір әу деп қойыңыздаршы… Алматылық блогшылар үлкен сәлемдерін жолдап жатыр.
Бөлісу:

8 пікір

Qojeke
Патик бұл жолы қатты қорқып қалған ба? іі І і :)
urimtal
Қорыққан түгі жоқ. Нағыз һас батыр ғой!!!
balzaminka
эххх, қызығып отырғаным-ай, міндетті түрде барар да едім, қатысар да едім ((
TOTY
Ал, Астаналықтар,қапы қалмаңыздар :)
asaubota
Қарағандыдан автобус арытып Әбіләкім де келіп кетсе жақсы болар еді
Zilola
Бара алмағаныма өкініп отырмын, жолдан шаршап келгенмін, бара алмауымның себебі де сол жол болды. Өздеріңіз білесіздер тап сол күні таң атпастан қар жауып, трасса тайғақ болды. Ал мен Жамбылыма барып қайттым.
HaLiL
Асхат, Астананың аңыраған аязы мен Азиядасын аяқтатып, жаймашуақ күнін ала келіпсің.;-) Кош келіпсің Астанаға.
Аллах бұйыртса, кеште кездесіп қалармыз.