Астаналық блогшылар, аттан!

“ Аттан” деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек “ блогшылардың бабасы” дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым7 ақпанда біздің қалада болады деседі “ Дабайликс” ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып,Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.
Сондықтан, даусым жеткен жерге дейін айтарым: Астанадан прәпискасы әм “ блогшы” деген бір парақ қағазы бар қыз-жігіт, жігіт-қыздар, дүйсенбі күні жиналсақ! Алдын ала ұйғарым бойынша, шамамен 19.00-де, сол жағалаудағы “ Азия парк” орталығында жиналсақ деп шешкенбіз. Орталықтың 2-ші қабатында “ Шербет” деген халал кафе бар. Тамағы дәмді, тек уай-файы бар ма, ол жағын білмейді екенмін. Сонымен, сол жерге дүйсенбінің кешінде келе аламын дегендер, осында кәмент жазып кетсеңіздер. Мүмкіндік болса, телефоныңызды да көрсете салыңыз. Әсіресе, Айжаннұр, сені таппай қалып жүрмейік :-)


Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/04/%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%b1%d0%bb%d0%be%d0%b3%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d1%82%d1%82%d0%b0%d0%bd/
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
Дабайда блогшы болып жүрген астаналықтар да келсін.
blackbeard
Ел білмейтін атақты блогшылар да келе берсін:)))
AKY
Жұмыстан ертерек шыға алсам, барғым келеді.
urimtal
келіңдер! Ең болмаса, шай ішіп қайтамыз :)
Marco
Құрдастың арасында тартып жіберуге кет әрі емес кезі-ау деймін шамасы)
balzaminka
Сәтті отырыс болсын!