"Балдырғаннан" құлап бас жарған...

Ол кездің «Балдырғандары» (белесепет) бала түгілі 70 келілік жігіттерді де көтеретін. Артқы тепкішекке көрші баланы тұрғызтып алып айдап келе жатқанмын. рөлге ие бола алмай қалдым ба, жоқ әлде алдыңғы дөңгелек бірдеңеге тірелді ме есімде жоқ.Есімде қалғаны қатты құлағанымыз.Құлағанда да жаман құладық.менің басым тасқа тиіп жарылды.Қан бұрқырап ағып жатыр шекемнен.Жарты бетімнің терісі сыдырылып қалған. Бақырып үйге қарай жүгірдім.Алдымнан тәтем шықты.Ата-әженің қолындағы немере болғандықтан анамызды тәте дейтінмін.сол жанталасып орап берді. Кешке әжем келді бір жақтан.Дәлізде басым ораулы отырған мені көріп «не болды?» деп сұрады. Тәтем «мен ғой көсеумен (пешті шұқылайтын істік темір)ұрып басын жарған»деп менен бұрын айтып қалды.Сол кездегі әжемнің ашуланғаны сонша, сол көсеумен ананың өзінің басын жара жаздады.Қайта тәтем,«Ойнап айтам, белсебеттен құлады» деп үлгерді.
Бөлісу:

5 пікір

sammita
:)) жазда тізесі жарадан бүтін бала сирек болады. Ол қалыпты болып кеткен. (тақырыпты көргенде Балдырған деген блогшы қыз туралы деп қалғам;).
Nurgisa
Саммита, тұрмыс құрған адамсың-ау деймін :) Тақырыпқа қатысты шектеусіз фантазияларыңның ерекшелеу екенін айтам да.
sammita
:))) бір күлдім-ау рахаттанып:))
Abilakim
кеңк-кеңк)))Блогшы Балджырғанның үстінен құлағанымды елестете алмай жатырмын…
ushkin
Бала кезімде талай «ажалдан аман қалдық қой» )))Жазбаға байланысты бір жайт есіме түсіп отыр. Осы демалыста ауылға барғанда естіген әңгімем ғой. Көршінің кішкентай баласы құдыққа түсіп кетіп… Оны олардың көршісі құтқарып қалып… «Халық батыры»деген атаққа ие болып шыға келіпті. Сөйтіп «Халық батыры» атағын жуып жатқанда әлгі бала тағы да шұңқырға түсіп кетіпті. Мәз-майрам боп жатқан жұрт баланы елеусіз қалдырған ғой. Абырой болғанда, ол шұңқырдың соншалықты терең болмауы себепті өзі тырмысып шығып бет-аузы күл-күл боп келіп тұр дейді...))