Күнтізбеме көрімдік сұраймын!

Әзіл ғой. Интернетте серфинг теуіп жүріп, мына күнтізбеге аяғым шалынысып қалды. 2011-дің күнтізбесінен қызықтырған күнді тауып аласыз да, саусағыңызды ай атауына қарай апарасыз. Күн-айдың түйіскен тұсы аптаның қай күніне сәйкес келетінін көрсетеді. Айтпақшы, жасыл түспен 31-ге толатын айлар боялса, көк түспен 30-ына бітетіндері белгіленіпті. Қызыл жолақ — ақпан айы. Өз басыма бұдан қысқа күнтізбе болмайтын сияқты. Ақпанның бірінен бастап көлік ауыстырмасақ та, осылай күнтізбе ауыстырып тастадық!

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/01/%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%82%d1%96%d0%b7%d0%b1%d0%b5%d0%bc%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d1%96%d0%bc%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%81%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%b9%d0%bc%d1%8b%d0%bd/
Бөлісу:

8 пікір

Abilakim
қызық екен...үйреншікті күнтізбе болмағандықтан болар.Үйрене алмай отырмын
sammita
мәңгілік күнтізбе бар ғой, уот сол ұнады маған.
asaubota
ыңғайлы екен
alisha
көз үйренер болса расында ыңғайлы екен
TOTY
Өркеннің таппайтыны жоқ
Abilakim
Өркеннің таппайтыны жоқ
Сатыбалдының айтпайтыны жоқ-деген мақалды Сіз бен Біз шығардық)))
sammita
Патиктің шығармайтыны жоқ))
Abilakim
Саммитаның көрмейтіні жоқ)))