Дабайға блоггерлердің жазбалары қосылуда



Негізі біраз адам өз блогтарындағы жазбаларды осында өздері көшіріп жүр. Осындай жұмысты жеңілдету мақсатында Дабайға жаңа функция қостым. Блогтардағы жазулар RSS лентасы арқылы осында өздері автоматты түрде қосылады. Блогқа жаңа жазу жазылған кезде бірден болмаса да сол күннің ішінде осында көшіріледі. Әзірше тест режимінде. Қолмен көшірілмегесін әрине қателер болады, оларды өзім түзетудемін. Бірақ қалай болғанда да осындағы аудиторияға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өйткені автордың блогына бармай-ақ жазбаларын осынан оқуына болады, ал авторға да жақсы жағы: өз мақаласына осы жерден көп пікір жинай алады.

Әзірше қосылған блогтар:


P.S кеше чат қосылды. дұрыс мақсатта қолданасыз деп ойлаймын. :)
Бөлісу:

2 пікір

qisyq
Рахмет, админ ағай.
izgilik
е тусінікті. Тандаулы деп тандап алганша кутермін. Немесе тандаулы болудын шарттары бар ма? Жеке таныс, көзтаныс, ішім жылиды, по блату т. б деген сиякты?