Айна және фэн-шуй!

Айна — кез келген үйде қолданатын мүлік. Қарапайым қажеттілігінен басқа, бүгінгі таңда үйге, кеңселерге, демалыс орындарына  көрік беру мақсатында да пайдаланып жатады. Алайда, айнаның пайдасынан басқа, адамзатқа тигізер зиянды жағы бар екенін көпшілік біле бермейді. Ежелгі Қытай ғылымы «Фэн –шуй» қоршаған заттардың айналаға әсері жайлы қажетті кеңестерін ұсынады.
        Мәселен, кіре беріс дәліз. Фэн шуй заңдылығы бойынша айна кіре беріс есікке қарама-қарсы орналаспағаны жөн. Наным бойынша, есіктен кірген кіріс айнаға шағылысып, шығып кетеді-мыс… Сонымен қатар,үй иелерінде түрлі жағдайларда кедергілер туындап, жүйке жүйесінің тез шаршауына әкеп соғуы ықтимал.  
       Жатын бөлмеде айнаның мүлдем болмағаны жақсы. Болған күннің өзінде, кісі ұйықтайтын төсек көрінбегені абзал. Өйткені, мұның арты үйде немесе ерлі-зайыптылар арасында дау-жанжал шығуына және адам ағзасы ауруға шалдығуына әсер етуі мүмкін. Қазіргі заманауи жиһаздарда төсектің бас жақтаулары айнамен көркемделіп жатады.Ол да дұрыс емес. Төсек сатып алатын болсаңыз (әсіресе ерлі-зайыптыларға қатысты), міндетті түрде соған көңіл аударыңыз.
           Ас үйде айнаны үстелге қарама қарсы қабырғаға ілген жөн. Дастархандағы дәміңіздің бәрі айнадан көрінсе, ырыс молаяды деген фэн-шуйда наным бар екен.  
         Қонақ бөлмеде айнаның болғаны құпталады. Әсіресе, сырт жақтан әсем табиғат шағылысып тұрса, тигзер пайдасы мол. Алайда, егер айнаға сырттағы қоқыс жәшігі т.б.  қарама-қарсы шағылысса, жаман энергияны үйге тартуы мүмкін деген сенімге де құлақ түріңіз.
        Үйіңіздің төбесін, не еденін айнадан жасалған жылтыр тақтайшалармен /плитка/ көркемдегенді де фэн-шуй қолдамайтын көрінеді. Өйткені, бөлшек айнадан адамның өз бейнесін терісінен, не бөлшектеп көру кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бұндай безендіруді өз басым көбінде кафе, мейрамханалардан байқаймын.
         Егер ақшаңыздың санын арттырғыңыз келсе де, тигізер көмегі бар екен. Мысалы, айнаның алдына бірнеше кесек қағаз ақшаларын шашып қойсаңыз, табыс көзі молаяды.
Жадыңызда жүрсін:
  1. Кіре беріс есікке айнаны қарама қарсы ілмеген жөн.
  2. Айнадан бейнеңіздің толық көрінгені дұрыс
  3. Жатын бөлмедегі төсекке қарсы айна ілмеңіз.
  4. Айнадан тек жағымды дүниелердің көрінгені абзал 
  5. Үйде сынық немесе шынысы тозған айнаны пайдаланбауға тырысыңыз.
Мәліметтерді http://www.dong.ru/ -дан қазақ тіліне аудардым.

Мақала сілтемесі: http://vkototy.wordpress.com/2011/01/27/%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d0%b0-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d1%84%d1%8d%d0%bd-%d1%88%d1%83%d0%b9/
Бөлісу:

12 пікір

chimaq
he he..:):)қытйдың ырымы көп қой өздері қазақтар ырымшыл болады дейді :):)сіздің айтып отқаныңыз қытайдың “фың шұй风水” ы ғой, ол жағын айтып таұсү қыйын,өте терең, айна жөнінде көп естіп көргем жоқ, білетінім айнаны төр ұйдің есігінен кіргенде қарсы жақтағы бұрыщқа қоймайды,өйткені есік ашылғанда ұйге жаkсылық кіреді дейді, айна сол кірген жақсылықты кері қйтарып жібереді деп ырымдайды.жатын ұйде айнаны есікке және төсекке қаратып қоймайды.ал айнаың алдына ақша қойса байлық кeлед дегены қате деп ойлаймын,ұйткені байлық жөннінде олардың табынатын пірілері бар, олары "ұын сай шын,ү сай шын" дейді, одан қалса байлық жыйнайтын мысық болады оны «жаү сай маұ „дейді.тағы “шан» деген бақаның бір тұрі болады, оның мұсініне аұзына ақша тістетіп қойады, сонда байлық келеді деп өздері айтады,қытайдың дүкендерінде көп кезігеді…
sammita
қытайша білген қандай жақсы, қызығып отырмын. Сізге бір өтінішім, көмек ретінде у, ү, ұ әріптерін дұрыс қолдануды жайлап үйренсеңіз, қазақшаңыз жаман емес екен. Мәселен, «тұры», «мұсін», "ұй", "ұйткені",«таұсү» деген сөздердің орнына «түрі», мүсін", "үй", "өйткені", «тауысу» десеңіз жеткілікті.
chimaq
ескерпеіңзге көп рахымет, кейбір әріптердің қолданыұ ережесін әді біле алмай жаеырын....:):)
sammita
фэн-шуй заңдылығына бағынуды қаламаймын өзім. Қазақтың ырым-тыйымдарының өзі жеткілікті. Үй ішін осы фэн-шуймен ғана жабдықтайтын, қатаң ескеретін адамдар көп қазір. Бақыт, байлық, берекенің тек осы заттардың орналасуына ғана тіреліп тұрғанына сенбеймін.
chimaq
бізде қазақтар ондайға сендірмейді, оларға ілесіп ырымдасақ ұүлкендер білсе ұүрсады… мысалы қытай таұүық жылы той жасамайды, ол жылы той жасаса жесір қалады дейді, және өткен жылы барыс жылында қытайдың өз күұн есептерінде көктем болмайды, сол үұшін той жасағанда сәтті күұнді есептеп алыұү керек дейді, тағы басқа өте көп, оның бәрі қазазза жақпайтын нәрселер…
TOTY
Әрине, қазақтың ырым-тыйымдары кем түспесі хақ. Ал бағыну, бағынбау әр адамның өз еркінде, дегенмен, біле жүрген де артық етпейді.
Abilakim
Кіре беріс есікке қарама қарсы қойған айна үйге келетін қонақтар санын азайтуға көмектеседі.Қонаққа қуанбайтын қазақ кемде-кем.Бірақ мына заманда қалтада ақша таусылып қалатын күндер де болады.кіре берісіңізге шеге қағып қойыңыз, ақшаңыз азайғанда айнаны іле саласыз
sammita
;)))) әңгіме болсын. Мына сотка деген кейде зиянын тигізіп жатады, әбден үйреніп қалған қиын. ЖЖ алдында танысымыз қонақ күтуден әбден ығыры шығып кеткен ғой. Шаршап жеткен демалысы болса, оның үстіне өзінің де қыдырғысы келеді. Телефон шыр етіпті «Бәленше, қалайсың, біздер бара жатырмыз» деп. "Қап-ай, үйде емес ем, алдын ала ескертпедің бе?" десе, әлгісі «Ойбай-ау, домашнийіңе соғып тұрмын емес пе, үйде жоғың не?» депті.))))))
alisha
;) «абонент байланыс аясынан тыс жерде» дегенде бір апа, «келсе, мен соқты деп айта қоясыз ба?» депті деп еді;)
sammita
Осы жерде Ерлан Оспанның «Фэн-шуй» деген әңгімесін жаза кетсем деп ем.
Жәми жиырма жыл бойы қалыптасқан әдетінше, бастығының есігін аша сала, бөлменің оң жақ бұрышында отыратын бастығының алдына барып, амандық-саулық сұрасып, қолын соза берген де барып бір-ақ байқады — қарсы алдында ешкім жоқ! Ешкім түгілі ештеңе жоқ — отырғыш та, телефон да, үстел компьютермен қоса ғайып болыпты! Абдырап, созған қолын кері алып, шығуға беттегені сол-ақ еді, «мен мұндамын!» деді бастығы ту сыртынан. Сөйтсе — бастығы бөлменің сол жақ бұрышына көшіп алыпты.
— Оу, басеке, көшіп алыпсыз ғой, жаңа қонысыңыз құтты болсын! — дей берді Жәми еріксіз.
— Айтсын, Жәмеке! — деді бастығы. Алайда неге екені белгісіз, осы жауабының соңына күбірлеп ішінен тағы бірдеңе қосып айтты.
— Басеке, сол баяғы қағаздармен жүргенім ғой, қол қойып берсеңіз, а? — деді Жәми.
— Жәмеке, Сіз дегенде жань бар ма, әкеліңіз әрине — деді бастығы. «Жань дегені несі? Әлде тісін суыртқан болар» деп күдіктенді Жәми. Көңіл-күйі барында басқа да шаруасын бітіріп алмақ болып:
— Басеке, тракторды екі күнге ала тұрайыншы, сарайымды бітіріп алайын деп едім — деді.
— Ия, иянь, ала ғой — деді бастығы міз бақпастан, мұның әкелген қағаздарын ақтарып отырып. «Әнеки тағы да — «иянь» дей ме өзі? ИЯ дегені ме әлде?».
Бастық қағаздарды қарап болғанша Жәми бөлмеде тағы не өзгерді екен деп қарайлай бастады. Баяғы трактордың макетінің орнына боққарын бір кісінің мүсіні жайғасып алыпты. Аквариумның түбіндегі айқұлақтың орнында аузына темір теңге тістеген үш құрбақа тұр. Басқа ешқандай өзгеріс жоқ сияқты… Жо-жоқ, бар екен! Мәссаған, бастық… сол қолымен қол қойып жатыр, ал керек болса!
— Басеке, солақай боп кеткенсіз бе өзі? — деп қалды Жәми, таңқалысын жасыра алмай.
— Несі бар? — деді бастығы міз бақпастан.
— Жоға ештеңе емес, тек жиырма жыл бойы ана қолыңызға үйреніп қалғасын ғой, қызық екен… — дей берді Жәми ұялып.
— Ендеше қолтаңбамның нобайы да өзгерді, үйрене бер осы бастан! — деді бастығы кекетіп. Сөйтті де, қол қойылған қағаздарды біртіндеп бере бастады. Жәми қағазды алып, бірден қол қоятын орынды қарап еді, о тоба — баяғы жиырма жылдан бергі, өз құйрығын өзі тістемек болып жатқан жыланның ирелеңіне ұқсайтын қолтаңбасының орнына үшбұрыш тектес фигура салып қойыпты! Үшбұрыштың ортасында сызықтар бар екен, олар адамның нобайына ұқсайды. Құдды бір қолдарымен үшбұрыштың қабырғаларын керіп тұрғандай. Адам нобайының бұтының шамасында жарты ай тектес доғал сызық және бар екен.
— Басеке, қолтаңбаңызды өзгерткенсіз бе? — дей берді Жәми сасқаннан.
— Ия, иянь, өзгерттім. Жақсы, бара қойыңыз! — деді басеке. «Әнеки, тағы иянь дей ме, не боп кеткен өзі?»…
Таң-тамаша болып шыққан Жәми сыртта отырған хатшы қыздан «басекеңе не болған?» деп сұрады. Хатшы қыз:
— Шеф қазір — Фэнь-шуймен айналысады! — деді де қойды.
— О не пәле тағы?
— Ол — дұрыс өмір сүру, қытайлық ағым сондай! — деді. Тамсанып айтқанына қарап, Жәми хатшы қыздың да «фэнь-шуй» екенін шырамытты. «Астапыралла, Алладан медет сұрап, Ол сендерге бермеп пе еді немене?» деп іштен кейіген Жәми сыртқа шыға жөнелді…
kerim
Айна туралы көп қой қазақта да…