28 түн ұйықтамасаңыз не болады?


Не залеживайся, если не можешь делать деньги в постели. Джордж Бернс
Алғысөз. Тәулігіне үш-төрт сағаттан ұйықтап жүргеніме бейсенбіде бір апта болады. “Қара қазан, сары баланың” қамы үшін ғой баяғы. Кеңседе қонай-түней, жыбыр-жыбыр бітпейтін тірлік жасап жатырмыз. Ұйқы қанбаған деген жаман нәрсе екен.
Ара-арасында  анау-мынау жаңалықтарды қарап отырып, ұйқы, нақтырақ айтсақ, ұйқының жоқтығы жайлы қызық жазбалар көрдім. Солардың басын қосып, Сіздерге бір пост жазып отырмын. Терілмей қалған, түсіп қалған әріптер болса, пардон, ұйқым кеп отыр…
Негізгі мәтін. 1965 жылы Рэнди Гарднер есімді мектеп оқушысы ұйықтамай қанша уақыт жүре алатындығын тексермек болып, эксперимент жасайды. Нәтижесінде ол 11 күнді көз ілмей өткізеді (бұл үшін Рэндидің көрсеткіші Гиннестің рекордтар кітабына енген). Жақында бұл рекорд жаңартылды деген мәлімет жарық көрген болатын, алайда денсаулыққа зиян келтіреді деген себеппен аталған категорияның (ұйықтамай жүру рекорды) алынып тасталуына байланысты, бұл көрсеткіш тіркелмепті. Қаңқу сөзге сенсек, ұйқысыз өткен ең ұзақ мерзім – 28 күн.
Ұйқысыз өткен күндері Рэнди қандай күйде болды? Ол алғашында өте қатты шаршаған сезімде болған, жүйкесі жұқарып, сіркесі су көтермей қалған. Бесінші күні Альцгеймер ауруына тән симптомдар байқала бастаған. Бұдан кейін оның көзіне түрлі нәрселер елестеп (галлюцинациялар), паранойя тіркелген. Ол жол белгісі бағанын адам деп санап, радиостансаның жүргізушісі өзін өлтірмекші болып жатыр деп қорыққан.
Бұдан соң, Рэндидің қозғаушы қызметтері (моторные функции) сыр беріп, саусақтары селкілдеп, тілі күрмелген, оқушы қарапайым арифметикалық есептеулерді шығара алмай, есептің мақсатын ұмытып қала берген.
Эксперимент соңында Рэнди 14 сағат ұйықтап, тағы бір тәулік ояу жүріп, тағы 8 сағатқа Морфейдің құшағына кеткен. Осыдан соң барып оның ұйқы тәртібі ретке келіпті.
Бұл жасөсіпірімді мұндай қадамға өз еркімен барды десек, кейбіреулер шын мәнінде ұйқысыздық салдарынан азап көріп жатады. Fatal Familial Insomnia деп аталатын, сирек кездесетін генетикалық ауру ақыры өлімге алып келеді. Ол, әдетте, адамның есею кезеңінде бас көтеріп, қарапайым ұйқысыздықтан бұлшық еттерінің құрысуына, психозға ұласады, аурудың соңғы мерзімінде адам комаға түседі де о дүниелік болады. Тұқым қуалайтын бұл ауру кесел болып жабысқан жанға сұмдық азап әкеледі дейді.
Ғалымдар ұйқының аз да болса қанбауы адамның ділдік, ми қызметтеріне де айтарлықтай жағымсыз ықпал етеді деген тұжырымға келіп отыр. Мәселен, ұйқының қанбауы қалыпты болып саналатын және миға күш түсетін жұмыстар атқарылатын (сапта жүру немесе автомат тазалау емес, ракета-космостық бөлімдерде немесе  ӘҚҚ (ПВО) нысандарында жасалатын жұмыс) әскерде аталған проблема бар және медицина мамандарының бас ауруына айналғанға ұқсайды.
Ұйқысыз өткен бір түн ақпаратты өңдеу қызметін 30 пайызға әлсіретеді. Ал екі түн қатарынан ұйықтамаған адамның ақпарат қабылдау қабілеті 60 пайызға әлсірейді. Бес күн бойы тәулігіне алты сағаттан кем ұйықтаған жан екі күн бойы ұйықтамаған адамның жағдайына түседі. Осының кесірінен, түрлі салада қып-қызыл ақшаға келген, удай қымбат құрылғылар бұзылып жатады дейді білетіндер.
Жұмыстан мұрныңызға су кетіп, дәретханаға баратын уақыт таппай жүрсеңіз, нәтижесінде компьютердің алдында ұйқы қысып бара жатса, дүние өртеніп кетсе де, жұдырығыңызды жастанып 15 минутқа мызғып алсаңыз, әжептеуір күш жинап қаласыз. “ Штирлиц әдісі” деп аталытынын осының бір жерден оқып едім.
Ұйқыларыңыз тыныш болсын…Шымылдық.

Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/01/31/28-%d1%82%d2%af%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%81%d0%b0%d2%a3%d1%8b%d0%b7-%d0%bd%d0%b5-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d0%b4%d1%8b/
Бөлісу:

31 пікір

Abilakim
Мен ұйқы қысса түскі үзіліс кезінде кабинеттегі көне диванда мызғып алатынмын.Жақында кабинетімде көрші пайда болды. Енді ұйықтай алмай жүрмін.
Негізі мен ұйқыға сергекпін.Ұйықтап жатып та тықыр-сыбырларды естіп шаршап оянатын кездерім жиі болады.
Әскерден келген жылдары түні бойы қыдырып, таңертеңгі салқынмен «косилкамен» шөп шауып, кешкі салқында және соны қайталап, түнде тағы кететінмін қаңғырып.Төртінші күні шөп шауып келе жатып артыма қарасам қисық-қисық қылып шауып келе жатыр екенмін.Қой деп, сол жерде тракторды сөндіріп ұйықтап алдым.
alisha
негізі сол түс кезіндегі 20-30 минут мызғып алудың ағзаға берер пайдасы қалыпты 8 сағат ұйқыға пара-пар екен, осындай ақпаратты бір жерден көзімнің шалғаны бар…
Nurgisa
Бойдақ күнімізде шабашкілетіп аударма алатынбыз. Түнделетіп, ұйықтамай жасап шығу керек. Артынша тағы бір заказ. Солай жалғасып кете берсе, азарт оянып, ұйқы жайына қалушы еді. Бірақ кейін денең тыңдамай, ырқыңа бағынбай, түсінуге келмейтін метаморфозалар орын алатын.

Ал әлгі түс уақтындағы "құс ұйқының" пайдасы шынымен ересен.
qisyq
Сол ғой сол менде де…
Nurgisa
Оны бірден ұққансыдым ғой. Ісіңе береке берсін, бауырым! :) Миссияңды абыроймен атқарғайсың!
sammita
мені дәл осы мәселе мазалап жүр соңғы уақытта. Мүмкін ойдан болар. Бұрын түнде 11-12-де жатып ұйқымды толық қандырмасам күні бойы сүлесоқ жүретінмін, түсте кабинетте мызғып алам көбіне. Қазір көбіне бірнеше күн демалыс болса, сенбі-жексенбі күндері сәл кешірек оянатын болған соң шығар, ұйқым ауысып кетеді. Таңғы 4-5-ке дейін мүлдем көз іле алмаймын. Кейде аптасына 2 тәулікке дейін ұйқысыз кәдімгідей жүре берем. Денсаулыққа зиян екенін білем, дәрі ішкім келмейді, арыла алмай қойдым осыдан. Қысқасы түні бойы "қоян мен қой санап" шаршап жүрмін, кеңестерің болса лақтырыңдар жолдастар:)
Nurgisa
Күйеуге шық.
sammita
мәселемнің мәнісі аз жұмыс істеуден я болмаса күні бойы шаршамай ерігіп "ұйқысызсырап" жүр дегеннен болсаңыз, қателестіңіз Нұрғиса:)
alisha
негізі адам неғұрылым кеш жатса, соғұрылым ұйқысы қанық болады, парадокс)))
Abilakim
Күйеуі бар адамға «күйеуге шық» дегеніміз қызық болды-ау…
сен сағатыңды екі-үш сағатқа артқа қой…
Сенбі-жексенбі көп ұйықтамауға тырыс…
sammita
сағатымды біреу артқа шегіндіріп қоймаса, өзім іштей біліп отырам да әлгіге сенбей тұрам ғой. Қысқасы дәрі ішу керек болды не жатарда жылы сүтке бал қосып ішсе, ұйқыны тыныштандырып жақсы әсер береді деген кеңесті жасап көру керек шығар.
asaubota
1-2 пибі ішсең майыстырып, ұйықтатып тастайды
sammita
азанда басың ауырады одан))
asaubota
секспен айналысқан дұрыс басым ауырмасын десең.
Abilakim
Микеланджело әр 4 сағат сайын секспен айналысып артынан 15 минут ұйықтап алатын болыпты
asaubota
шам ұстап тұрдың ба не?
Abilakim
алатын болыпты-деген сөзге үңіл.Леанардоны тербетіп отырдың ба деп сұрағанымыз жоқ қой)))
Abilakim
Кешірімді болғаныма қуан)))Кешірмесем кіре алмай қалармыз мына жерге
sammita
кешірімді боқтап сұрайды біздің Аршат))
Nurgisa
Кешір, Әбіл дегісі келіп еді, меніңше
sammita
;)) Нұрғиса келсе, әлгі жас балалардың ойынын бұзып жіберетін бір есі дұрыстау балдар болады ғой, уот соған ұқсап кетеді)
sammita
шссс демекші, Ауылда біреуді боқтап қойған ғой (туыстық қатынасы боқтауға право бермейтін). Қаумалап айыптыны кешірім сұратуға апарғанда айтқаны: «Кешір-ей, шешесс».
qisyq
— Мә, шсс!!!
— Ә, шсс…
— Е, қойыңдар, шссс!!!
Abilakim
шсс, демейікші шсс-дейтіндерде бар)))
asaubota
Леонардо да Винчи әр 4 сағаттан кейін 15 минут ұйықтап алатын болған. солай жүре берген.
Nurgisa
Құдды бір қалтафон сияқты десейші :))) О кезде қайбір қалтафон болсын, кірпіш шығар да…
Altygradus
ұйқы кезінде адамның бүкіл жүйесі рестарт жасайды ғой. 10 күн ұйқтамаса адам өледі. ана 28 деген асыра сілтеулік сияқты:)