Жиналыс жабдықтары. Сатқын флэштер.

Ертеректе, плазмалық панельдер сән мен мекеменің кемелінің көрсеткіші болғанда, бір емес, екі плазмалық панель алдық қой барып.
Біреуі әп-сәтте-ақ басшының кабинетіне жол тартты; ал екіншісін, нақ сол басшымыз аз-мұз ойланып тұрып: «программисттерге беріңдер, керегіне жаратсын!» деп әмір берді. Бұл жерде, әкімшілік әмірдің райын түсінетін адам, «керегіне жаратсын» деген сөзден — рақатын көрсін дегенді емес, осы мекеменің игілігіне жаратсын деген мессежді ұғуы керек.
"Қайда тығам? Оқытушылар бөлмесінде оқу материалдарын қарайтын видеокешен қылғым келді. Ой, қызық емес" Сабақ кестесін көрсетіп тұратын болса дедім бір кезде. Бірақ, 30 топтың барлығын кезекпен айналдырып көрсеткенше, онсызда асығыс-үсігіс студенттер қиратып кетер деп қорықтым. Ақыры не керек«жүгірме жол ұйымдастыруды шештім. Яғни қоңырау кезінде, радиодан құттықтау айтылады, ал панельден туылған күн иесінің суреті мен, астында құттықтау сөз жүгіретін болса деп ойладым. Шешілді-бітті: төрт күннің ішінде панельдің бетін компьютерден басқаратын программа жазып шықтым. Бұл бір жаңалық болды-ей: кейін туылған күннен басқа, хабарландыруларға да пайдалана бастадық. Бір шикіөкпе, талабы бар студентті алып, хабарландыруға жауапты қылып, отырғызып қойдым.
X күні. Дәлірек — xxx күні
Дәріс оқып жатқам. Тіл-құлақтан айрылған вахтер жетіп келді. „Анда“ Бізде» Төменде"" дейді кемсеңдеп.
Барсам" Бәлкім, сол жерде тышқан жүгіріп бара жатса, артынан ере жүгіріп, кірген тесігіне мен де кіріп кетер ме едім"
Не бетімді айтайын: плазмалық панельде кәдімгі классикалық, неміс үлгісіндегі порнофильм көрсетіліп жатыр!
Өкпемді қолыма алып жүгіріп, басқару кешені орналасқан бөлмені ашып қалмаймын ба? Онда құлағына құлаққап киіп алып, дүниені ұмытқан студент мәтін теріп отыр"
Сүйтсем, оқиға желісі шамамен былай өрбіген. Біреу біздің байғұсқа «мына екі бетті теріп, мынаған көшіріп берш» деп, флэш береді. Бұл келіп, флэшті компьютерге тығып қояды да, өзі мәтінді тере бастайды. Жадыда жалпыадамзаттық құндылыққа ие файлдардан басқа, порнофильмдер де жатқанға ұқсайды. Қағылез Winamp видеофайлды автоматты түрде ойнатып кеп жібергенге ұқсайды.
Кейін мұндай курьездар көптеп кездесті ғой. Слайд әкелінген флэштерді салып қалғанда,
үлде мен бүлдеге оранған баяндамашы қыздың, үйінде баналды халат-тәпішкімен жүргенін де көрдік. Сиырдан салмақты ағайлардың туылған күн кешінде бақырып ән айтып отырғанын да көрдік.
Түйін біреу: флэштің мазмұнын жеті мәрте қарап алып, бір рет сал!



Мақала сілтемесі: http://xattama.wordpress.com/2011/01/30/hardware/
Бөлісу:

21 пікір

sammita
:))) «флешка бар ма?» деп үнемі сұрап жүретіндерге таң қалам. Бір рет ақшасын қиып сатып алса болады ғой, әйтеуір керек дүние. Мақұл, алсын да, пыросты ішіндегі жеке құжаттарды да өзіне түсіріп алатынын қайтерсің. Сондықтан, үнемі флешканы бос ұстауға не тығып отыруға тура келеді.
alisha
флешканы өз басым тек ақпарат тасымалдау мақсатында ғана қолданамын…
sammita
бәріміз сол мақсатта пайдаланатын шығармыз.
alisha
ия, сақтаудың салдары сіз айтқандай болса, тәуекелге бас тігудің қажеті жоқ.
Abilakim
2 гигтен асатын флешка алып көрмеппін. Істен шығып қалса деген арам ойдан болар бәлкім…
alisha
маған тартқан екенсің;)
Abilakim
Енді, мен сенің Қарағандыдағы ағаңмын ғой))) Сенің маған тартқан екеніңді ұмытып қала беретінің ай…
alisha
ағамнан айналдым;) енді есімнен шығармаспын;)))
asaubota
«Эскизы страниц» режимінде ашылып қалып жатса, папкаларға сақтап қойған "құнды" видеоларың көрініп қалуы да мүмкін. Дабай болыңдар ой тойыс абай болыңдар обшым :)
sammita
общым сенім жоқ, флешкаға. Айтпақшы Аршат, сенен қулық артылған ба, флешка сұрай беретін адамдарға не жауап айтса болады. (Агентке үңілетіндерге қарсы әлгі бір оң айлаң күшті еді:)
asaubota
флешка жоқ дим просто :)
sammita
сосын өз-өзіңнен қуыстанып, күні бойы әлгіңді тығып әуре боласың. Көріп қойса общым ұят. Босатып жүрген дұрыс шығар негізі, флешканы.
omarbirat
Сұраған адам антивирусты не үшін қолданатынын білетін біреу болмаса, ішіне вирус кіріп кеткен де :)
asaubota
аха, вирус бар ед десең де болады
omarbirat
Ондай видеоларды толық метражды фильмдер болмаса, архивтеп тастау керек шығар.
asaubota
тәжірибелі адамның сөздері :) тек ана шығар деген сөзің артықтау ма деймін құрдас?
omarbirat
Архивтеу флешканың иесінің шешіміне байланысты болғасын, «шығар» деп жазып едім :)
asaubota
:) ал жалпы дұрыс негізі, архивтеп тастау керек :)
sammita
суырып алатындарға жыным келеді, қажетіне жаратып қана қоймай, флещкаңнан бәрін өзіне көшіріп алады.
omarbirat
Аса құпия нәрселерді архивтеп, пароль қойып таста