Мың бала. Жоңғарлармен соғыс жайында тағы бір кинотуынды.
Жоңғарларға қарсы соғысты Ұлы Отан Соғысы деп атасақ — қате айтқандық болмас. Өйткені, бірнеше жүз жылға созылған жоңғарларға қарсы күрес ақырынды біздің жеңіспен аяқталып еді ғой. Қаншама адам мерт болды, қаншама мал-жан қырылды — бұл тек Құдайға ғана мәлім. Экономика мен нарықтың заманы болса, кеткен шығындардың мөлшері бірнеше «алты нөлдің» долларымен көрсетілер еді :)
Қазақфильм бір жобаны қолға алыпты. «Мың бала» деп аталатын кинотуынды қазіргі қазақ киносындағы ең ірі тарихи жоба болғалы отыр. Қалай дегенмен де, киностудия таратқан ақпарат осылай дейді. Былтыр еліміздің барлық облыс орталықтарында киноға кастинг жарияланып, сол кезде өмір сүрген адамдарға келбеті сай келетін жастар іріктеліп алынды. "Алаш айнасы" таратқан ақпаратқа сілтеме жасасақ,
«Мың бала» – бұғанасы қатпай жатқанына қарамастан, ел шетіне келген жау жоңғарларға тойтарыс беруге ұмтылған намысшыл жеткіншектер жайлы оқиға.
Тарихи драманың режиссері аса құрметті Ахан Сатаев! Оның шебер қолынан шыққан дүниелер қашан да сәттілік пен жетістікке жететінін ескерсек, бұл кино «Көшпенділердің» күйін кешпейтіндігіне сенім артуға болады.
Ақпарат құралдары таратқан деректер, сюжет болған оқиғаға негізделгенін алға тартады. Мың бала-жауынгерден құралған жасақ туралы өз басым естімеппін. Сондықтан, киноға арқау болған оқиғаның қаншалықты шындыққа жанасатынын айта алмаймын. Ал, отансүйгіштік рухты оятатын, үлгі-өнеге беретін, ата-баба өмір сүрген заманды көз алдымызға әкелетін әдемі картина деп қарастырсақ — үйдегі жеке киноқордың төрінен орын алады деп сенемін. Алдын ала тон пішпей-ақ қоялық, бірақ идеясы жақсы.
Кино прокатқа қашан шығатынын таба алмадым. Қазір түсіріліп жатқан болу керек.
:-( ақапар көзі