"Сенің мұндай ит боларыңды күшік кезіңде біліп ем!..."



Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса «оқып» шыққандай күй кешесің. Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің "Үйлену" комедиясын оқып шықтым.

Зал қыран-топан күлкіге айналды.

Негізі осымен де рецензияны бітіруге болар еді, алайда өз әсерімді, ойға түйгеніміді айта кетейін.
Ең бірінші, актерлер жайлы. Керемет таңдалған актерлер тобы. Әсіресе, өзімнің сүйікті артисім Жандарбек Садырбеков сомдаған Анучкиннң рөлі ұнады. Сондай-ақ басты рөлдегі Агафушканың (атын біле алмадым сүйкімді актрисаның), Дулыға Ақмолданың сомдауындағы Кочкарев, Асылбек Боранбайдың сомдауындағы Подколесин — тамаша сомдалған рөлдер.

Режиссердің постановкасы-ғажап. Жоғарғы бағалауларға тұрарлық. Сахнаны пайдалануы, декорациясы мен актерлер киімдері, бәрі-бәрі өз орнында, идеалды түрде болды.

Ал актерлер ойыны: Анучкиннің арақ ішкендегі қимылдары, Жевакиннің (Б.Қожа) биі, Дуняшаның қонақтарды күтіп алуы, Агафушканың күлкісі-еріксіз өзіңді күлдіреді.

Жалпы пьесаның тақырыбы-үйлену. Оған адамдардың көзқарасы, қорқынышы, күдіктері. «Оның машақаты неткен көп. Алдымен шіркеуге бару керек. Сосын ұл бала, кейін қыз бала туады. Оларды тәрбиелеу керек. Қызды құтты жерге отырғызу керек. Ал егер оны кейін күйеуі күн сайын тоқпақтап отырса, міне сосын дүниенің соры болады...» деп ойлайды "қорқақтың" бірі Агафья Тихоновна.

Ал «күйеу жігіт» Поколесин болса досы Кочкаревқа: «Олар менің мазамды алады ғой. Маған жұмыс істеу үшін тыныштық керек қой...» деп "қиналады". Мың толғаныс пен "қиналыстан" кейін соңында ол «ешкі күйеу» болып ақыр аяғы терезеден секіріп кетеді.

Актерлердің шебер ойыны мен қызықты диалогтар комедияға нәр беріп, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Бөлісу:

22 пікір

monti
Әуезовта болд па?

темаға қатсы жоқ сұрақ ;) Б.Атабаевтың театры қайда орналасқан? репертуарларын қайдан көруге болад? сұхбаттары кермет. театрн көргім келед :)
aizhan
иә, Әуезовте;
Атабаевтың театры сол Әуезовтың кіші залында болуы керек. Олар жиі бермейді қойылымдарды, демеушілері жоқ болып, қазірше театр жұмысын тоқтатқанға көпрінеді. Сұрастырып көріңіз, мүмкін әлі де жұмыс істейтін шығар)
saken
Б.Атабаевтың театры қайда орналасқан?
қателеспесем Б. Атабаев неміс театрының басшысы емес пе еді. Алматыдағы неміс театры Сәтбаев көшесімен Қатаев (бұрынғы 16-шы сызық (линия деген солай аударылатын шығар))көшесінің қиылысында орналасқан.
sammita
маған мынаны түсіндіріп жіберсеңіз;)
«Осы жолы театр сахнасынан мен Гогольдің „Үйлену“ комедиясын оқып шықтым.»
asaubota
Театр деген керемет қой… Түгелдей бір роман не пьеса оқып шыққандай күй кешесің

деп жазылып тұр ғой басында.
aizhan
басында айтып кеткендей, театрға барғаннан кейін, мен бір пьеса не роман оқып шыққандай әсерде боламын. Соны әшейін көрдім емес, оқып шықтым деп жазғаным ғой, тырнақшаға алуды ұмытып кетіппін;) рахмет ескертпеңізге)
omarbirat
Кочкарев Дулыға Ақмолданың рөлінде, Подколесин Асылбек Боранбайдың рөлінде

Актерлер мен кейіпкерлердің орындары ауысып кеткенге ұқсайды :)
Abilakim
мен де соны меңзегелі отыр ем… Асылбек Боранбайдың театрда қалай ойнайтынын білмеймін бірақ «Тамашадағы» рөлдері ұнамайды
omarbirat
Бұрын ТТТ-да «Я, я, я, небульди» деп жүргенде жақсы ойнайтын еді. Қазіргі ойындары маған да ұнамайды.
asaubota
өзін мықты ойнаймын деп ойлайды бірақ :)
Abilakim
Асылбекке блог ашып берш, айтып-айтып тастайық
aizhan
ммм...қойыңдаршы енді… жап-жақсы-ақ ойнайды ғой;)
saken
кезінде Ақтөбе-Алматы пойызында жолсерік болып қызмет еткен ғой. Сол жақтан Құдайберген Сұлтанбаев көріп қалып «Тамашаға» шақырған екен.
Кәсіби білімі жоқ актер болуы керек.
Арал жақтың жігіті.
Zilola
еее бәсе, айттым ғо
өнерге бас жіпсіз кіріп кеткен чел
деп
aizhan
театрда ойнағаны маған ұнады, тек кей тұстарында тым айқайлап кететіні болмаса)
Gulistan
«Маған да ұнамайды» деп осы жерде қыстырыла кетейін. «Пай пай шоуы» да қызық емес.
Zilola
Асылбектің той жүргізгені де оңып тұрған жоқ, уопшым өнерге бас жіпсіз кіріп кеткен чел
Abilakim
мен тәрізді екен ғой)))Бас жіпсіз кіргенін айтам)))
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 12:49
saken
)))
Баспақтар кілең )))
aizhan
ммм… расында)))) қатты әсерленіп кеткенмін ғой:)) рахмет…
saken
рөлінде емес орындауында деп жазғысы келген болар автор.
patick
Сенің мұндай ит боларыңды білгенде, күшік кезіңде атып тастайтын едім.