Автомобиль жылдымдығын жақсы көрушілерге

Мына видеоны көрген соң көлікті жылдам айдау былай тұрсын, көлік айдағым да келмей қалды.

Автомобиль апатынан жылына Қытайда-98470, Үндістанда-94970, АҚШта-43440, Бразилия мен Россияда-34000нан адам көз жұмады екен.

Осыдан біршама уақыт бұрын өз нағашым көлік апатына ұшырады. Үлкен жолдың бойында 160км/сағ жылдамдықпен келе жатып астындағы көлігі қотырдан секірген. Сол кезде нағашым көліктің есігін өзін-өзі ашып сыртқа лақтырған. Машина жол жағасына тұмсығымен түсіп, рөлде отырған досы сол мезетте қайтыс болды.



Ойлан! Біреудің обалына қалып жүрме!
Бөлісу:

2 пікір

bazuka
ауруханада жұмыс жасап жүргенде аптасына екі-үш рет жол апатынан зардап шеккендерді әкелетін. жедел жәрдем көліктеріне жауап беретіндіктен ең бірінші мен еститінмін, жұмыс уақытында болса ештеме емес ғой, түннің ішінде естіп жаман болып дым юхтамай шығатынмын. Інімнің машинасына өлсемде отырмаймын ұшады да жүреді, қанша айтсақ та қоймайды жылдамдықтың не құдіреті бар а?
Zilola
соңғы кездері машинаға фобия пайда болды.