ИМХО - қазақша қалай болады?

Админнің бөлмесі: ИМХО - қазақша қалай болады?Осы көп жерде пікір жазғанда «менің ойымша», «жеке пікірім» деп жатамыз. ал интернетте адамдар бұрыннан бері мұндай жағдай үшін ИМХОны қолданады ғой.
Басында ағылшынша In My Humble Opinion (IMHO) болған, кейін орыстар түрлендіріп кетті бұл сөзді:

  • Имею Мнение, Хоть и Ошибочное
  • Имею/Индивидуальное/Истинное Мнение — Хрен Оспоришь/Откажусь
  • Индивидуальное Мнение Хозяина Ответа
  • Имею Мнение, Хочу Озвучить/Отметить/Ответить

Осыған қазақша сөйлем жазып көрейік. Болмаса осыған ұқсас басқа аббревиатура. Сосын соны мем қылып қалыптастырып кетеміз.
Бөлісу:

55 пікір

qisyq
Игі Мінездімін, Хой Ойлымын:))))))
qisyq
Игі Мінездімін, Хош Ойлымын:))))))
qisyq
МӨП — Менің Өз Пікірім
kuat
осы келед сияқты
Zere
Сөйлем басында, МО деп жазып бастауға болады, яғни Менің ойымша. )
bambad
Кейбір құжатнамашылар МО-ны «мөр орны» деп ойлап жүрмейді ме?
asaubota
Иемін Мен Халық Ойына :)
Nurgisa
иесі мен, халал ойым
asaubota
И мен Х әріптері проблема бола ма деп ойлап едім, жоқ, біраз сөздер туындап жатыр.

Иесімін Мен Хас Ойдың
Иемін Мен Хош Ойға
nurbergen_makym
Игерілетін мысал — хаттап отыр.
nurbergen_makym
Иесі Мен — Хұснихаттай Ойым
alisha
Ішкі Мендік Негізгі Ой )))
Nurgisa
О, алиша, күшті бір нұсқау екен мұның. Өзге траекториядан көру :)

Олай болса:

Ілкіндегі менің нақты ойым
alisha
мынау да жақсы екен!
TERISKEI
alisha,Ішкі Мендік Негізгі Ой ))) дегенің тамаша екен!!!
omarbirat
Игі мақсатпен хаттаған ойым

немесе

Ішкіш, Маскүнем, Нашақордың Ойы :)
alisha
екінші нұсқаңыз Сатекске персонально арналып жазылса керек-ті /молаға қарай жүгіріп бара жатқан сымайылшық/
omarbirat
Бұл — көңілдеріңе тиіп кетіп жатса, «ақымақтың сандырағы» деп қабылдарсыздар деп басқаларға ескертудің бір нұсқасы ғана ғой.

Әйтпесе, "Ішімдегі МЕНнің нақты ойы" деген де басқа бір нұсқа шығып жатыр.
alisha
ия, бірінші Мендік деп жазғам негізі))
asaubota
керемет! ИМХОны латыншасымен де жаза беруге болады екен ғой ІМНО деп
asaubota
обшым енді Имхо немесе Імно деп жаза беруге болатын сияқты ғой
Gastarbaiter
Қиналып бара жатсаң ЖО- жеке ойым, МО- менің ойымша, дегендер табиғи естіледі. «МЕНШЕ» десең де ешкім келіп бұтағыңнан дарға асып қоймайды.
Gastarbaiter
Былайынша сондай қысқартпалар ағылшынның бизнес хаттарындағы ұзыннан шұбақ кіріспе сөздер мен "ғафу етсеңіз" деген сияқты сыпайылықтарды қысқарту үшін арналған. АСАП — Мүмкіндігінше тез дегенді білдіреді. Біздің тілдік жүйемізге түк жараспайтын құбылысты әкеп жабыстыра бергенмен сіңбейді, әсіресе өстіп талқылаған кезде локальды форсед мем боп қалады.

Сәтті мемдер абсурдтылау және басқа тілден аударылмағандары жақсы.
«Бұттан кетті.» /тағы басқа түрлі варианттары, балақтан, дамбалдан, көзден,)мықты мысал. Және еш тілден тіке аударылмаған.
bazuka
бұрын Solai.de сайтында Сымбаттын қолтаңбасында жеке ойым деп жазып қояғаны бар еді ғой. Гастамен келісемін осы ЖО дұрыс нұсқа сияқты.
sammita
мен қалып кетіппін:))
Іштей мақұлдаған нұсқалық ойым.
Ізгі мақсаттағы нақты ойым.
Onlasyn
ЖП — жеке пікірімю Қысқа әрі нұсқа
Abilakim
МОМП-менің ойым-менің пікірім
KILYZAMAN
ҚБПӨ — қате болсада пікір өзімдікі
Onlasyn
Бұл нұсқаңыз күрделілеу болып кетпей ме?
Abilakim
Ол кісінің өзі күрделі тұлға ғой
KILYZAMAN
ҚШМА — "Қате шығар, мен айттым" болсаше?
meirzhan
Бұл аббревитатура "қышыма" деген сөзге ұқсап кетіп, тілдесуші тарапынан негативті эмоция тудырады деген қауіп жоқ емес.
KILYZAMAN
МАҚШ — Мен айттым қате шығар
KILYZAMAN
МОҚШ — Менің ойым қате шығар
meirzhan
Алдын-ала өз сөздеріне сенімсіздікпен қарау.
KILYZAMAN
МОҚШ ал ИМХОдан қандай сенімділік көріп тұрсың?
meirzhan
ИМХО — деген «бұл менің ойым, қабылдамасаңыз да өзіңіз біліңіз» деген сияқты.
KILYZAMAN
МОҚШ — қабылдамасаңыз өз еркіңіз…
qisyq
Құрметті, Қилызаман аға, Сіздің нұсқаларға деген өзімнің терең ықыласымды білдіре отырып, "ҚШМА, бла-бла-бла" немесе "ҚБПӨ, бла-бла-бла" деп отыру бәлендей бір ыңғайлы емес деген пікірімді айтқым келеді. Қазақ деген қашанда сөз атаулыны жұмырландырып, төрт жағын теңдей қылып, тең бастырған ғой, осы себепті ИМХО деген халықаралық сөзді қалдырып, көп қиналмасақ деген ұсынысым бар.
KILYZAMAN
МОҚШ, ИМХОлатып жүріп тағы талай бәлеге көз ашамыз деген қауіп бар…
asaubota
сол ИМХО болып қалатын сияқты еді ғой, солай шешкендей едік.
Aqiqat
ИМХО — Игерсең Менің Хабарламам Осы
qisyq
ИМХО — Ит, Мысық — Хайуандар Осылар
kuniqumar
Негізі, осылай «менің ойым» деп жазудың қажеті қанша дим да?
Өзіңнің ойыңды жазбағанда енді кімнің ойын жазасың???
Ал егер өзге біреудің ойын жазып отырған болсаң, соңына сол адамның атын жазасың емес пе?
Abilakim
Менің көздерім сіздің аузыңыздан шыққан ақиқатты оқып отыр
Gulistan
Мына тақырыпты бұрын қалай байқамағам, біраз күліп алдым.
Rafaello
ИМХО деп жазып жүрген ешкімді көрмедім Керекте
asaubota
небір варианттар ұсынылыпты ғой
asaubota
нақты шешім болмады ма сонымен?
Zhan
Неге екенін білмеймін, осы «имхо» сөзін оқысам немесе бір жерден көзім шалып қалса, кісінеген жылқының үні есіме түседі. Сосын бұл сөзді алғаш рет осы «Керектен» білдім.
Соңғы түзету:
ken
Күңіқұмар айтыпты ғой нақтысын.
MERmukhanov
Имен менің хабар-ойымнан...)