«Қазақтар» кетті…

Давным-давно… Ну, как давно?! Вчераааа…

«Астана.кз»

— Ааа, нууу, поееехали!!!
— Че, тебе ехать пора уже?
— Да, мне ехать надо. Давайте.


«Казахи»



Бүгін Интернеттен өз елі сүйген, өзге елдер мойындаған «Қазақтар» КВН командасының мүшелері Нұржан Бейсенов пен Ярослав Мелехинның сұхбатын оқыдым. Алдында Розатайдың жазбасынан оқығандай, команданың бір топ белді ойыншыларының кететіні жайлы Тұрсынбек Қабатов әңгімелеп берген еді, енді, міне, тағы бір мұңға толы сұхбат алыныпты.

Соңғы финалда біздікілердің қандай ойын көрсеткенін көзіміз көрді. Қазақтар ғана емес, ТМД мемлекеттерінің өзге елдеріндегі КВН жанкүйерлерінің өзі интернет-сайттарда «өкінішті», «обал болды», «әділетсіз бағалау» дегенге саятын пікірілер айтып жатты. Youtube-тағы «Қазақтардың» ойыны бар видеолардың астындағы сөздерге қараңызшы, оң ниет танытқан тек қазақстандықтар ғана емес.
Арасында Гүлнәр бар біздің жігіттер 0,6 бал айырмашылықпен жеңілген кезде, біз болып, Сіз болып біраз мұңайған/жынданған/боқтаған/«әкеңдеген»/«шешеңдеген»/«анаңдаған» едік…

Әрине, «жас өспей ме, жарлы байымай ма» дейді, алда талай команда Жоғарғы Лигада ойнар, талай жеңілістер мен жеңістерге куә болармыз, алайда, әу баста, «Астана.кз» кезінде атағы шыққан «Қазақтардың» есімізде қалары сөзсіз-ау.



10 жылдың айналасында өзге жұртта, ойлы-қырлы жағдайда өнер көрсеткен ойыншылардың еңбегі жай ғана күлкі тудыратын әзіл мен езу тартатын қалжыңдардан жоғары тұр. Олардың сахнадан айтқан сөздері жеке мен үшін күнделікті өмірде айтылатын афоризмдерге айналып кетті. Олардың әндері менің сүйіп тыңдайтын, ешкімде қайталанбайтын әндер болды. Қылт етсе, қырылысып, бөліне қалатын қазақтілді және орыстілді орта, «Қазақтарға» келгенде бірігіп, бір пікір айтып жатты.



«Қазақтар», рахмет сендерге! Осыншама жыл әдемі ойын, әрлі өнер көрсеткендерің үшін… Ұлтты жат көздің алдында түсірмей, керісінше, жадыраңқы көңілдегі, дархан пейілді етіп көрсеткендерің үшін…

Тек шешем айтпақшы, «Құдай түбін берсін, әйтеуір»…

Пы.Сы. Жылап отырған жоқпын. Алдында жылап алғам.

Пы.Пы.Сы. Пафосқа тым беріліп кетсем, айып етпеңдер, шыным сол.

Пы.Пы.Пы. Сы. «Қазақтардың» жеке сайты не бір жерде интернет-беті бар ма осы? Мен көрмеппін. Соны бір жағына шығарса керім болар еді (қай жақта айтушы еді осылай).

Бет қатталып жатқанда. Өрімталдың блогынан «Қазақтардың» КиВиН-2011 Сочи фестивалында көрсеткен соңғы ойынын көре аласыздар.

Суреттер kvnru.ru және kvn.ru сайттарынан алынды.
Бөлісу:

15 пікір

asaubota
әрі қарай финал қууға енді желаниелері қалмаған шығар. рахмет Қазақтарға, бізді бірнеше жыл мәз қылғандарына. енді жаңа қазақтарды күтеміз…
qisyq
Үміттері тасқа шағылғандай болды ғой. Келесі команда осылардан артық болса деймін (дейміз):)
urimtal
блогымдағы видеоны сенің жазбаңның арасына қыстыра кету керек екен :)
Aikona
Шыныменде оқушы кезімнен білуші ем осы команданы. Өте жақсы еді. Рақмет бізді осыншама уақыт бізді күлкіге бөлеп келгендеріне. Әсіресе, Нұрдаааууулетттің қимыл қозғалысы, Дәуреннің қыз болып майысқаны, ана (атын ұмытып қалыппын)баланың апа болғандары қатты ұнаушы еді. :) КВНнен кеткендеріменде Қазақстандық шоубизнестен кетпейді ғой, сондықтанда болашақтада сахнада, телеарналарда болатын қызықты шоуларына сәттілік тілейік!!!
alisha
Дастан ғой
Aikona
иә, иә Дастан. Рақмет )))
alisha
Оқасы жоқ! Маған да ұнайды сол)
Abilakim
«Шатақханадан» көтерілген жігіттер еді. Қазақ КВН-іне айтарлықтай үлес қосты. Маған Тұрсынбек ұнамасада қалғандары ұнаушы еді. Нұрлан, Нұрдаааулет, Дастандар қандай ойыншылар шіркін…
alisha
Тұрынбек неге ұнамааайды??? Ойыны ма, өзі ме? Менің сіңлімнің тойын басқарды былтыр, сөзін сөйлеп болғаннан соң көздері жыпылық-жыпылық етіп, бұрышқа барып тұра қалады))) Кішкентай балалар сияқты сүп-сүйкімді)))
Abilakim
Өзі өзінен-өзі ұнамайды. сондай бола ма сендерде? Бір адам өзінен-өзі ұнамайды. Болды.Оған іш тарта алмайсың. инеттен бір анайы приколын коргенмін баяғыда, содан бері тіпті ұнамайды.Баріміз анайы қылжақ айтамыз ғой.Бірақ камера алдында қажет емес. Айтатын орыны, айтатын жері болады кейде ондайды.
alisha
Ондай көп болады менде де. Ұнамайды бітті! Менің ең жаман қасиетім — сол ұнамайтын адамның бетіне тіке қарай алмаймын, сөзін тыңдай алмаймын. Іші-бауырыма кіріп: "Қалайсың, денсаулығың қалай?" деп жатса да, жанарымды қадамай, жарға /жерге/ қарап отырып жауап беремін. Жаман қасиет! Өте!
sammita
кешірім сұрайтын видеосы ма;)
Zere
Мен ееең алғаш осылар танымал болмай тұрған уақыт — 2001 жылы Қазақша КВН-ге барып, ішім қатқанша күлгенім есімде. Кемпір болып ойнаған жігіт бірінші рет сол қойылымын қойған еді. Зал бәрі іштерін ұстап, жерде жатқан. Кейін барлық жерде көрсетіліп, қызық емес болып кетті ғой. Сол ойында олар бәрі әр қаладан, әр универден келген етін.
omarbirat
Сағынғанда ойындарын Youtube-тен көріп, мықты команда болып еді деп еске алып, Краснодардың «БАК-Соучастники» командасын іштей бір боқтап қойып отырамыз енді.
Zilola
Маған соңғы ойындағы орыстардың мәңгі өлмейтін темасы «теща» туралы приколы ұнады. Тұрсынбек қайта-қайта Қазақстанға кеткім келет те тұрады, бірәқ мен Орынборлықпын ғо дегені асобенны :) (Өзге ұлтқа жынымыз келсе, өзінің елін айтып жібереміз ғо, кет сонда деп. Мыс. Орысқа «кет Ресейіңе» деп, сол сияқт болт, ващще отпад!!!)