Фәни мен бақи

Ақтөбелік ақын Сәтжан Дәрібайдың «Фәни мен бақи» жыр жинағындағы осы өлеңі жақсы әсер қалдырды. Сонымен сіздердің назарларынызға ұсынып отырмын.



Маңдай
Қамшы сабы-өміріңнің өлшемі,
Қандай қысқа, қойған екен жарытпай…
Қуанар сәт-ғұмырдың бір бөлшегі
Арқалар мұң табыттай
Ертең-жұмбақ,
Оралмайды кешегі,
Жүрер жолын пенде өзі таңдай ма?!
Барлық тағдыр жазылыпты деседі
Жарты қарыс маңдайға

Қайдан келдім?
Бара жерім-ол анық,
Жауап таппай сенделеді санам аш.
Екі құлаш шүберекке оранып,
Аттанармын қара жерге жалаңаш.

Бары-осы,
Бұл-өмірдің шындығы,
Ұзақтығы-қас пен көздің арасы.
Қараңғы көр ашылмайтын түндігі
Қуып келе жатыр бізді, қарашы.

Атақ, даңқ-аз қызыққа малданып,
Болып жүрміз күнде қызыл кеңірдек.
Билік құрған дүниеге малданып,
Хан-патша да хақ өлімнен жеңілмек.

Қамшы сабы-бір ғұмырды құрайды,
Жаратқанның жазған жасын аз деме.
Ібіліске сатылған жан жылайды,
Шаттанады тиген маңдай сәждеге.

Фәни бітер,
Бақи болар тұрағым,
Келген жерге қайта барар шыбын жан.
Кешірімді, Аллам сенен сұрадым,
Мейірімді аямашы құлыңнан!

Өкінгеннен еш пайда жоқ өткесін,
Сендім анық-тек Алланың құлымын.
Ібілістің жетегінде кетпесін
Жарты қарыс жерге сиған ғұмырым.
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Қорс-қорс жыладым.
alisha
Жүрегіңізге иман дариын дегені ғой))
satibaldi
Қрй-е, жәй, әркім зорлайтын Муза шешейдің қазіргі халын елестетіп, жүрегім ауырып кетті.
alisha
тап осыны «ойнастан табылған» деуге аузым бармас)))
satibaldi
Осындай өлең жазатындарға қыздар ғашық болатыны рас па?
alisha
қайдан білейін, Сатекс))) сынап көрсеңізші))) біреудің біреу туралы балладасын барымталаңыз да, осы жерге жариялаңыз))) сосын жәймен қыздардың реакциясын байқайтын боламыз)))