Кезект Шіркін life...

Кеше әр жексенбі сайын «Ел арнадан» берілетін «Шіркін life – 2»-ні тамашаладым. Шындығында, алғашқы ауылда өткен нұсқасы мынадан әлдеқайда қызықты, әрі тартымды болатын. Жас мөлшерлері шамалас, бір-бірін күнде сахнада көріп жүрген әншілер түсірілім барысында да өздерін жақсы ұстап еді. Бағдарламаны көріп отырып, күлкіге қарық болатынбыз. Ұл-қыз демей бар ынталарымен, күйлері келсін-келмесін, білек сыбанып кірісіп кететін. Кешкі отырыстарында соны өздері-ақ қорытындылап, бір бірлерінің кем-кетік тұстарын аса бір сабырлықпен, қалжыңмен жеткізіп отыратын.
Осы жолғысы біртүрлі. Бағдарламаны да бір түрлі «напряженкамен» көресің. Әлде әскери базаның да әсері бар ма екен…?
Шығармашылық топ пен қатысушылар арасында әлі де тығыз байланыс орнай қойған жоқ. Өткен түсірілімдерде бой бермеген Алтынбек осы бағдарламада шашын алып тыныпты. Имиджі бұзылатындай дәнеме жоқ, жап-жақсы жарасып тұр. «Бауыржанның мені жұлдыз ретінде танымауы нереально…» деп Жұлдызай да қояр емес…
Әскери өмір оңай емес, қайткенмен жұлдыздарымыз тырысып бағып жатыр. Әсіресе, қыздар жағы. Ең бастысы кеше топтағы екі мүше шоудан алыстатылды, яғни Айгүл мен Индира кетті. Айгүлде неге екені белгісіз, бойкүйездік мінез басым. Топ мүшелерінен түңілген кейіпте отырды кеше. Ал, Индираға келсек, өз басым Индира Расылханның жанкүйері емеспін. Бірақ, әнші ретінде сыйлаймын. Дегенмен де, сол әншінің «паспорт әні» қайсы еді деген сұрағыма жауап таппадым. Индира ау баста келгеннен-ақ топтағы қыздармен тіл табыса алмағанын байқағанбыз. Кеше жүргізушілер де соны ескертіп жатыр. Алайда, Маржан мен Асхаттың отырыста топ мүшелеріне жеке-жеке берген комменттері ұнаған жоқ. Дауыстарында бір зіл бар сияқты, дік-дік етіп шықты. Соған қарағанда, қатысушылардың өз топтарына жаны ашымауы, бір бірімен тіл табыспай жатуына да жүргізушілер тарапынан кеткен қателіктер де әсер етуі мүмкін ғой, мәселен: топ мүшелерін жасақтау, үйлестіру, ұйымдастыру т.б. жағы. Сонымен қатар, бағдарлама барысында ішінара жасырын камерамен топ мүшелерінің жеке-жеке пікірін тыңдайды. Қарап отырсаң, көбінің аузынан дені дұрыс сөз шықпады. Бір бірін жамандау басым. Шоу-бағдарламада осылай, сонда былайғы өмірде қайтеді екен…деген де пікір қалыптасып қалатыны жасырын емес.
Ұмытып барады екенмін, анау Әбіл деген жігіт Нұрханмен бірінші күннен-ақ ұстасып алған, сыртқы пікірлерін тыңдасаң, құдды бір ата жауындай сілтейді-ай келіп…көріп отырған көрермен ретінде өзің ұялады екенсің. Тым құрыса, жігіттік мінез танытып, соны камерада айтпай-ақ қойса етті. Айта берсең, әңгіме көп. Жай, көрермен ретінде, ішіме сыймай айтып жатқаным ғой.
Бөлісу:

28 пікір

Zere
Алтынбек пен Ғаділбектің бекіністен өте алмағаны ұят болды. Енді көрген жерінде мазақ ететін болды ғой бәрі. Әскерге келген соң біраз салмақ тастап келу керек пе еді…
alisha
Айтпақшы, кешкі бас қосудың тұсында теледидар «Дабыл жоқ» деп мелшиді де қалды… Соңынан бір-ақ қосылды. Түсінгенім — Айгүл кетіпті… енді бірі кім? Айпақшы, Маржан "Іштен сатқын шықты" деді ғой. Кім кімді сатып жіберді екен?
alisha
Ех, жұмысыммен жарыстыра оқимын деп, жолдарды аттап кетіппін… Сорри!
Zilola
Уйбуй кезінде Ғаділбекпен жүріп кетпегеніме шүкір деп «тырқылдап» күліп алдым, ма*ма 100-ші попыткада әзер өтті ғо кедергілерден, ужссс!
Маған Алдабайшы Нурик ұнайды :)
Zere
Ия, ең жөні түзі Айлан мен Нурик сияқты. Біраз да болсын салмақты ұстайды. Бірақ шоуда бәрі сондай салмақты болса, қызықсыз болатын еді. Бауыржан айтпақшы: "Өмірде сен скушныйсың!" деп. )))
Zilola
ал Бауыржан па ходу голубой :)))
alisha
Сол Әбіл мен Нұрхан келесі жолы табысатын сияқты ғой, аңдатпасынан байқағаным Әбіл орнынан түрегеп барып, Нұрханның қолын алды ғой…
bazuka
кеше шала шарпы қарағам, әншілерден Индира Расылханнан басқасын танымаймын. сосын ана қыз шашын алып тастаған ба Маржан ше)) иті жақсы еді көрінбиді ғой қолында))
gerakl
Итінің аккумуляторы отырып қалыпты
alisha
Қайтсін енді, еркектер 2 см шашын даулаған соң шыдамай кетті білем…
Delhi
Жұлдыздың аты жұлдыз ғой, Индира мен Жадыра екеуімен қоштасып жатқанда бәрі Индираның айналасында жүр, ал Жадыра тіптен шетте қалды.
alisha
Айгүл емес пе еді кеткен?! Сонымен, кім кетті?
Zilola
Индира мен Айгул
Жадыра деген тоқылдақ әрі жылауық қыз ғой :)))
alisha
Ең бірінші күні: «Мен талай қызды басып озып, кастингтен өттім. Психологиялық тұрғыда бәріне дайынмын! Әйтпесе кастингтен өтпей қалғандар күледі ғой» деп еді…
Delhi
яяя, Айгүлді шатастырып отырмын, әдемі, томпақ қыз ғой кеткені
gerakl
Индира-Алтынбек секілді әншілердің неқұйдельт адамдар екенін білетін едім. Малдар екеніне кезекті рет көзім жетті, рақмет Шіркін лайф!
Delhi
Шіркін лайф негізі өте жақсы шығарылған, бәріміз жұлдыздардың бет пердесін көріп жатырмыз.
Nurgisa
жұлдыздардың бет пердесін көріп жатырмыз
деген құлаққа түрпідей тиеді екен.
Delhi
біздің жақта сондай құлаққа түрпідей тиетін сөздер қолданылады )))
Nurgisa
Жұлдыздар қашаннан бері паранжа жамылып алған демейм бе…
omarbirat
Шынайы бетін аралас-құраластары көрмесе, телебизірден көретініміз әрдайым бет пердесі бола бермек қой :))
Zere
Сол жердегінің ешқайсы да жұлдыз емес қой. 1-2 өлең айтып, көкірегін соғып жүр. Ана Шаншарда ойнайтын Жұлдызайды далада көрсем мен де танымас едім.
alisha
«Зеренің мені танымауы мүмкін емес» (Жұлдызай)))
Ай, Зере: «Мен жұлдыз деген статусты завоевать еттім» деп гүпіп отыр ғой ол!
Qojeke
Түк қызық бағдарлама. Мағынасы қайда екенін таппадым.
meirzhan
2-ші Шіркін Life қызықтырақ екен. Келісемін, көрермендерге ең жақсы көрінетіндер Айлан мен Нұрмұхамед шығар. Ешкіммен бет жыртыспай, сабырлы болғандары үшін. Бақыт пен Ғаділбек те жүздері жылы ма, қалай.