Е-ақындар мектебі

Алғашқы екі қатарды айтайын. Ар жағын іліп әкетіңіз (а, а, б, а)

Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?

Іліп әкетуші кезекті екі қатарды ұсынуы керек.
Бөлісу:

89 пікір

asaubota
Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?
Омар бырат менімен түйдей құрдас
Отызға менен бұрын толад бірақ :)
Nurgisa
Күшті!!! Шартқа сай жаңа екі жол ұсынып жібер!
alisha
Қайым айтыс па бұл? Мен бізге үйретіп жатыр екен десем…
Nurgisa
Әлиша, өзің ұсынып жібер екі жол!
alisha
Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?
Тәп-тәуір атына әкеп «бырат»сөзін
Тіркестіріп қойғаны обалырақ…
Nurgisa
бірінен бірі асқан қисынды сөздер!!! керемет!!! әу демейтін қазақ жоқ деген рас-ау.
alisha
«Дабайлатып» отырмыз ертелі-кеш,
Орын алып жүрмесін ертең егес…
Qojeke
«Дабайлатып» отырмыз ертелі-кеш,
Орын алып жүрмесін ертең егес…
Бірақ онсыз бола ма «Дабайлатпай»,
Dabaileaks жүрмесін ойбайлатпай.
Abilakim
«Дабайлатып» отырмыз ертелі-кеш,
Орын алып жүрмесін ертең егес…
«Дабайды» көтерейік төбемізге
Боқтасу бұл жерде мәртебе емес
alisha
Әбеке, негізі өткен жолғы айтыстан соң тауым қайтып қалып еді…
Nurgisa
«Дабайлатып» отырмыз ертелі-кеш,
Орын алып жүрмесін ертең егес…
Ысылсын деп шымшу да керек кейде,
Озбырлау мына айналаң ертегі емес.

Дәу адам құйттайымен алыса ма?
Дабайдың сақа адамы алиша ма?
alisha
Дәу адам құйттайымен алыса ма?
Дабайдың сақа адамы алиша ма?
Сақаға телуіңіз тым салмақты,
Есті қыз ер жігітпен жарыса ма?
Abilakim
Дәу адам құйттайымен алыса ма?
Дабайдың сақа адамы алиша ма?
Ағайын қол соғып отырыңдар
Алишамен алысқан Нұрғисаға

Бұл айтыс көптен бері керек еді
«Дабайда» кеңге жайды керегені…
alisha
Бұл айтыс көптен бері керек еді
«Дабайда» кеңге жайды керегені…
Екеуміз дәл осылай айтысқанда,
Арманжан «масқара ғой» деген еді.
Nurgisa
Бұл айтыс көптен бері керек еді
«Дабайда» кеңге жайды керегені…
Дабай жақсы. ФинПолға құрықталсаң,
Абайла! Теңге жайлы тергетеді!

Баспау керек о баста шалыс қадам,
Ылдилатпас өз-өзін намысты адам.
Abilakim
Баспау керек о баста шалыс қадам,
Ылдилатпас өз-өзін намысты адам.
«Кездесуде» кері кетіп жүрсем дағы
Боқтық сөзден «Дабайда» қалыс қалам
alisha
Баспау керек о баста шалыс қадам,
Ылдилатпас өз-өзін намысты адам.
Намысымды таптатпан мен өзгеге,
Деп осылай уәде етіп, нан ұстағам)))
qisyq
«Дабайлатып» отырмыз ертелі-кеш,
Орын алып жүрмесін ертең егес…
Әлиша, бетіңізді жуып кеңіз…
Мұрныңыздың үсті кір, күл-күйелеш…
alisha
Айнадайын ақ жүзім, кір шалмады,
Ойпырым, естімеген сөз қалмады…
Abilakim
Айнадайын ақ жүзім, кір шалмады,
Ойпырым, естімеген сөз қалмады…
Мерикейдің арқасы көрінбей тұр
Баяғы угридің орындары
Qojeke
Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?

Кей уақытта байқаусыз қыртат бірақ
Берді екен кім оған сыйлап «бырат»?
Abilakim
Санасызға бұл жалған күнде думан
Ер жігітке жарасар ерте тұрған…
Qojeke
Санасызға бұл жалған күнде думан
Ер жігітке жарасар ерте тұрған…

Түсінсе мұны жігіт артық туған,
Түсінбесе думандатып қатын ұрған.
alisha
Санасызға бұл жалған күнде думан
Ер жігітке жарасар ерте тұрған…
Еркектің ерте тұрған ырысы артық,
Осыны Әбіләкім біліп туған.
Qojeke
«Дабайы» блогшыға давай екен,
Қуғынбайлар қыртып жүрмей ме екен?
Abilakim
«Дабайы» блогшыға давай екен,
Қуғынбайлар қыртып жүрмей ме екен?
Ұйқасыңыз ұйысқан шаш тәрізді
Оқыған блогшылар күлмей ме екен?

Ауыр болса көтерме қол шоқпарды
Талай адам осыдан сан соққанды…
Qojeke
Мынадан кейін өзім күлдім :)
alisha
Ауыр болса көтерме қол шоқпарды
Талай адам осыдан сан соққанды…
Ішінде сан соққанның мен де бармын,
Ренжімен, бірақ деп жұрт қол соқпады.
Nurgisa
Ауыр болса көтерме қол шоқпарды
Талай адам осыдан сан соққанды…
Одан да кітап оқы, білімді қу,
Жөнге салып жүретін әр сотқарды.

Жігіттер, ораза тұт, намаз оқы,
Ояу жүрсек сөнбес-ау Алаш оты.
alisha
Жігіттер, ораза тұт, намаз оқы,
Ояу жүрсек сөнбес-ау Алаш оты.
Рухың биік, қайратың қажымасын,
Сен — ҚАЗАҚСЫҢ, осыны ойға тоқы!!!
qisyq
Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?

Бырат леп сыйлағанмен қалың елі,
Оңашада қайғыдан алар жылап…

Ал жалғастырыңдар:

Админ ағай, дегенде, админ ағай…
Аузымыздан сөз шықты абайламай…
Abilakim
Админ ағай, дегенде, админ ағай…
Аузымыздан сөз шықты абайламай…
«Кездесуде» кездесіп жүрген едік
енді бүгін мінекей «Давай-давай»

Дегенде Қисық ақын, Қисық ақын
Белгілі бұл қауымға Қисық атың…
alisha
Админ ағай, дегенде, админ ағай…
Аузымыздан сөз шықты абайламай…
Сол сөздер абайсызда «атып шыққан»
Мәжбүр етті кетуге қарайламай.
asaubota
Админ ағай, дегенде, админ ағай…
Аузымыздан сөз шықты абайламай…
Абайламай сөйлегендер банға кетед
Бұл жақты ендігәрі маңайламай

Дабай.кизет емес қой абай.кизет
Жұмыс та істесеңдерш бір мезет
alisha
Дабай.кизет емес қой абай.кизет
Жұмыс та істесеңдерш бір мезет
Оныңыз рас, тапсырмалар келіп жатыр,
Отырмыз біздер мұнда басты изеп.
Abilakim
Дабай.кизет емес қой абай.кизет
Жұмыс та істесеңдерш бір мезет
Жұмысымыз соншалық қиын емес
Отырамыз әрнені күзеп-түзеп
blackbeard
Админ ағай, дегенде, админ ағай…
Аузымыздан сөз шықты абайламай…
Кешірім сұра онда тізе бүгіп…
Мына жерді төңкеріп, айғайламай...)))
blackbeard
Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?

Қоғам ойын бағалап көрмедім мен
Жеке пікір айта алам саған бірақ

Мектебің құтты болсын Омар бырат,
Жыр дегенің болмағай саған жырақ.
Жеңіл жыр жазбағайсың бұл қоғамда,
Жазсаң сені бұл қоғам «ЖАМААН ҚЫЛАД»

Омар Хайям секілді бәйті қанық,
Омар бырат, өзің де жойқын алып,
Қаласаң айтысайық додаға кел,
Отырайық жақсыны айтып анық.
Nurgisa
Айтысқа шөліркеген Дабай екен,
Қиқарды "әт, әт, әт" деп сабайды екен :)
AKY
Айтысқа шөліркеген Дабай екен,
Қиқарды "әт, әт, әт" деп сабайды екен,
Жақсыны көтереді төбесіне,
Жаманды жан-жағынан талайды екен)))
AKY
Нұрғиса, Нұрғисажан, Нұрғиса ақын,
Бастамаңыз жақсы екен, жанға жақын)))
Nurgisa
Нұрғиса, Нұрғисажан, Нұрғиса ақын,
Бастамаңыз жақсы екен, жанға жақын)))
Япыр-ай, оффтопиксіз айтыссақ-ау,
Жайым жоқ, сөгіс алып, «бандалатын» :)))

Сөз сарасын ұққанға айту парыз,
Тізе қос, шеткеріде жай тұрмаңыз!
qisyq
Сөз сарасын ұққанға айту парыз,
Тізе қос, шеткеріде жай тұрмаңыз!
Ойбай, бұлай айтпағын, әйтпесе біз,
Әркімге бір сөз таппай айрыламыз…
Біз айрылсақ, жарайды, бәрі құрысын,
Адам көп боп, айрыламыз…
Сосын, дабай.кз-ке кіре алмай
Қанатымыздан «на ровном месте» қайырыламыз.
qisyq
Нұрғиса, Нұрғисажан, Нұрғиса ақын,
Бастамаңыз жақсы екен, жанға жақын)))
Екі жол өлеңге біз қуандық
Табылғандай бодақ жүрген байға қатын
qisyq
Айтысқа шөліркеген Дабай екен,
Қиқарды "әт, әт, әт" деп сабайды екен :)
"Ә" деп біреу сөз айтса өңкей ақын
Ала көзбен әлгіге қарайды екен…

Сөз айттың, сөзге құмар халқыңа бір…
Төгілсін көмейіңнен шалқыма жыр…
qisyq
Дегенде Қисық ақын, Қисық ақын
Белгілі бұл қауымға Қисық атым…
Әбеке, өзің сөзге қосқан кезде,
Жөнім жоқ, құрғыр, менің қырсығатын…
qisyq
Нұрғиса, бастадың бір қақтығысты…
Блогшылар жағадан ап қырылысты…
alisha
Нұрғиса, бастадың бір қақтығысты…
Блогшылар жағадан ап қырылысты…
Айнадайын ақ жүзден күйе көрген,
Қисеке сөзіңізге жын құрысты.
Nurgisa
Нұрғиса, бастадың бір қақтығысты…
Блогшылар жағадан ап қырылысты…
Дәурен өтіп барады, заман зулап,
Осылай қандырайық бір құрышты!

Оң болса пәрмені зор тілек, ойдың,
Келеді әр кәментке «жүрек» қойғым…
alisha
Оң болса пәрмені зор тілек, ойдың,
Келеді әр кәментке «жүрек» қойғым…
Осындай кең пейілді мырзаларды
Қояды «запырысты» жеп қойғым)))
Nurgisa
Таппаса екен жыққыштар сенімнен мін,
Құдай қосқан жарыма телінгенмін.
Әлиша, сен де, білем, желінгенсің,
Менің де «кәлләм» кетіп желінгенмін :)
alisha
Әзіл ғой, мен бағымды тапқан жанмын,
Кім қалайды сенімнің тапталғанын?!
Әзілдің парқын білер мұндағылар,
Әлгі шумақ деп менің тапқандағым)))
qisyq
Оң болса пәрмені зор тілек, ойдың,
Келеді әр кәментке «жүрек» қойғым…
Уа, пәлі, мына сөзің жаға қойды…
Біздік мына көңілге ойдым-ойдым.
AKY
Оң болса пәрмені зор тілек, ойдың,
Келеді әр кәментке «жүрек» қойғым…
Жүрекжарды кәменттер қаптасыншы!
Жүрекке толсын сайт деп тілеп қойдым)))
AKY
Нұрғиса, бастадың бір қақтығысты…
Блогшылар жағадан ап қырылысты…
Ретімен өлеңдетіп отырайық,
Шақырмай зевс пенен ібілісті)))
bazuka
қол шапалақтап отырмасам, суырып салмалық қасиетім жоқ))
alisha
а, сіз бе қол шапалақтап тұрған)))
AKY
қол шапалақтап отырмасам,
суырып салмалық қасиетім жоқ))
дабайды өлеңге толтырмасам,
сендерге айтар өсиетім жоқ)))
AKY
Десең де Базарайгүл, өлең шықпас…
Сөзіңе жалғап қойдым сонда да ұйқас))))
bazuka
түй сіңлім-ай бұған енді қалай паһ шіркін демессін))
Nurgisa
Ақынға кенде емес-ау әлем, түге,
Жайсандарға кіл мында сәлем тіле.
Базука, ниетіңіз майда жақты,
Жүрегімді қабыл ал, кәментіңе :)

Базука мір боратар қару ма еді,
Қыздардың нәзік сөзге зәру тегі.
bazuka
түһ шіркін десе ағасы, қол шапалақтау квадратымен жоғаа кубпен кетті
qisyq
Базука мір боратар қару ма еді,
Қыздардың нәзік сөзге зәру тегі.
Біздің қыздар айтатын сөздің мысы
Базука емес ракетадан ауыр тегі…
TERISKEI
Мәссаған, керемет боп жатыр!!! (қол шапалақтап мәз болған смайлик:)) мен де өз кезегімде Жүрсінге ұқсап қояйыншы: "Құрметті от ауызды, орақ тілді блоггер-ақындар! Отбасы, ошақ қасын бір сәтке ұмыта тұрып, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткелі отырған Блогкампты жырға қосыңдар! Бар блоггердің басын қосқан, тотияын, жатыпатарларға блог бетінде мүмкіндік берген «wordpress.com»,«dabai.kz»-терді неге жырламасқа! Қанекей, құлағымыз сіздерде!.."
Nurgisa
Еее-ей,
Құлаш жайып қонжидың төрге лезде
Баладың бұныңды біз өр мінезге
«Түсіп қалған шанадан» шаблондар-ай,
Жақұт жыр арнасақ па wordpress'ке?

Қоздырасың әркімнің делебесін,
Жынсың ба, перісің бе, неменесің?!
qisyq
Қоздырасың әркімнің делебесін,
Жынсың ба, перісің бе, неменесің?!
Екі жол мен де жазып кетсем қайтед
Нұрғиса өлең арнап, елегесін.

Уордпреске сөз арнап не айтайын…
Көп отырмай жұмыста, мен қайтайын.
Nurgisa
Уордпреске сөз арнап не айтайын…
Көп отырмай жұмыста, мен қайтайын.
Орақтайын ора бер, көсіл қане,
Әуселеңді сендегі кел, байқайын.

Қазақта Аршаттар көп, админ жалғыз,
Айтамыз ол бастаған кабминге алғыс! :)
qisyq
Қазақта Аршаттар көп, админ жалғыз,
Айтамыз ол бастаған кабминге алғыс! :)
Админге әлдебіреу секірсе егер,
Қағатын жынын мына біздер бармыз.
Nurgisa
Еееей, әл Қарағанди Әбіләкім,
Жаңағы жаңағыны нәғылатын…
qisyq
Ой де!
Еееей, әл Қарағанди Әбіләкім,
Жаңағы жаңағыны нәғылатын…
Жаңағы жаңағыны нәғылғанда
Ана не мына неден ағылатын!

Сөзің бар ұйқасқа бұл құралған ба?
Жөн сөзді, уа, дариға, ұры алған ба?
Nurgisa
Сөзің бар ұйқасқа бұл құралған ба?
Жөн сөзді, уа, дариға, ұры алған ба?
Жас кезінде бәрі зор, бәрі батыр,
Адам аңдап сөйлейді жұқарғанда.

Балеттегі оңбайды биші қатын,
Құйқылжыт осы жайды Қисық ақын! :)
qisyq
Балеттегі оңбайды биші қатын,
Құйқылжыт осы жайды Қисық ақын! :)
Қатын ол балетте де қатын болар,
Бәрін көрген, жөні жоқ қысылатын:)

Оу!

Нұрғиса, жыр тамаша бір бастадың
Баста, қане, әлеуметтік жыр дастанын!
Nurgisa
Нұрғиса, жыр тамаша бір бастадың
Баста, қане, әлеуметтік жыр дастанын!
Әлеумет мәмілеге келген шығар,
Референдум жинаса сырластарын.

7 кг. тротилін тағып кепті,
Лаңкестер әуежайды жарып кетті.
qisyq
7 кг. тротилін тағып кепті,
Лаңкестер әуежайды жарып кетті.
Айдай әлем алдында жаналғыштар
Исламға қара күйе жағып кетті.

Бұл сөзің ерекше бір, өзгеше-ді
Онысы өн бойында кездеседі.
Nurgisa
Бұл сөзің ерекше бір, өзгеше-ді
Онысы өн бойында кездеседі.
Дініңді алса, тіліңді, шыныңды алса,
Толеранттылық қой бұл, төз деседі.

Қой аузынан шөп алмас көнбіс мінез,
Айдахар да, аю да төркін емес.
nurbergen_makym
Қой аузынан шөп алмас көнбіс мінез,
Айдахар да, аю да төркін емес.
Кіл «хамелеон» жиналған — зоопарк,
Мал қора боп кетер-ау, бір күн, е*есс!
qisyq
Қой аузынан шөп алмас көнбіс мінез,
Айдахар да, аю да төркін емес.
Ел айтқанмен есті алған істі шешу
Біздің қолда, ал сенің еркіңде емес.

Қу тілді тұрмыс құрғыр бұғаулауда
Адасудың мәресі тіл алмауда.
nurbergen_makym
Қу тілді тұрмыс құрғыр бұғаулауда
Адасудың мәресі тіл алмауда

Адасудың бастауы, сірә, тіл алмауда,
Ал, мәресі, анық жығар, дауға, жауға!

Бассыз үйдің иті осырақ, келіні кекірікшіл,
Төрінде тексіздер мен есірік жүр
qisyq
Бассыз үйдің иті осырақ, келіні кекірікшіл,
Төрінде тексіздер мен есірік жүр

Біреулер тойғаннан кекірік атып,
Енді бірі тоңғаннан секіріп жүр.

Бұл жолдарды арнадың кімге деймін?
Қтяқ жүзді сөзіңмен тілде деймін.
nurbergen_makym
Бұл жолдарды арнадың кімге деймін?
Қтяқ жүзді сөзіңмен тілде деймін.

Абай кизет сарынында жаза салдым,
Шыны сол ғой: күл мейлің, күлме мейлің…

"Қтяғыңның" "құпиясын" тарқат, енді,
Әйтпесе, сөздік қорым, сырқат реңді…
qisyq
"Қтяғыңның" "құпиясын" тарқат, енді,
Әйтпесе, сөздік қорым, сырқат реңді…

"Қияқ" деп ем, қайран сөз "қтяқ" болды
Кешіре гөр, уа, Жаратқан, бұл қатемді.

Абай.кизет жаныңа жақын бе еді?
Ал, тыңдайық, Мақымдай ақынды енді.
nurbergen_makym
Абай.кизет жаныңа жақын бе еді?
Ал, тыңдайық, Мақымдай ақынды енді.

«Ақын» деген көп артық мәртебе ғой,
Ал, сөз саптау — қазақтықтан жарқын белгі
Nurgisa
Е-ақындар дегенде, е-ақындар!
Келісті келсе сөзің ел жақындар
Nurgisa
Еееей,
Нұрберген ақын аман ба, Нұрберген Мақым аман ба,
«Кенгуруға» жығылған Өзбекстан деген команда.
Nurgisa
Нұрбергений бақсы ма, Пахом әлде шаман ба,
Бәрін біліп тұрады, аман болшы әмәнда.