14 ақпан Ғашықтар күнін тойлау керек пе, әлде жоқ па?!

14 ақпан "Ғашықтар күнін тойлау керек пе, әлде жоқ па?!" деген тақырыпта маған пікірлеріңіз керек) Егер пікірлеріңіз, болмаса ұсыныстарыңыз болса, жазыңыздар!)
Бөлісу:

27 пікір

Nurgisa
Ол өзге діннің иланымындағы жағдайлардан бастау алған нәрсе, біз өзіміздің Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімізді жаңғыртайық. Бүйте берсек, Рождествоны кең көлемді етіп тойлайтын күн де алыс емес! Дабыл! Ахтунг!
Zilola
Қозы мен Баянның күнін ешкімде еске алмайды ғо, қазақтар өтіріктен шығара салған дата ғо, жалт еткеннен құр қалма деп.
Zilola
Керек әрине, бірәқ Қасиетті Валентин ешкімді де қызықтырып тұрған жоқ, бастысы жүрегіңнің жартысына сезіміңді білдіріп, бірге қыдырып, тойлатқанға не жетсін, шіркееен!!!
Nurgisa
Әбестік. Шіркеуден тасада табыстырушыға табынғандық!
alisha
Әке-шешеміз әулие-әмбиелерсіз -ақ тағдыр табыстырды ғой кезінде. Күн таусылмасын! Махаббатты бір күнге теліп қоюдың не керегі бар?!
satibaldi
Керегі бар.
alisha
әрине, әр адамның пікірі өзінде…
asaubota
романтика өліп бара жатқан қазіргі заманда мұндай позитив күндер керек әрине. Жаңа жылды ешкім Исаның туған күні деп тойламайды ғой, сол сияқты ол күнді де ешкім Әулие Валентин күні деп тойламайды. егер осы логикаға қатып қалатын болсақ, онда 8 мартты да тойламау керек. 9 майды да. 14 ақпан жақындаған кезде жыл сайын өзін өзі сыйлайтын ұлтшыл жазғыштар осы тақарыпты қозғайды, өздеріне парыз көретін сияқты. өйтіп көт жыртып жыл сайын Қозы Көрпеш күні керек деп жыртыла бергенше, өзі сияқтылардың плюс пікірлерін жинай бергенше, шын ұлтшыл болса сол күнді шынымен жасауға тырыссын. көп сөз — бос сөз, бос сөз — боқ сөз. жазбау керек, істеу керек!
gerakl
Басталды тағы да :)
omarbirat
Болары болып, бояуы сіңіп кеткен нәрсені «керек емес» деп тыйып тастау қиын шығар. Контр-шара ретінде ойлап табылған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні де енді 14 ақпанды алмастыра қоюы екіталай болады.
ken
жыл сайынғы тақырып. осыған ұқсас келесі тақырып 8 наурыз туралы болады
Malimetter
Заңдылық солай. Жаңа жыл қарсаңында, 8-наурыз туралы, Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Валентин күні туралы кім жазады? Ақылы бар адам жан-жағына қарап, науқанға қатыс етіп жазады.
ken
Мәселе сол жан-жағына қарамайтынында болып тұр ғой. Егер жан-жағына қараса, көрер еді, осындай "*** мерекесін тойлау керек пе, әлде керек емес пе?" деген секілді сұрақтың орынсыз екенін.
asaubota
+1

сосын сол ойды ұстандың ба до конца бару керек. 8 март тағы басқа күндердің бәрін қырып шығу керек. біздерде ондай жоқ. обшым қатқан боқты қайта-қайта жібіту біздікілердікі.
qisyq
обшым қатқан боқты қайта-қайта жібіту біздікілердікі.
)))))))))))))))
mikazhan
Сіздерге бір тақырып қана болса, маған осы тақырып төңірегіндегі сюжет дайындау керек!)
qisyq
Әулие Валентин күні деп аталмайтын мейрамды кездестіргім-ақ келеді, әрине. Бірақ, ондай мереке бар ма бізде қазір? Айналдырған осы күннің өзін қазақтар қырылысып екіге жарып әкетті емес пе осы алдында, біреулері наурызда тойлау керек деп, енді біреулері сәуірде мейрамдаймыз деп (қателеспесем осылай болды емес пе).
Тым тырнақ астынан кір іздегіш, тым шұқылағыш болмау керек секілді, меніңше. Бәрі біз ойлағаннан гөрі қарапайымдау. Әрине, бұл күннің мән-мағыналық сипаты, тәлім-тәрбиелік әсері қазаққа жат екені даусыз, алайда қанша тыраштансақ та, қазақтың жастарының «валентинканы» тойлағаны тойлаған. Қазақ қана емес, жұрттың көбі-ақ тойлайды.
Malimetter
Қоғамда неше түрлі адамдар бар. Қалағанын тойлайды. Қарсы келіп тоқтату да қиын, одан ары насихаттап барлығын қатыстыру да қиын. Сіз қалай дұрыс емес деп ойласаңыз, басқалар дәл солай дұрыс деп ойлауы мүмкін.
urimtal
«Махаббат күні» деп өңін ауыстырып жібереді де, сосын кім ұзақ сүйіседі деп көпшіліктің алдында байқау ұйымдастырады. Коммерциялық құрылымдар осыны пайдаланып, тыр жалаңаш шешінгендерге тегін джинсі беріп, пиар жасайды. Меніңше бұл мейрам соларға керек сияқты. Әрі бұған Валентиннің де еш қатысы жоқ. Жұрттың сезімін пайдаланып ақша жасайды!

Ең ұнамайтыны: мектепте практикант болып жүргенде оқушылар қағаз қораптан жәшік жасайтын. Соған күллі оқушылар құттықтау хаттарын жазатын. Сосын кейбір қыздарға ешкім ештеңе жазбаса, бітті! Стресс! Сосын ол жасөспірімнің сабаққа деген зейінін аударып көр. Осыдан құтылу үшін өз өзіне жазып, бойындағы комплекстерін одан сайын күрделендіріп жіберетіндер де кездескен.

пысы. Шын сезімін білдіргісі келген адам күн мен түнді талғамайды.
asaubota
келісем, біздікілер солай бүлдіреді. Түркияда күшті өтеді бұл күн, студент күнімізде сезімімізді білдіру үшін осы күнді пайдаланып қалуға тырысатынбыз. ол жақта андай акциялар жоқ. өйткені ол жақ бізге қарағанда Еуропаи болса да бізден ұяттары, имандары күшті.

айтпақшы, мен сол күні көп сыйлық алушы едім :))
TERISKEI
ештеме демей-ақ қояйыншы, бәрі айтылып қойыпты:))))
nurbergen_makym
Жұрттың қызығын да қызғанады-ей осы жұрт!
Abilakim
уапще… уапще болғанда да бар ғой, күнтізбесіз өмір сүруді ұсынамын!!!
ken
«күнтізбеге сену керек пе, әлде сенбеу керек пе?» деген тақырып аш онда