2010 жылы ғылымға белгілі болған ең қызықты жануар-жәндіктердің ондығы (+сурет)
Мен оқыған дерек көзіне сенсек бұл тірі жан иелері 2010 жылы ашылыпты. Өзіме қызық болған соң, Сіздермен де бөлісе кетейін дедім. Тек әке-шешеден боқтамасаңыздар болды.
Сонымен:
1. Tyrannobdella rex сүлігі, Амазония өзендерінде кездеседі. Бұл жәндік өзі кішкентай болса да (ұзындығы небәрі 7 см), ірі, үлкен тістерге ие, сондықтан оған планетадағы ең жыртқыш динозавр тираннозаврдың атауына ұқсас ат берілді.
2. Қарақошқыл қызғылт түсті сегізаяқ. Осьминогтың бұл түрі бұрын ғылымға белгісіз болып келген, оны Канаданың Атлант мұхиты шайып жатқан жағалаулары тұсында айтарлықтай тереңдікке түсіп, зерттеу жүргізген экспедиция тапты.
3. “Түтікмұрынды” жарғанат. “Йода” деген лақап аты бар. Жаңа Гвинея аралында өмір сүреді. Бұл жануардың ашылғаны жайлы ғалымдар 2010 жылдың қазанында мәлімдеді, алайда ол 2009 жылы табылған болатын.
4. Ұлу-”ниндзя”, Борнео аралының тауларында өмір сүреді. Бұл жәндіктің денесі басынан үш есе ұзын. Сонымен қатар, ұлу-”ниндзя” көбею кезінде ерекше іс-әрекеттерге барады: ұрғашысы мен еркегі бір-бірін гормональді “оқтармен” атқылайды. “Ниндзя” деген лақап осыдан шығып отыр.
5. “Танауы жоғары қараған” маймыл. 2010 жылдың қазанында зерттеушілер Мьянмадан белгісіз маймылдар түрін табады. Олардың танауларының таңқы болғандығы сонша, жаңбыр жауса маймылдар жаппай түшкіре бастайды екен, себебі мұрын қуысына су кіріп кете беретін көрінеді.
6. Ағаш жейтін жайынның (лақа деуші ме еді тағы) түрі. 2010 жылдың күзінде ашылған, Амазонияда өмір сүреді. Жайынның тістері өзіне ыңғайлы орналасқан, соның арқасында ол суға түскен ағаштарды сырып, сүргіштеп жейді. Ағашты қорыту арқылы ол ағзасына қажетті органикалық заттарды алады.
7. «Симпсон»құрбақасы – Колумбияда өмір сүреді, өткен жылдың қыркүйегінде ашылды. Атауын ерекше, өте ұзын және үшкір мұрны үшін алды, ол биологтарға “Симпсондар” мультсериалындағы Бернстың мұрнын еске түсіріпті.
8. Партогенез (жыныссыз көбею, ағза өз-өзін клондайды) арқылы көбейетін кесірткелер Вьетнамда кездейсоқ табылған. Вьетнамдық ресторандардың көпшілігінің мәзірінде бұл жануардың еті бола тұра, ғалымдар бұрын оны байқамаған екен. Аталған кесірткенің тек әйел жынысындағылары кездеседі, олар өздерін-өздері клондау арқылы көбейеді.
9. Басаяқты сақина тәріздес құрт – ұзындығы 10 см болатын өзгеше теңіз тұрғыны. Сулавеси теңізінде (Калимантан, Сулавеси және Филиппин аралдарының арасында орналасқан), 3 шақырым тереңдікте қолға түскен бұл жәндік ғалымдарды қатты таң қалдырыпты.
10. Күлгін түсті күрек-балық. Бұл балық түрінің аяқшалары бар, соның арқасында ол жүзе де алады, жүре де алады. Тасмания аралдарының маңына аттанған экспедиция күрек-балықтың 4-еуін көрген.
Пы.Сы. Бұл жәндіктер бұрыннан бар ма екен, әлде эволюция нәтижесінде шықты ма екен?
Түпнұсқа.

айтпақшы лақа деп бізде жайынның кіші түрін айтады, жайынның баласы дейді.
Белгісіз жәндіктер көп-ау әлі де, себебі жылына ондаған жануар-жәндіктер мен өсімдіктердің түрі табылып жатады ғой.
Ия, ол да мүмкін, ластану қанша дегенмен әсер етпей қоймайды ғой.
Сірә, сол көзі болса керек.
бөліскеніңізге рахмет
Қисық жәндіктерді көрдік, енді қар адамы туралы жазшы
— Тебе в дос вада капает?
— Де-а! Де капает
— Страддо, а бде капает.