Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)

Блог - Orkenegro: Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)Ал, ағайын, Dabai.kz жобасына келіп қалдық! Алғашқы жазбам ретінде блогымда «байқаусыз» аты-жөні аталып кеткен ағамызға тоқтала кетсем деймін. Таак, туған жылы 1976, туған жері… тууф, не айтып кеттім, Ерлан Қаринді барлықтарыңыз білерсіз деген ойдамын. Иә, ресми лауазымы — бас партиядағы жауапты хатшы, дегенмен тұла бойы қазақ деп тұрған, нағыз ұлтжанды (ұлтшыл) азамат екенін қайталап айту керек емес шығар. Сол көкеміз Жаңа жылдан кейін «жастардың атынан биылға қандай ұсыныстарың бар, қаржы жағынан көмектесіп көрейін» дегені бар ма? Әрине, көптен көкейде жүрген блогшылар басқосуы туралы айта бастап едім, бірден қолдай кетті. Бұл жерде Ерлан Қариннің қазақы блогосфераның тынысын байқап, біраз блогты (қандай екені құпия :-)) мұқият оқып жүргенін ескертейік.
Блог - Orkenegro: Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)
Сонымен, бірінші сұрақ — «Нұр Отаннан ақша алынып, оның аты көрсетіле ме? Пиарлана ма?» Жоқ! Иә, Ерекең өзінің каналдары арқылы біз есептеп беретін сметадағы қаражатты тауып беруге тырысады. Ондай ағадан айналасың ғой… Бірақ, ешкандай «Нұр Отан», я басқа Отанның пиары, жарнамасы, қолдауы, тағы басқасы болмайды деп сене беріңіз.
Екінші сұрақ — "Қаринге бұл не үшін керек?"
Өте орынды сұраққа жауапты Ерлан ағамыз былай береді. «Туиттерде, блогтарда болсын, жастар тарапынан тамаша ойлар ортаға тасталып жатады. Мәселелер талқыланып, өзіндік шешімдер айтылып дегендей… Мен жай ғана қоғамдық пікірді білгім келеді. Блогшылар деген кімдер, немен тыныстайды?» Болды. Сондықтан, Ерлан Қаринді де осы қазақ интернетінің дамуына шын жаны ашитын, тілектес адам ретінде көрсек.
Бөлісу:

6 пікір

urimtal
Дұрыс болған екен. Тілектес жандардың көп болғаны қашан да жақсы ғой. Өзі келіп қатысатын болса, тіркеле салсын деп айтасың ба? :)
Orkenegro
Иә, біздің бағдарламаны, бәрін-бәрін толық қолдап отыр. «Бұл азаматтық бастамалардың көрінісі» дейді
muza
Казакша блогка Нур-Блог деп журмесе жап-жаксы бастама:)
Abilakim
Ерлаха дейтіндей жігіт екен
asaubota
erlankarin.kz деген жеке блог ашып берсек қалай болады?
Malimetter
Кім болса да, қай ұлт, ай партиядан болса да, халық игілі үшін істелетін істерде тек халық мүддесі үшін бірігуге болады. Қоқатындай, сескенетіндей еш негіз жоқ, егер өз мүддесін басқалардан артық қоймаса.