Шын сезім, қашан келесің? (аудио)
Махаббат бар деп сенесің,
Көрсең де жай бір елесін.
Тулатып бойда қанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Құшаққа еркін енесің,
Толқуға сәттік ересің,
Балқытып, баурап тәнімді
Шын сезім, қашан келесің?
Кей кезде үміттенесің,
Кей кезде күдіктенесің.
Елітіп нәзік жанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Ақтөбелік Айболат Мамиров деген жігіт осы өлеңіме ән жазуға ұсыныс жасаған. Мен қарсы болған жоқпын. Біраз уақыттан соң әннің сұлбасы дайын болды, сілтемесі арқылы бір файлообменниктен жүктеп алдым.
Айболат_Мамиров_Шын_сезим_кашан_келесин.mp3
Әнді тыңдай келе, сөздерін біраз өңдеу керектігін байқадым. Сол күні-ақ біраз өзгеріс енгізіп, Айболатқа қайта жібердім:
1. Махаббат бар деп сенесің,
Көрсең де жай бір елесін.
Тулатып бойда қанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Құшаққа еркін енесің,
Толқуға сәттік ересің,
Балқытып, баурап тәнімді
Шын сезім, қашан келесің?
қ/сы:
Өрлетіп қиял өрнегін,
Мөлдір мұң ойды меңдеді.
Аңсаумен алау сезімді
Шөлдеді жүрек, шөлдеді.
2. Кей кезде үміттенесің,
Кей кезде күдіктенесің.
Елітіп нәзік жанымды,
Шын сезім, қашан келесің?
Білемін, биік белесің,
Көңілге демеу бересің.
Бақытқа бөлеп таңымды,
Шын сезім, маған келерсің...
Ол бірден қуана құп алып, әнді қайта жаздырып, салып жіберуге уәде берген. Содан бері хабар жоқ.
Айболааааат, осы жазбамды көре қалсаң хабарлас! Таяуда телефонымды жоғалтып алғам, номерің сонда кетті. Әніңді күте-күте шыдам таусылды, черновой вариантты инетке таратып жібердім)))
Халайық, қатты сынай көрмеңіздер, ол да, мен де жай ғана любительдер)))
хе хе жастарды қарап отырып мынаған көзім түсіп кетті)))