Шолу жасасақ..



Қазіргі коллекцияммен таныстырып өтейін.
менде пеларгония (герань), бальзамин, фиттония, гардения, бегония, катальпа, капуста, фэйхоа, цикламен, павловния, эхиум, руэллия, апельсин, колеус, фикус, толстянка, пеперомия, глоксиния, стапелия, валотта, гибискус, декабристка-щлюмбергера, кактус гүлдері бар.
Азірге өскін бермеген – адениум, баухиния, датура…
Осы гүлдерді күтуге қатысты сұрақтар болса, жауап жазайын!
********************
Жаңартылды: Қазіргі уақытта капуста, цикламен, павловния, эхиум, стапеллия, адениум, баухиния, датура гүлдері жоқ, көпшілігі өткен жаздың ыссылығын көтере алмады.
Бөлісу:

31 пікір

Gulistan
Ұят, мынадан бері қанша уақыт өтті, одан бері көп өзгерістер болды ғой.
Қазір менде мына гүлдер: бальзамин, пеларгония, драцена, фикус, колеус, гардения, гибискус, фэйхоа, хлорофитум, бегония, толстянка, рэо, сциндапсус, фиалка, фуксия, сансивиерия ғана бар:)
ken
суретің кқрінбейді
Gulistan
Бұл суретті кезінде админ мырза шайнек кезімізде қойып беріп еді, қазір неге екенін білмедім, шықпай тұр.
Жақын арада өз гүлдерімді түсіріп ілермін.
Осы жерде гүл фанаттары бар еді, қайдасыңдар? Сатыбалды, Нұрберген, Маратхан?
ken
Сатыбалды — гүл фанаты??
ken
көз алдыма елестетіп, күлкім келіп кетті)
Zhan
Мәссаған, тек қана сын айтып, боқтап жіберетін Сатыбалдының гүлге құмар тұсы бар ма еді…
Gulistan
Неге жоқ?! Ол, керек десеңіз, сезімтал жан!
Gulistan
Гүл тыныштандырады-мыс…
Zhan
Сатыбалды — гүл және сезімталдық! Бәрекелді!!! :)
Gulistan
Сатыбалды, бірдеңе десеңші?
Nurgisa
Сатыбалды, Нұрберген, Маратхан?

:*) :*) :*)
Gulistan
Оған таң қалатын несі бар?! Оның гүлдерге деген махаббаты тоңазытқыш үстіндегі хлорофитумнан басталып, кейін атасы ұлт-азаттық көтерілісінен алған жеріне еккен көптеген гүл/өсімдік атаулыдан тіл сынатынын бұрынырақта айтып кеткем.
Ал Маратхан үйіндегі терезе алдында өсіп тұрған гүлін екерше сезіммен бағып-қағатынын ескертсе, Нұрберген герань гүлінің ерекше сорттарына қызығушылық танытқан.
nurbergen_makym
О, менің гераньдарым!(((
Марта Вашингтон мен Тетра Скарлетімді жазда балконға қойып өлтіріп алдым (((
Gulistan
Оппа, ол қандай сорт? Гүлдері махровый ма?
Gulistan
Олар керісінше балконда жақсы өсуі керек, өзің басқа нәрсемен суарам деп улап алған боларсың.
nurbergen_makym
Менің Рэом түсі біртүрлі реңсіз тартып тұр (бледный). Барынша, күн көзі көп түсетін терезенің алдына қойдым. Жапырақтарының асты күлгін емес, ашық жасыл түсті. Бұтағын бойлай жаңа өскіндер көп. Олар да сол, тәлібтікі. Бледный дегенім ғой. Солар өссін деп, бұрынғы өскендерін қырқып қоям. Екі жыл ішінде бір гүл бермед. Нені дұрыс істемей жүрм, а? Мал иесіне тартады деуші ед, ол да, 200 грамм дәметіп жүр ме екен?
Gulistan
хахахахаха:)құлап қалдым, сен шынымен кіріскенсің бе, бауырым?!
Одан да осы жерге суретін іл, сосын көрейік.
Jacqabaies_Chirac
Мал иесіне тартады деуші ед, ол да, 200 грамм дәметіп жүр ме екен?
)))))))))) құйыпжівер амиго
balzaminka
менің гүлдерім не болып жатыр екен :(

Анар, спацифилум өсіріп көрмедің бе? Сол гүлді ерекше жақсы көремін, жиі гүлдейді әрі оранж түсті гүлі, иісі де жақсы
Gulistan
Өсіріп көрген жоқпын, бірақ ұнайды. Жұмыста қыздардың жанында бірнешеуі бар. Сен айтқандай, оранж түстісін кездестіріп көрмеппін, қызық екен. Біздің білетініміз сол ақ гүлдісі ғой. Ел арасында «Женское счастье» деп аталып кеткен гүлді өсірудің көп қиындығы жоқ, тек тіке күн көзіне қоймау керек және жиі-жиі су бүркіп тұру керек.
кешір, бірақ иісі жоқ сияқты, басқа гүлді айтып жатқан жоқпын ба?:) Суретін қойып көрші?
balzaminka
iisi jai wygady, 1ak ademi. Oranj dep cliviany aitam dep otrp spat.ga jazp jiberppn, sorriento. Negizi spat. ta, clivia da jii guldemeu kk ko, 1ak mende jii guldenetn, demaldrganga da karamaitn
Gulistan
Ия, қателеспесем, кливия күзде гүлдейді. Ал Спатик жыл бойына, арнайы тыңайтқыштар да керек.
KILYZAMAN
Жусан, изен, рауғашгүл, бақбақ деп кетебергендегілерді аңасағандар не өсірмейді ...(ЕҢБЕК — біреулер тыраштанып әлек ал бәз біреулер ойланбайды да,қызық :-(
Gulistan
не айтқыңыз келді?
KILYZAMAN
Табиғатымыз неткен бай еді өсімдіктерге…
Zilola
Өткен жолы Талғардағы әпкем үлкен құтыларға күл отырғызып тастапты. Оның ондайға аса қызығушылығы жоқ еді, таң қалып қалайша деп сұрадым. Сөйтсем адамдар өзгере алады дейді :)

Оның жұмысында нешетүрлі қымбат гүлдер бар, содан отросток тасып алса да жаман емес :)))
Gulistan
Адамдар бір бастаса, қоя алмайтын кәсіп сияқты:)
araika
бамбук өсірмейсіз бе? тізімнен көре алмадым…
Gulistan
Бамбук өсіріп көрмегем.
Қазір гүлдің үш түрі — пеалргония, фуксия және бальзаминге ғана жұмыстанамын.
Бальзамин, пеларгония мен колеустарды тұқымнан егіп, қалаған адамдарға тегін таратамын.