“Жарнама туралы” “тесік” Заң һәм Алкогольсыз сыра

Көкейде жүрген мәселе еді… “Алкогольсыз сыра” деген желеумен арақ-шарапты жарнамалап тұрған биллбордтардың мәселесін айтамын. “Не істеуге болады екен осыған?” деген сұраққа басым қатып жүргенде, Асхаттың туйіті арқылы, жіптің бір ұшығы шықты. Ары қарай төмендегі әңгімелер тізбегін ұсынамын:
urimtal Askhat Yerkimbay
СҰМДЫҚ: Астанада адамдар тегін джинсі шалбар алу үшін жалаңаштанып жатыр! bit.ly/gkovER #astanacity #shame
in reply to @urimtal ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
Қарсы шараларды ойластыру қажет RT @urimtal: СҰМДЫҚ Астанада адамдар тегін джинсі шалбар алу үшін жалаңаштанып жатыр! bit.ly/gkovER

urimtal Askhat Yerkimbay
@MuratAbenov бұлардың әрекеті көпшілік орындағы бұзақылық немесе “Жарнама туралы” заңдағы әдепсіз жарнама дегенге келетін сияқты?
in reply to @urimtal ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@urimtal Заңдылық және қоғамдық жағынан қараумыз қажет. Заңға салсақ бұзақылыққа келеді. Жастардың үйымы арқылы бастама болса тексертеміз
in reply to @urimtal ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@urimtal Сен біраз жаңа медияны қолдану әдістерін үйрететін едің ғой. Жастардын арасында қарамақарсы шараларды үйымдастыруға болмас па екен

timusha Timur Amantaiuly
@MuratAbenov @urimtal Ол ештеңе емес, одан да “Алкогольсыз” деп алып, алкогольді ішімдектерді дағарадай биллбордқа жарнамалауды жою керек!
in reply to @timusha ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@timusha @urimtal Келісемін!Өкініштісі заңнын осал жерлері бар.Сол себептен “Алкогольсыз”деп алкогольді ішімдіктерді жарнамалау тоқтамай тұр
@timusha ішімдіктерді сататындар әр шектейтін қадамға карсы шара ойластырады.Белсенділер қоғам атынан көтерсе өзгерістер тезірек еңгізіледі

timusha Timur Amantaiuly
@MuratAbenov Белсенділерден бұрын Ел Парламенті өз Заңдарының қалтқысыз жұмыс істеуіне мүдделі әрі жауапты емес пе?
in reply to @timusha ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@timusha заң шығарғанмен, орындалғанын бақлау Парламентін құзырында жоқ.Дегенмен сайлаушылардын пікіріне сүйеніп заңға өзгерістерді ұсынамыз
@timusha осы бизнеспен айналысатындарда қоғамнын мұшесі.Оларда құқықтарын қорғауды талап етеді. Сол себептен қоғамдық пікірдін орыны болек
@timusha сайлаушы, азамат ретінде сіз заң бұзылғанын көріп, айтып қана қоймай, ресми тұрде жазбаша ұсыныспен шыққаныңыз дұрыс

timusha Timur Amantaiuly
@MuratAbenov Ал егер “Олар да қоғамның мүшесі” дейтін болсақ, онда мүлде еркіндік беру керек. Не олардың заңы, не мемлекеттік Заңы
in reply to @timusha ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@timusha Бизнеске қатысты заңдардың тұрақты болуы, және өзгерістерді жасау алдында өкілдерімен келісү, оларға дәлелдеу – бұл да заң талабы

timusha Timur Amantaiuly
@MuratAbenov Жарайды, Мәке! Процедурасын айтып жіберсеңіз. Сауатсыздау халық едік…
in reply to @timusha ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@timusha сауаттылығыңда күмәнім жоқ. Ұсыныс айттың, мен пікірімді жеткіздім. Ысырып тастау емес түсінісіп нәтижелі тіршілік жасайық деген ой
@timusha ал лоббизм жоқ деп айта алмаймын. Бірақ ашықтан ашық ешкім оны жасамайды ғой.Оларда “қоғамдық пікірге” сүйенген болып қорғап жатады

timusha Timur Amantaiuly
@MuratAbenov Ықыласыңызға алғыс айтқаннан басқа айтарым жоқ. Сізден басқа туйитте депутаттан ешкім жоқ… Ұсыныспен қалай шығатынын айтсаңыз
in reply to @timusha ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@timusha ресми хат жазғаныңыз дұрыс. Реті келсе бірнеше қоғамдық ұйымдардын атынан

snsnkz sn@sn.kz
@timusha @MuratAbenov Қоғамдық ұйым атынан хат жазуға көмектесейін. Тәжірибе бар.
in reply to @snsnkz ↑

@MuratAbenov Murat Abenov
@snsnkz жақсы! @timusha жаңа технологиялардың мумкіншілігін осындайда пайдалануымыз керек

@snsnkz sn@sn.kz
@MuratAbenov @timusha “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер одағы атынан хат жазайық. Құрамында 20 шақты қоғамдық ұйым бар.

Осы жылдың Қыркүйек айында Керек.инфо сайтында “Қала көшелері сырамен шөл басып тұр” атты мақала жарық көріпті. Сол жазбасында Алтынай Сағындықова есімді азаматша еліміздің барлық аймақтарында бар мәселені өте сәтті көтерген. “Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?” деген мақалға салып, маған дейін айтыла-айтыла жауыр болған тақырыпты қайта қаузамай, тек қана сол мақаладан үзінді беруді дұрыс деп шештім:
..«Жарнама туралы» Заң мен прокуратура шешімі бір-біріне қайшы келді

Алкогольді жарнаманы алкогольсыз деп жарнамалау – жөнсіз жарнамаға жатады. Онда «ҚР заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ, осындай тауарды дайындаушының немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады».
— Жақында осыған кереғар тағы нұсқау келді. Қол-аяғымызды байлап тастады. Онда «алкогольсыз сыраны жарнамалауға болады» деген бас прокуратураның шешімі бар. «Алматы жарнама» мәтінмен келіскен, барлық құжат қолда бар,- дейді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы, ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бастығы А.Пангереев.
Демек, еш қайран жоқ, тоқтам айтар заңымыз болса да әлсіз күйінде қалды. Сөйтіп, қаланың бас даңғылдарын менмұндалаған сыра қаланы «көркейтеді», жастарды тәрбиелейді. Шығын деп көзге ілмегенімізбен Сәтпаев көшесіндегі мына вагон өзі би, өзі қожа болып тұр. Сырахана сыртындағы «Всегда свежее пиво и шашлыки» сөзі заңды белден бір басқан. Қайтерсің енді, барып, көзге шұқып, заңды тағы бір мәрте айтпасаң, білмегенсиді олар, білсе де.
Сыра ұлтқа қауіп төндіруші факторлардың бірі ғана. Бірі ішпе, екіншісі «ең кереметі біздікі, іш, рақаттан» деген сәтте адамдар рақатына қарай жүгіреді. Бөтелкелер лезде босап, күнен күнге шөлмегі сылдырлаған сыраның артынан ұрпағымыз азып барады. Айтар байбаламымыз осы, әрине, елі үшін жанашыр, тыңдар құлақ болса ғана.

Сондай-ақ 2004 жылдың Қаңтардың 21-інде болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Әбдіжәлел Бәкір де осы мәселені көтеріпті

Сөздің соңы – былай. Жоғарыдағы Парламент депутаты Мұрат Әбеновтың маған берген кеңесі арқылы “Алаш үні” қоғамдық ұйымдар бірлестігі атынан ұсыныс жасаған Ізгілікпен бірлесе отырып, тиісті орындарға хат жазатын боп шештік. Егер араларыңызда осы мәселені “Қалай шешсек екен?” деген сауалмен басы қатып жүргендер болса немесе жай ғана Азаматтық қоғамға мысқалдай үлес қосқысы келетіндер болса, онда хабарласуларыңыз сұралады. “Бірігіп шешкен тон келте болмас”. “Бірлік бар жерде тірлік бар” дей отырып, тізе қосайық, халайық!

timurrr.co.cc
Бөлісу:

3 пікір

admin
ал арақты су деп жарнамалайды, бірақ ондай су таба алмайсыз дүкеннен :)
omarbirat
Сіріңкеге айналдырып жіберген кезі де болып еді. «Щоб стояв у кожній хаті» дегені ғой деймін.
nurbergen_makym
Тегінде лобби осылай заңда әлдебір олқылыққа орын беру арқылы жүзеге асырылатын сияқты. Туындауы мүмкін нұсқалардың барлығын талқылап отыруға депуттаттардың уақыты да, миы да жете бермейтін шығар. Әйтпесе, біздің елде де, Американың әнебір штатындағыдай «шалбардың артқы қалтасына балмұздақ салуға тиым салынады» дейтіндей «оғаш» заңдар көп болар еді.)))