Әлеуметтік желі (фильм)

Киностан: Әлеуметтік желі (фильм)Ресей прокатына «Социальная сеть» деп шыққан бұл фильм www.facebook.com сайты жайында. Дәлірек айтқанда, оның негізін қалаушы Марк Цукерберг жайында. «Жәй өмірбаяннан көріністердің тізбегінен құралған ұйқышақырар фильм», деп ойлағам басында, қателесеппін. Тартымды сюжет, актерлер шеберлігі, режиссуралық тапқырлық демей-ақ қояйын, бірақ бір көруге тұрарлық туынды.
Алған әсерім жоғары. Осыдан кейін сен де бір болмашы нәрсені қолға алып (мысалы әлеуметтік желі), 2-3 жылда миллиардер атанып кеткің келеді. Аршатқа, Ерлан Оспанға бір көруге кеңес берер едім.
Үйде, кешкі мезгілде қолыңа салқын сыраны алып, жұмсақ төсекте жатып алып қарауға жақсы.

Менің берер бағам,
10/8

Онлайн қарау
Бөлісу:

4 пікір

kuat
Қазақтардың арасынан біреу әлдебір сайт ашып, интернет арқылы байып кетіп миллионер атанса қанекей.
ErbolIslambek
Ербол Серікбайдан үміт бар
admin
ағылшын немесе орыс тілінде ашпаса қазақша сайттан баю мүмкін емес әзірше
muza
казактын ашкан мулти лангуижтик алеуметтик желиси деп журсе де жаман емеской.Шынында да менде басында бул кинонын жай гана бир док филм екен деп жургем сойтсем нагыз кино екен (нагыз шедевр деп жазайн деп калдым )
ал негизинде будан кейн алеуметтик жели емес мобилди курылгылар ушин жылдам ари колдануы ынгайлы сапалы желилер керек сиякты…