Ән құдіреті ме, әлде сәйкестік пе?

Айналайын, жаным, қайда жүрсің?
Жүрсең де сен қайда, ойда жүрсің.
Сағындым ғой сені көрмегелі...


Әнші Медеу Арынбаевтың соңғы әндерінің бірі осылай басталады. Ал таяуда оның жан жары миына қан құйылып ойда жоқта қайтыс болды… Әрине, бұл жай сәйкестік болар. Бірақ оған айтатын басқа ән жоқ па еді? Неге ол әріптесі Қыдырәлі Болманов секілді «Қасымда сенің жүргенің-ай, ғажап қой осы күндерім-ай», немесе өнердегі ағасы Ескендір Хасанғалиев сияқты «Мені сүйген жүрегіңнің, лүпілінен айналайын» дегенге ұқсас әндер айтпады? Мүмкін бәрі басқаша болар ма еді?
Ресейлік Филип Киркоровтың Игорь Николаев жазып берген «Немного жаль» әнін айтқаннан кейін Алламен арасы суып сала беріпті-мыс… Жарайды, сол орыстарды қойшы, бірі қосылады, бірі айрылады…
Ал өзіміздің келмеске кеткен әншілеріміз ше? Халқымыздың Ақбаяны Мәдина Ералиеваның соңғы әндерінің бірі «Қош, енді, қош бол, күрең күз», Нәби Аймұратовтың соңғы әні «Мүмкін емес»… Сонда қалай, әннің құдіреті ме, әлде бұлар алдын-ала жүректері сезіп, әдейі сондай әндер жаздыра ма?
Бөлісу:

10 пікір

Abilakim
Маңдайына солай жазылғандықтан да қандай өлеңді айтса да жарынан айрылар еді. Негізі, көп ақындар өлім жайлы, қалай өлетіні жайлы болжап өлеңдер жазған. Бұндай деректерді Қадыр Мырза-Әлидің «Жазмышынан» көптеп табасыз. Осы тақырыпты Ақпатша атты қолданушы «Кездесуде» қозғап еді жаңа тіркелген кездерінде.
Zere
Негізі ойдың күші бар дейді ғой. Көптеген әншілер жылауық өлеңдер айтудан қашады екен, өз өміріме зиян бола ма деп. Ал былайынша, ажалдан қашып кете алмайсың ғой, не дегенмен…
ushkin
Адам ажалын сезеді деседі…
bazuka
сәйкестік деп ойлаймын
TERISKEI
… Бұрын мектепте қазақ тілі апайымыз: — Әрқашан сөйлеген сөздеріңе абай болыңдар, сөз киесінен қорқыңдар!- деп жиі айтатын еді… білмеймін, ешкім алдын болжап біле алмайды ғой, сәйкестік болар меніңше де.
Zhan
Абайлап сөйлеу керек екен. Басымнан біраз түсініксіз жайттар өткен. Содан сөзге абай болу керектігін ұқтым.
Zhan
Әннен бұрын ой мен сөзден абай болу керек сияқты. Сөз бен ойдың пайдасы мен зияны, салмағы тиіп кететінін байқап жүрмін.
AL-ASTER
Жүрегімен айтқан соң қабыл етілетін болар.
blackbeard
Есіл дүние өтер-ай, (как минимум 100 жыл болсыншы)
Бай болайын, өте бай, (как минимум Абрамович)
Aizhantabyn
сәйкестік шығар. Алайда, мысалы, әртістер де көбіне «мертвец» болып ойнағысы келмейді екен. Өлім, өлік, табытта жататын сценалардан қашатын ұқсайды. Жамандық шақырмай дейміз мұндайда… Мына ән, почему то, жұбайы көз жұмған соң жазылған деп жүріппін…