"Жаужүрек мың балаға" барма, барғызба!!!

Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі. Қалған уақыттарда және барлық кинотеатрларда тек орысша дыбыстамасы көрсетілуде. Иә, әрине кино алдымен коммерциялық жоба, түсірушілерге және көрсетушіге пайда әкелуі керек. Яғни, орысшасын көп адам көреді деген есеппен осылай істеген. Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс. Біз де қоғамбыз, біздің де таңдауларымыз бар. Неге олармен санасуымыз керек? Олар бізбен санассын.
Егер сен ҚАЗАҚ болсаң бұл фильмге барма, айналаңды да барғызба! Қазақтың да қоғам екенін көрсет. Өйткені бұл біздің кінәміз, біз оларды осындай қылдық. Ей, қазақ, кішкене болса да намысың бар болса бұл киноға барма. Бұл біздің протестіміз болсын. Ұлтшылдық тек құр айқай, бос сөз, әдемі ұран ғана емес, ұлтшыл болсаң ең болмаса бір рет сөзбен емес іспен әрекет қыл. Осы акцияға қосыл, басқаларға да естірт!
«Жаужүрек мың балаға» барма, барғызба!!!