Парақорлық этюдтері. Акт #6: Лот №12
"Әскери қоймаға картоп сатып алу" лоты бойынша тендерді жеңіп алып, он бір тонна шіріген картобын әкеліп тапсырған Жәдігер, енді бастықтың кабинетінде орамалды шешіп жіберіп, 15 пайыздық «сыйақысын» беруге ақшаны санай бастайды. Сыртта тарихи сәтті күтіп микрофон-камера асынған ҰҚК, финпол қызметкерлері және тұрады. Сол-ақ екен басекең атып тұрып:
— Жәдігер мынау не ақша? Құдай сақтасын, сен немене, маған пара берейін деп жатырсың ба? Қазір құрт көзін, өзің де құры! Масқара! Соттатамын қазір сені! — деп, комендантқа полиция шақыруды бұйырып, Жәдігер «пара беру» бабы бойынша шартты түрде үш жылға кете барады.
Есіктің алдындағы оперлер «шешесс...» дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалады: бастықтың ағайыны — Жәдігер арыз түсірген жерде тіркеуші болып істейтін…

9 пікір