Патриоттық мелодрама - қазззақтардың жаңа жанры

Романтикалық кеш. Қос ғашық мейрамхананың интимді күңгірт бөлмесінде бір-бірін көздерімен аймалап отыр. Үстел үстінде қымбат шампан, сәнделген салаттар мен сілекей ағызар тәттілер. Әйнек қабырғаның сыртында әсем қала — Ацсотононың силуеті көрінеді. Есілдің жағалауында жас отбасылар, кәрі-құртаң жайылып жүр. Бәрі сондай бақытты, мәз-мәйрам. Осы бір тамаша көрініс жалғаса берер еді, ал сен — көрермен осы бір тамаша өмірдің бір бөлшегі екеніңді сезініп, кеудеңді мақтаныш сезімі де керней бастайды.
Ал, екі ғашықты айтсаңшы. Олар бір-біріне сондай сүйіспеншілікпен қарайды, бір-біріне мейірлене қарап, бақыттан мас болғалы тұр. Кенет жігіт қыздың қолынан ұстап әлдене айтуға оқталды. Көріп отырған көрермен де жігіттің қызға арнап әдемі сөздер айтатынын күтіп, ауыздарын ашып қалды:
— Білесің бе, Айнаш. Бұның бәрі Елбасының арқасы ғой!
Әдемі музыка ойнап қоя берді…

Патриоттық мелодрама, жамағат — қазззақтардың қолынан ғана келетін жанр. "Алтын бүлдірген" жүлдесі мемлекеттік тапсырыспен кино түсірушілер мен актерлерге берілсе екен деген арман бар менде.
Бөлісу:

22 пікір

patick
Аттарын атамаймын, сұрамаңдар
satibaldi
Лібәәәә, джинстің тігістерін сөгіп тұрып атты нақ
Еще Отто Бисмарк вон Шонхаузен айтқан: «Кез келген әріден ойластырып, қиыннан қиыстырған айлаңа — Ресей күтпеген ақымақтықпен жауап беріп, опық жегізед» деп.
ademi_alem
)))))))))ой, ішім)))))
Көріп отырған көрермен де жігіттің қызға арнап әдемі сөздер айтатынын күтіп, ауыздарын ашып қалды:
— Білесің бе, Айнаш. Бұның бәрі Елбасының арқасы ғой!
Әдемі музыка ойнап қоя берді…
))))))))))))))
qisyq
Патриоттық мелодрама
жаңа жанр>
janarbek
..қолынан ғана келетін жанр
a63a1
 Балақтан сел болып ағып кетті 
ӨӨӨӨРРРТТТТТ!!!
zhanibek_nurish
Әдемі музыка ойнап қоя берді…
, қай музыка екенін анықтап жазшы,))))
patick
Арман Дүйсеновтың кезекті шедеврі да
patick
немесе басқа да сарай ақындары
zhanibek_nurish
Арман Дүйсеновтың кезекті шедеврі да
, шедеврі деген артық па деймін,
asaubota
«режиссері» Рақышев шығар?
patick
Рақышев және басқа да әбдірашевтар
kokbori
Ареке, бұныңыз шаты бардың шамына тимесе неғылсын?!
neoman
Жарылып кете жаздадым  U made my day
Simona


Пaтиk, шaл деген фильм шығыпты, көрдiң бе?
patick
Сіздер секілді бақытсыздардың қатарындамын. Жабық көрсетілім өтті Алматыда, шақырту бізге жіберілмеді.