4 сағат өлең тыңдаған жігіт ауруханаға түсті


Алматы қаласының кафеде есінен танып қалған бір студент жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға түсті. Оқиға кеше Қорқыт-ата кафесінде болған. 2-курс студенті Аян Өтей 4 сағат бойы дос қызының өлеңдерін тыңдаймын деп, жүйкесі шыдамай есінен танып қалған. №2 қалалық ауруханада жатқан жас жігіттің жағдайы қазір түзеліп келеді дейді дәрігерлер.

Ахмет Мухтаров (даяшы):
Сол күні кафеде адам аз еді. Басында екі жас тым жақсы отырған еді. Ұяң қимылдар, жасқаншақтық байқалды бастапқыда. Бір кезде қыз сөмкесінен өлең дәптерін шығарған кезде мен бір бәленің болатынын сездім. Жігітті ескерткім келді, алайда екі жастың арасына түспеуді жөн көрдім. Адам аз, жұмыс жоқ болғандықтан еріксіз мен де естіп отырдым өлеңдерді. Басында Аян бауырымыз «жақсы екен», "ұнады", «неге газетке бермейсің?», «тағы қандай тақырыптағы өлеңдерің бар?» деп отырды. Кейін мүлдем үнсіз қалған оның беті ағарып, бос бір нүктеге қарап отырғанын көрдім. Мен бір үстелге барып келгенше ол құлап қалыпты, ал қасындағы қыз оны байқамаған да. "Үздіксіз жауған жауын. Алматы. Парк. Түн. Жылайды клоун" деп өлеңін оқып отырған қызға еріксіз дауыс көтеруіме тура келді. Сосын жедел жәрдем шақырдық. Тезірек сауығып кетуін тілеймін.

Гүлсезім Самалбек (студент):
Аян кафеге келген кезде де бір түрлі ауырып тұрғандай болып көрінді. Кафеде жегендері де жақпай қалуы мүмкін ғой. Менің өлеңдерімнен болды дегенге сенбеймін.

Рысбек Әлішев (дәрігер):
Науқастың қазіргі жағдайы жаман емес. Бірақ, жалпы палатаға шығару үшін әлі ерте. Ата-аналарға айтарым балаларыңызды әуесқой өлеңдерден алыс ұстаңыздар. Мұндай өлеңдер жүйкеге травма береді, оның салдарлары бірнеше жылдан кейін білінеді. Қазір Аянға өлең түгіл микроблог, афоризм, ақылды сөздер де оқуға болмайды.
Бөлісу:

55 пікір

Jacqabaies_Chirac
rauka
Өлең қатты әсер еткен шығар
jambo
«Жылайды клоун»-мен бірге «піскен жапырақ» дегенде өлең бар
a63a1
 ой тәліб-ай!!!
a63a1
рысекеңнен дұғай сәлем!
Abilakim
обалдағы, жас жігітке обал болған екен
Daniar-Alan
кызык… Қазір Аянға өлең түгіл микроблог, афоризм, ақылды сөздер де оқуға болмайды.-депті. ақыл айтқыштар көп болғасын шыдамаған да байғұс бала… ол да зиян…
asaubota
ана кімдер көрмесін бұл постты
AKY
Vikilikas
Ондай да болады екен ау)
meirzhan
Мына смайлды бірінші рет көріп тұрсың ба?
balzaminka
тез сауығып кетсін енді
QazaqQyzy
мундай да ауру бар екен ау)))
Сауыгып кетсын!!!
estetika91
Тезірек айығып кетуін тілеймін!
madlen
Сондай да болады екен деп таң қалмайсың да ма?
sammita
қыз сөмкесінен өлең дәптерін шығарған кезде мен бір бәленің болатынын сездім. Жігітті ескерткім келді
мынаны түсінбедім
omarbirat
Бұған дейін де сол кафеде сөмкесіндегі өлең дәптерімен ЧП жасап жүрген қыз болса керек қой.
sammita


сұрақ күшінде
Rafaello
Енді қазір ұзақ өлең оқылады, біттің дегісі келген шығар.
Gastarbaiter
Қорқыт-ата кафесінде

Қаңылтыр
Guka
Қызық… Ондай да ауру бола ма?! Өзі бір ойға беріліп жүрген адам шығар, өлең қатты әсер ететіндей…
sammita
Guka, сен Гүлсезім?
Aldeken
Қызық… Ондай да ауру бола ма?! Өзі бір ойға беріліп жүрген адам шығар, өлең қатты әсер ететіндей…
Өлең жазуға әуестігіңіз жоқ па еді?
Guka
Өлең жаза алмайтындығыма қуанамын. Әйтпесе…
Erkekyz
Өләә, 4 сағат бойы оқыған болса, неткен таусылмай өлең))
Erkekyz
Тусылмайтын.
4 сағат тоқтаусыз оқыған қыздың энергиясы джынды екен).
Marco
так сонымен таусылмай ма, әлде тусылмайтын ба? )))
Erkekyz
түзетемін деп тіпті қателесіп кетіппін ғой.
araika
Мұнда күлегештер бас қосыпты ғой, ә? Жігіт сауығып кеткей!

Прозаға кетемін
araika
Бұл қай қалада орын алған деп тергеуді бастайын деп жатсам, аптырымыз
Жазбаларымнан шындық іздемеңіздер. Кейіпкерлер және оқиғалар ойдан шығарылған.
деп нақты жауабын әлдеқашан беріп қойыпты
konvict
Тфу, барып тұрған оңбаған екенсің. Жаңа ғана душқа түсіп едім.
estetika91
Мәәәәәәәәәәәә s мына ақпаратты бүкіл коллективтегілерге айтып, талқылап отыр едік… Олар енді ана Аянның жағдайы ары қарай не болды деп сұраса не бетімді айтамын?..
estetika91
www.kerekinfo.kz/profile/Rafaello/ бұдан былай сізге сенбеймін Скептик болмасам)))
FaraOn1
Әуесқой өлең, әуесқой ақын
қайта 4 сағатқа шыдаған екен. Кәсіби өдең/ ақын болса қайтер еді? )))
Argyn
Жүре берсең көре бересің деген осы…
Erlan
Жігіттің организімі әлсіреген болар, өлеңнен болмас, не сумірейіп тыңдап отыр  басқа арнаға аудармайма или жайсыз сезінсе айтпайма
Rafaello
Шаршадым

Жазбаларым туралы айтудан.

Профиліме жаздым деп едім өткенде.
balzaminka
хехе, әлі талай сұралады
satibaldi
Бауырым, айтпа, түсіндірме, әйтпесе қызығы кетіп қалад. Шын айтам.
konvict
Түсіндірме ешкімге. Біз мында кәментке де күліп отырамыз. Бола берсін
Adiletshu
профиліндегіні де өшіріп таста
Bakitoral
кейде жаныңда отырған адам энергияңды алып отырады, содан да құлап қалуы мүмкін. кей адамдар бір бөлме, бір үйде болсаң да жақсы әсер беріп жаныңа шуақ шашып тұрады, ал кейбір адамдардың жанында да болғың келмейді, онымен сөйлескің де келмейді, ал ол сенен тақымдап қалмай энергияңды алуға тырысады. жан дүниесі таза адамдар да көп, олар жақсы адамдар, сонымен бірге теріс әсер беретіндер де болады.
Gastarbaiter
кетші-ай, эзотерикаңмен қоса
Esmeralda
Қазір Аянға өлең түгіл микроблог, афоризм, ақылды сөздер де оқуға болмайды.