Тау баласы - janarbek

Біз білмейтін қазақтар қауымдастығында бұл жолы КерекИнфо мүшелерінің бірі, Моңғолиядағы қандасымыз Жанарбекті таныстырмақшымын. Оның альпинист екенін былтырғы Блог Құрылтайға қатысқандардың көпшілігі біледі. Егемен Қазақстан журналисі Дастан Кенжалин Жанарбекпен әдемі сұхбат жасаған екен. Соны бөліскім келеді.



– Әуелі өзіңіздің шыққан таулары­ңыз­­ды санамалап берсеңіз.

– Мен моңғол еліндегі биік таулар басында мәңгі мұзбен көмкерілген барлық шыңдарға шықтым. Ең биігі саналатын Бесбоғда шыңдарына 60 рет шығыппын.

– 60 рет? Көп екен. Басқа қандай тауларға шықтыңыз?

– Шетел шыңдарына алғаш рет 1994 жы­лы шықтым. Бұл Түркияның 4000 метр­лік биік Бурса шыңы болатын. Одан кейін Алатаудың Тұйық суына, 2002 жылы Тянь-Шаньның 6400 метр биік мәрмәр дуал шыңына, Алтай тауларының 4506 метр биік­тегі шыңы – Белухаға шықтым.

2009 жылы Кавказ тауларының ең биік шыңы – 5642 метрлік Эльбрус шыңына, Көк­шетаудағы Бурабай, Семейдегі Орда, Шыңғыстаудағы Хан тауына шықтым. Қазір шетелден келген әлем альпинистері мен Мемлекеттік тау спорт комитетінің бағдар­ла­масына сәйкес Моңғолиядағы қазақ жас­тарын ертіп, оларды мұздақ шыңдарға шы­ғарып жүрмін.

– Моңғолияның президентін тауға ертіп шыққаныңызды баянөлгейлік қан­­дастар мақтанышпен айтады екен. Моңғолияның қай президентін қай тауға шығарып жүрсіз?

– 2006 жылы Моңғолия Шыңғыс ханнан бері ел атанғалы 800 жылдық торқалы тойын ЮНЕСКО көлемінде атап өтті. Соған байланысты ел президенті Моңғол Алтайы­ның ең биік шыңына шығатын болды. Сол кезде маған президентті шың басына алып шығу жауапкершілігі жүктелді. Моңғолия басшысы және үш парламент мүшесі бар жалпы саны 41 адамды мұзарт шың басына шығар­дық. Сол шыңға шыққанда оған «Ұлы Моң­ғол» деген жаңа ат бердік. Содан кейін моң­ғол халқы өте ырымшыл ғой, Бейжің Олимпиадасына апаратын ел бай­рағын мұзарт Цамбгарав тауының ең биік шыңына шыға­ратын болды. Бұған президент Намбарын Энхбаярдың өзі бастама көтеріп, өзі тағы да шыңға шықты. Мен сол кезде деректі фильм түсіруші операторды қорғаушының міндетін атқардым. Нәтижесі әсерлі болды. Сол жолы ел президентімен бірге шың басында жел­біреткен байра­ғы­мыз Бейжің Олимпиадасында екі мәрте көкке көтеріліп, тарихта тұңғыш рет екі алтын медальға қол жет­кі­зіл­ді. Олимпиада ел есінде мәңгі қалды.

– Қазақстаннан Моңғолияға барып, сізбен бірге тауда болған қандастарыңыз болды ма?

– Қазақ елінің кәсіпқой альпинистерімен бірге бола алмасам да, Ерлан Қарин деген азаматпен жақсы таныспын. Ол Қазақ­­­стан­да «Нұр Отан» партиясының хатшысы екен. Екеуміз соңғы үш жыл қатарынан Моңғо­лияның даласын кезіп, Алтай шыңдарының маңын шарлап жүрміз. Оның мақсаты – сонау біздің 3 000 жылдық тарихы бар таста­ғы жазу-сызуды және балбал тастарды фо­тоға түсіру. Маған оның не көріп, нені фо­тоға түсірсе де суреттерін елдегі барлық ақпарат құралдарына жариялайтыны ұнай­ды. Сосын мені Ерекеңнің қазақтың ұлан байтақ даласын ерте заманда бабалары­мыз­дың найзаның ұшымен, білектің күшімен, өзіндік әскери тәсіл, қару-жарағымен қор­ғағанын көрсетіп, көне қару түрлерін жи­нас­тырып, бір жебенің өзінің қазақ тілінде жүзге тарта аты бар екенін жазып-сызып, көпшілікке паш етуі қатты қызықтырды. Содан мен де тау-даладан садақтың жебе ұштарын жинастырып жүретін болдым. «Дала жебенің ұштарымен, тарихи деректермен менмұндалап жатыр. Солар әлі де анықтап, зерттеп, қазақы көзбен қарауды қажет етеді», дейді ол.

– Жәке, сіз әлемнің 30-ға тарта мемле­ке­ті альпинистерінің тобын басқарып Ал­тай­дың асқар шыңдарын бағындырып жүр­сіз. Шетелдіктер сізден нені көргісі ке­леді, ал сіз олардың бойынан не байқап жүресіз?

– Бірде Испаниядан келген ерлі-зайыпты қос отбасымен Алтай шыңдарын армансыз бағындырдық. Сапар соңында маған қатты разы болғаны сонша уақыттарының азды­ғына қарамай бір күн әңгімеге ерік бердік, қыза-қыза сөздерімді бейнежазбаға түсіріп те алды. Абылайхан заманынан қазақ же­рі­не қозғалған көштің Қытайды басып бүгінгі Моңғол даласына жетіп енді қайта ұзақ жылдар отардан болған қазақ елі егемендік алысымен қандастарымның Қазақстанға көшіп жатқанын, қандай қиын заманды бастан кешірсе де бабалар ұлттық рухты жо­ғалт­пау үшін қасық қаны қалғанша, ұрпа­ғын аман алып қалу үшін осындай тра­ге­диялық көштің орын алғанын әнгіме­ледім, жылап отырып тыңдады. Бұрында бұл жайлы шет жағалап естігендерін айтты. Өзімді атамекеннен жырақта туғыздыртқан озбыр ұлттың озбырлығын әлем туристеріне аямай әшкерелеп айтып беремін. Ішімдегі қатқан шерді осылайда шығарам да. Еуропа мен АҚШ туристері көбісі қазақтың басынан өткен бұл трагедиядан хабары бар екенін айтып жатады. Ұлттық рух демекші, олар да өздерінің көне салт-дәстүрлерінің жоғалып бара жатқанын, бүгінгі жастар көненің көзін елемейтінін қынжыла айтатындары көп. Бірақ ұлтжанды азаматтардың арқасында әр сатыдағы ақ­парат арқылы әр түрлі бағдарламамен және жоғарғы дең­гейде сыйлық ұсынылып, қы­зық­тырып, насихаттау жұмыстарын жүргі­зіп жүргендерін жасырмады. Мұндай ұлт­жандылықты наси­хаттауға келгенде көбінде жеке ауқатты кә­сіпкерлер тарапынан ықпал мен белсенділік де өте жоғары болады екен.

– Тауға шыққанда қандай да бір оқи­ғалар болды ма?

– Қауіп, қатер, қызықты оқиғалар әр тауға барған сайын кезігіп тұрады. Мына бір оқиға әлі есімнен кетпейді. 2009 жылы Кавказдағы Эльбрус шыңын бағындыруға төрт моңғол әріптесіммен бірге барып едік. Ұланбатырдан шыққан пойызымыз Бурят­тардың Улан-Удэсін, одан кейін Новосібірді басып өтіп, Кавказ тауларына да жеттік. Пойыздан түскен соң, такси ұстап тауға кеттік. Орысшамыз шамалы. Кавказдық­тар­дың тілін қалай түсінеміз деп бір-бірімізге қараймыз. Арасында картамызға қарап жолдан жаңылмасақ болды деп өзімізді жұба­тып қоямыз. Сөйтіп жүргенде, мына қызық­ты қараңыз, маған кезіккендердің бәрі қазақ тілінде сайрап қоя береді. Мен қиналмай жол бағдарымызды біліп отырдым. Артынан елге келген соң әріптестерім «Жанарбек түркі тектес халықтардың барлығының ті­лін біледі екен. Олармен ана тіліндей еркін сөйлесті», – деп таңғала айтып жүрді. Ол жердегі халықтың әйелдері мен басқа да адамдары туристердің жан-жақтан Эльбурус тауына ағылып жататындықтан, тау етегіндегі туристік базада қозы терісінен істелген ұлттық тымақ пен қол кәде бұйымдарын сатып, шағын бизнес жасайды екен. Бірде соларға барып суреттерін тамашалап жүрсем, «Әй бала, қай ұлтсың?» – дейді біреуі. «Қазақпын» десем, олар да қазақша сайрап қоя берді. Өзім де таңқалып «Ойбай! Ел болып жабылып қазақтарға қа­зақ­ша сөйлете алмай жүрсек, сендер қазақ тілін қайдан ұғып алғансыңдар?» – деп қоя­мын. Сөйтсем, олар Кеңес одағы кезінде Қазақстанға пойызбен жөнелтіліп, жер ауда­рылған халық екен. Кеңес одағы ыдыраған соң атамекендеріне қайта оралыпты. Маған кезіккендердің бәрі де Алматы облысынан кеткендер екен. «Қазақ­станды сағындық» деп, таныс-тамырларын еске ала, қазақ­тардың қонақжайлылығын айтып тауыса алар емес. Маған «Тегің қазақ қой, Алматы жаққа барып жатсаң сәлем айт» – деп кейбірі қазақ достарының мекен-жайын жазып та берді. Тіпті, қандастарым көшіп жатқанда, қаражат болмай қинал­ғанда «Мен бай емеспін, бірақ өзіме деп жинаған ақшамды берейін, еліңе жетіп ал»,– деген қазақ азаматының берген ақшасымен еліме жетіп алғанмын. Тірі болып, ауқаттанып алсам, мен жақсылығыңды қайтарамын», деп көзіне жас алған апаның сөзін естігенде, ана мәрт қазақтың ерлігінен Еуропа құр­лығының ең биік мұздақ шы­ңының түбінде тұрып керемет әсер алдым.

– Жәке, осы қазақты альпинист халық дей аламыз ба?

– Менің ойымша, иә. Қазақ тауға тым құмар халық. Оның бір айғағы – хал­қы­мыз­дың тым ертеден қыран баптап, тазы ер­тіп тау кезген халық екендігінде. Анау көне ғасырдан бізге жеткен тастағы қашал­ған суреттерге қарап отырсаң, халқымыз­дың тір­лі­гі таудан алшақ кетпегенін бай­қай­мыз. Бас­қыншы жауларын тауға апарып әр түрлі әдіс-тәсілмен қырып-жойып жіберген аңыз-әң­гімелерде де көп кездеседі, соған қарағанда қазаққа тау таңсық емес, қазақтар тау тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, оны өз өмір­леріне байланыстыра білген, сондықтан қазақ­ты тау құмар халық деп айта аламын.

Қазақтар ежелден бүркіт баптап келген халық. Ал балапанды ұясынан ұшарда алып баптағанда ғана ол нағыз мінезді қыран болмақ. Ондай балапандар таулар­дың ең қиын қиялы, құз жартастардағы ұяларда болады. Міне, қазақтар осы балапанды алу үшін де сол адам аяғы тимеген шыңдарға өрмелеп, басын қатерге тігер болса, онда неге қазақ­тар­дың тау перзенті екенін жоққа шығарамыз? Еуро­па­лықтар тау спортын альпинизм дей­ді, ол тер­миннің шығу тегіне тереңдесек, Еу­ро­падағы Альпі тауларына алғаш бір дә­рігер мен бал өсіру­шінің асқарлы мұздақ­тар­ға шығамыз деп қайта-қайта барып жүр­генін көрген жұрт әне Альпілер, Альпіші­лер кетіп барады деп жү­ріп, тау спортына қатысты альпинизм тер­минін қалыптас­тыр­ды. Бұған 100 жылдан астам уақыт болды. Ал біздің қазақтың шың-құзға шығып жүр­гені тым әріден бастал­ғанын жоғарыда айттым. Тіп­ті, қа­зақ ақын­дардың да «тау ұлымын» – деп жыр­лауы да, Абайдың өз өлеңдерінде де тауды сипаттайтыны тегін емес. Қазақ биіктерге алысқа қарап үйренген тау баласы ғой.

– Туризм әлемінде гид деген сөз бар ғой. Бұл барлық халықтың санасына сіңіп болды. Оны біз қазақшалап жолбасшы деп те аударып жүрміз. Осы кәсіп қазаққа таңсық па?

– Түпкі ойыңды түсіндім. Гидтер (guaid) жайлы ойды әріден қарауға болады. Қазақ­тың аңыз әңгімелерінде жолсерік, жолбасшы жайлы аңыз көп, солардың ең бір кереметі – сақ дәуіріндегі Шырақ жайлы. Онда тұтқиылдан шабуыл жасаған парсылар сақтарды бір-біріне қоспай қырғынға ұшырата бастайды. Сақ көсемдері күш алып келе жатқан жаулардан қалай қорға­намыз, қалай құтыламыз деп бастары қатып қиналып жатқанда мал бағып жүріп-ақ қазақ даласын жетік білетін Шырақ көсем­деріне келіп: «Мен туған жерім өскен ортамды жауға таптатпаймын. Сендер менің бала-шағамды бағамын деп уәде берсеңдер мен жауды өзім-ақ тойтарам» деп келісімге келеді де, бет-аузын тіліп, қанын сорғала­тып, парсылардың алдынан шығады. Сол кезде ол: «Сендер келеді дегенде мен шамамыз келмейді, соғыспайық, берілейік деп едім, мені бет аузымды тілгілеп өлтірмекші болды, мен әрең қашып құтылдым» дегенде парсылар сеніп қалады. Сосын ол пар­сы­ларға: «Мен өшімді алам, сендер көмек қылсаңдар, олар жайбарақат жатқанда үсті­нем түсіремін, қане, мен жол бастайын», – дейді. Соғыстың бұл қулық-сұмдық түрін жақсы білетін парсылар құп көріп, Шы­рақтың артынан ереді. Қазақ сахарасын жақсы білетін Шырақ оларды 8 күн бастап жүріп, азық-суы таусылғанда қулығын айтыпты. Дарийдың алданғанын біліп, қол­бас­ы Ранасбат қылышын қынабынан суырып алып, Шыраққа тұра ұмтылады. Өлі­м­нен қорықпаған Шырақ тәкаппарлықпен Ранасбатқа қарсы қарап: «Жеңіске жетті деген осы! Атажұртымды жаулап алмақ болып Дарий I патша бастаған қанқұйлы жауды жалғыз өзім шөлге қамап, қырып тастадым. Төрт жақтарың бетпақ дала, қалай жүрсеңдер де шөлден өлесіңдер. Ал менде ешбір арман жоқ. Қаным кіндігім кесілген туған жерде төгіледі, денем осында көмі­леді» – деген екен. Ашуға булыққан Ранасбат қылышпен Шырақты шауып өлтірге­німен, қай жақтан келіп, қай жаққа барарын білмей дағдарған қалың әскер шөл мен аштыққа ұрынып, шетінен өліп көмусіз қалыпты. Ал туған жерін өз қанымен қорғап қалған Шырақтың есімі мен рухы күні бүгінге дейін Қазақ даласында жаңғырып асқақтап келеді. Міне, бүгінгі ағылшынша гид (жолбасшы) деп жүрген кәсіптің біздің бабалар 517 жылдың өзінде соғыс өнеріне тамаша пайдаланып қойғанын бабалардан бізге жеткен аңыздардан байқаймыз.

Бүгінгі таңда жолсерік қызметін заман­ға сай жетілдіріп дамытсақ, ұтпасақ еш ұтылмаймыз. Себебі, туризмді дамы­тудың бірде-бір жолы – жол серіктердің дархан қазақ далаларын аралатып қана қоймай әр тасы суына дейін сөйлете алар білімі мен өз мамандығын жетік менгергені жоғары дең­гейде болуы керектігін қажет ететінін басты назарда ұстаған абзал.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әнгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН.

www.egemen.kz/?p=330490
Бөлісу:

83 пікір

Aldeken
мықты!
janarbek
Рақмет Аршат!!! Алыс жақынды баурыңа тартып қашанда бәрін өзім деп жүретін пеиліңнен айналдым!!! Сендей қазақтың кең қолтық жігіттері көп болса талай қазақтың басын қосар еді! Рақмет бәріңе!
asaubota
былтыр Әбіләкімнің бөлмесінде Құрылтайдан кейін біраз әңгімелескенбіз.

«Альпинизм ауру сияқты. Бір тауға шығып келгеннен кейін, біраз уақыт үйде жатып, қайта ауыра бастаймын, тауға шыққым келіп тұрады. Бар тапқаным да осыған кетеді» деп еді.

Тауға шығу туралы әңгімелері қызық.
Aldeken
Тарих факультетінде оқып жүргенде археология мен этнографиядан сабақ берген мұғалімім бар. Археология сізге несімен қызық, жаз бойы шыбын-шыбын болып жүргеннің несі қызық дейтін сұрақ сұрайтынбыз. Соған айтатын приколы бар ед.
"Үйдегі жеңгелеріңнің руы адайдың қырықмылтығы. Обалы не керек, маған деген ашуын жинап-жинап, «катюшасынан» (қырықмылтыққа прикол ұстағаны ғо) залптарды бастап жатқанда заттарды жинаймын да, экспедицияға кетіп қалам, қайтып келгенде уже жеңгелерің нормально сағынып күтіп отырады" дейтін. Соған қарағанда Жәкең де отбасында бақытты шығар, ә?
janarbek
Алғашқы жыл тауға баратынымды жасырып жүрдім.Себебі өлсе де ұрықсатамас еді.Жәй саяқат, жаяу жүріс анау мынау деп сендіретінмін… бірде кеткем көрші обылысқа содан жергілікті тілшілер қуған ғой тірі келуіде нағайбыл деп Содан барып менің тау спортпен айлансып жүргенімді білген еді..))
janarbek
Әбіләкімнің бөлмесінде.))))
asaubota
ойбууу ұят болды, мен ол бөлмедегі нәрселерді жарияламаңдар деп жүрсем

мына суретте екеуіміздің де ұйқымыз келіп, көзіміз енді жабылайын деп тұр екен
janarbek
сау екеміз сияты екеміз әйтеу
asaubota
Алтайдан келген қазыға тойып, ұйқымыз келіп тұрғаны көрініп тұр.
Gastarbaiter
Мониторымның арғы жағы буланып кетті, түрлерің бар болсын, жүктібайымайд
Abilakim
бір сөзінде «Жарқанат секілді басымызды төмен салбыратып тұрып(арқанға ілініп тұрып)1-2 сағат ұйықтап аламыз деп еді
satibaldi
А? төмен салбырап тұрған адамның 20 минуттан кейін миына қан құйылмай ма?
Abilakim
арақ ішіп отырып айтылған әңгіме ғой. Моңғолиядан әкелінген арақ.Ішкендер «керемет!» деді
asaubota
ондай нелерді жазбасаң болатын еді ғой
janarbek
Тауда емес мынандай бас салбыратудан шаршайсыңда))))

satibaldi
Тау саятшылығы қымбат шаруа деп есептелетін көрінеді. Неге?
janarbek
Басқа спортта бутқа дамбал, аяққа жеңіл бірдеме сатып алсаң жетіп жатыр ал тау спортында қарсыласың қатал табиғат болған соң жылы киім оның өзінде арнайы тігілген қанша гарадус суқ өтпеу керек, аяғыңа мұз қарымайтын пластик етік(bots).бірнеше елденғана арнайы шығарылады, жел, суық,қарды бұрқақта шыдайтын шатыр болу керек олда тек тау спорты ұшін арнайы жасалынады… және жатын орының, Сосын ең бастысы таудағы мұздан таиып кетпес ұшін аяққа байлайтын таға(crampons) Қолға устайтын таяғың(ice axe.sticke), арқаның`, биктегі кун сәулесі және қар қарудан сақтайтын көзілдірігің т/ббәрі бәрі қымбат түрады.Содан әлемдегі ең қымбат спорт аталған спорт турі осы тау (Альпинизім)
Ал ең қымбаты адам өмірі, басқа спорттан қарағанда адам шығыны ең көп саны жағынан тау спорты тағы алдынғы орында.Бір Эврестінің өзінде 300 тарта адам құлап өлсе, Келесі орынды К1 шыңы иеленеді Қазақстаның ең бигі Хан тәңірі шыңыда осындай қаралы шыңдардың біріне саналады.
Адам жанынна қымбат не бар содан қымбат спорт аталатын себебі осылай satibald!
asaubota
айтып едіңіз ғой иалай жігіттер кетті деп тауда. біреуінің аяғы үсіп кетті дедіңіз, тікұшақ күтіп 3 күн арақ беріп жаттық дегеніңіз есімде.
janarbek
йә франция таушылары ғой.
Abilakim
алдында арақ ішуші ме еді?
janarbek
Әнгімені ести аламай қыршанқы шалдардай теріс қарап жатып алған обалыңыз өзіңізде. Бұл әнгімені Аршаттан сұрап ал!
sammita
«Егемен Қазақстан»-нан оқыдым бір күшті үлкен мақаланы. Қазақстаннан Ерлан Қарин, тағы 2 журналист барыпты іссапарлатып Моңғолияға. Сонда осы Жанарбек күтіп алып, қатты қуанғанын, елпілдеп қызмет көрсетіп ел-жер аралатқанын мықты жазған. Суреттерімен. Мықты әңгімешіл жігіт екен.
janarbek
Қазақстаннан баратындар көп бірақ, Солардың көбі монгол даласынан Қазақы руқ іздеп баратындар аз.Ал Ерлан Қарин біздің бабалардан қалған мұра ретінде сонау 4-6 ғасрлардағы балбалдарды суретке түсірумен айланысып жур.Осындай шаруамен бізге бернеше рет барды,әліде жоспар көп сондағы мұралар құрып кетпеудің алдын алу шараларын қарастыруда.Бұл жайлы алда талай әнгіме болатынына сенем.
Abilakim
Біздің ауылдың аты «Ескене» деп аталады. Бір байдың құрметіне аталып кеткен деседі. Біздеерде төбешікті тау деп айта береді ғой.
«Басына шықсамдағы Ескененің
Биіктіктен қорқып сескенбедім» деп жыр жазған құрдасым да болып еді.Кездескенде құлағының етін жеймін мазақтап. сондағы төбенің биіктігі шамамен 500-600 метрден аспас
satibaldi
. сондағы төбенің биіктігі шамамен 500-600 метрден аспас
Ниқұя себе, «төбе»! Биік қой.
Abilakim
қазақшылықпен 100-200 метр қосып жіберуім де мүмкін)))
satibaldi
Соның өзінде, Бетпақдала үшін 200 метр де биік сияқТ.
Abilakim
қой 200-ден түспеймін. Бетпақдала біздің ауылдан шамамен 300 км жерден аса басталады
satibaldi
110 метрлік телевышканы қасынан көргендер үшін — тіпті тажал ғой.
sammita
қыр баласы қол созады аспанға деші
Abilakim
Ол кезде Табыл деген кісінің ондай өлең жолдарын да,өзін де білмейтінбіз. Жаңағы жолдар бірақ бізді дәл суреттеген
Nurgisa
Керемет сұхбат екен. Жанарбектің бұл қырын білмеппін. Таушылардың әңгімесі қашан да қызық. Мемуар жазатындай көрген-білгені бар жігіт екен.

P.S. Соңғы жауапта «guide» деп түзетіп қойсаң екен.
Janasil
Олимпиадасына апаратын ел бай­рағын мұзарт Цамбгарав тауының ең биік шыңына шыға­ратын болды.… Нәтижесі әсерлі болды. Сол жолы ел президентімен бірге шың басында жел­біреткен байра­ғы­мыз Бейжің Олимпиадасында екі мәрте көкке көтеріліп, тарихта тұңғыш рет екі алтын медальға қол жет­кі­зіл­ді. Олимпиада ел есінде мәңгі қалды.

Мынаны оқып олимпиадаға баратын қазақтардың бәрі тау жағалап кетпесін.
janarbek
Janasi монгол елі тариқында Олимпиада алтын медалы еш қашан бұйырған емес… бар болғаны 1-2 куміспен қане шектеліп жүрді(20 миллон халқы бар KZ мен 2 ақ миллон халқы бар МG тең емес қой) Ал біз Цамбгарав шыңына шығарған туды ел басы спортшыларға тапсырарда мына сөзді айтты «Мен сендердей шыныққан спортшы емеспін бірақ! елімнің ұл қыздары ел мәртебесін көтерсін деп жанымды шұперке түйіп мына туды шың басынан шығарып келдім, Сендер мен шыққан биктенде бикке шығарыңдар»- деп туды табыс еткен еді.Артынан Бежің олипядасынан 2 алтын медал алып келген спортшылар біз сіздің тапсырмаңызды орындап уәдемізде түрдық деген сөзі баспа сөзде бірнеше жыл жыр болған еді.Тудың спортшыларға руқ болып пайдасын тисім тимесін Janasi монгол спорт және елбасы тариқнамсында тариқ солай жазылып қалды.

Енді қазатар тау жағаламасада осыдан кеиін Монголдар тауға қойша өріп кетті)) Тау спорты әжептауір санымыз қосылып ел қатты қызығып құлшыныр жүр)))
asaubota
керемет мысал екен, нағыз патриоттықты шыңдайтын.
janarbek
Монголдарды 300 жыл қытай 80 жыл Орыс боданында үстады… Олардың тариқы бізбен уқсас… Оларда өз руқтарын қайтару жолында жан таласып жатыр.
asaubota
Кавказдықтар туралы дұрыс айтады, олар қазақтарды қатты құрметтейді. бұрын осында айдалып, кейін елдеріне қайтып барғандар.
patick
иә, айдалғандар өздерінің айдалғандарын ешқашан ұмытпақ емес
bazuka
Жақсы сұхбат болған екен!
alashaman
Жәкең, мені де Бесбоғдаға ертіп апарамын деп уәде етіп еді, бірақ менің соңғы 4 жылда Моңғолияға жолым түспеді. Блогшылар жиналып алып, Жәкеңді щақырып, Алатаудың бір биігіне шығып келсек ә?!
Abilakim
қымбат құрал-жабдықтармен кім қамтамасыз етеді?
janarbek
Abilakim жақсы үсыныс болса сайман менен болсын!!!
janarbek
йә бір тауға шығып оның атын «Блогшылар» атасақ йә
сондай дәс түр бар жалпысы!
Abilakim
Біздің Ескенеге келіңдер, жалаңаяқ шыға бересіңдер
alashaman
Жәкеңде біраз жабдықтар болуы керек. Өзә айтқан. Жанарбек кем дегенде 5 адам ерте аласыз ғой ие, солай ма нағашы?
janarbek
Егер тз 4000-4500 метір бик болса 5 адам.
тз 6000 м бик тау болса болса 3 адам
7000 м бик тау болса 1 адам ертіп жүре алам, Толық сайманын өзім алып барамын.
alashaman
Демек, Хан тәңірі болмаса да, Алатаудың кейбір ышңдарына шығуға мүмкіндік бар сияқты
Abilakim
Шығуын шығып алып түсе алмай жүрмейік…
janarbek
Ол оңай қапқа салып домалата саламыз, тез түсесің!
janarbek
йә 1000 адам болсада ұйымдастыруға болады.Бәрі шығу шарт емес әр шығушыға 10 нан бапкер керек,)))жазып сызып жазатындар керек дегендей дабырасын кеңейтуге болды ғой)))
alashaman
Таудағы блогкэмп болып кетер ол да…
janarbek
Болсын блогшылар залмен шектелмеу керек қой)))
Қазақ даласында инет шулап жатса керемет қой қайта)))
Abilakim
тауларға көп шығып жүрсіз ғой.Блогшыларды басында wi-fi ұстайтын тауға шығарыңыз)
sammita
Жанарбек, ұлыңыз өсіп қалған болар. Тауға шығуға икемі бар ма?
janarbek
Жоқ, мамасын үзілде кесілді қарсы.Өлседе жібергісі жоқ!
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
Пікір өшірілді
janarbek
Нұрекеңді қапқа салу қажет емес ол 4500 метірлік биік Алатаудың шыңдарына шығып түскен ысылған альпинисті екенін мен жақсы білем.
Erkekyz
Күшті сұхбат!
Баяғы солайдеде Пандора апай Кавказ тауларына шыққаныңызды айтқанда кәдімгідей қуанып едік.
janarbek
Рақмет! Ол кезде Пандора әр куні хабарласып руқани демеу болған еді!
janarbek
сол кезде Erkekyz солай де де сенде барма едің?
Erkekyz
Есіңізде бар ма, жоқ па, RRR деген никпен жүрдім.
satibaldi
Хан Тәңіріне шығу Сізге техникалық жағынан қиын бола ма, әлде оның жаман атағынан жүрексіненсіз бе?
janarbek
satibald рақмет!!!
айтарым көп бүған!!!
сұрағыңды жеке жазба ретінде жолдайыншы.
кешке шығам байланысқа!
janarbek
Екеуіде емес, мен Хан тәңіріне құлап өлу арманым.Менің ол жаққа жете алмай жүргенім орыстардың туризім турәгентіне төлейтін мәнимнң жүқалығы бөгет болып жұр! Содан өзім секілді орта және азиялықтарды және қазақ монголдарды ол тауға тасығым келеді бірақ соның ат түиелі және жаяу баратын жолын білетендерді тапай ақ қойдым.
sammita
Байөлкеге бастаған сапар толығырақ
janarbek
йә батыстық ақын Ануар Биғамбет шаырдың жазған сапар еді.
Elirgen
Намбарын Энхбаярдың өзі бастама көтеріп
Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр 13-сәуірде тұтқындалыпты

Бейжің Олимпиадасында екі мәрте көкке көтеріліп, тарихта тұңғыш рет екі алтын медальға қол жет­кі­зіл­ді.
Соның бірі финалда Асхат Житкеевті жеңген Тувшинбаяр Найдан емес пе???
janarbek
Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр 13-сәуірде тұтқындалыпты

йә ит сияқты сүиреп апарып қамап тастады.
janarbek
Соның бірі финалда Асхат Житкеевті жеңген Тувшинбаяр Найдан емес пе

тақ өзі
AL-ASTER
Сұхбатқа рахмет. Аман жүріңіз!
Gastarbaiter
Мына өлеңді жатқа білетін шығарсыз, бірақ сонда да қойғым кеп кетті.
Әттең қазззақтар ешқашан бұндай өлең жазбаған, орыстар да… Высоцкий келгенше.

janarbek
жоқ аа.естімеппн, кушті ән екен)))рақмет Гаста!
Gastarbaiter
Мынаны да тыңдай отыр, бұл өлеңді гитарада мағынасына көп үңілмей сегізінші сыныптан бері айтып жүрдім.
Соңғы кезде Высоцкийдің өлеңдеріне кезіккен сайын жаңа тұсынан ашып жүрмін. Бәлкім есейгендік шығар.
Орысша болғанына кешірім сұрамаймын, қазақша тап осындай терең өлең болса қояр едім…
meirzhan
Бұл жерде Жанарбектің орыс тілін білетідінгі-білмейтіндігі маңызды боп тұр.
Gastarbaiter
Моңғолияда орыс тілін үйретед.