"Жаужүрек мың балаға" барма, барғызба!!!

Кеше «Жаужүрек мың бала» фильмінің премьерасы болды. Алғаш болып барғандардың көбі өкпелі. Киноның өзіне айтылып жатқан сын көп, бірақ ең бастысы қазақша кино көремін деп барып, орысшасын көріп алданып қалғандай сезімде көпшілік.

Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі. Қалған уақыттарда және барлық кинотеатрларда тек орысша дыбыстамасы көрсетілуде. Иә, әрине кино алдымен коммерциялық жоба, түсірушілерге және көрсетушіге пайда әкелуі керек. Яғни, орысшасын көп адам көреді деген есеппен осылай істеген. Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс. Біз де қоғамбыз, біздің де таңдауларымыз бар. Неге олармен санасуымыз керек? Олар бізбен санассын.

Егер сен ҚАЗАҚ болсаң бұл фильмге барма, айналаңды да барғызба! Қазақтың да қоғам екенін көрсет. Өйткені бұл біздің кінәміз, біз оларды осындай қылдық. Ей, қазақ, кішкене болса да намысың бар болса бұл киноға барма. Бұл біздің протестіміз болсын. Ұлтшылдық тек құр айқай, бос сөз, әдемі ұран ғана емес, ұлтшыл болсаң ең болмаса бір рет сөзбен емес іспен әрекет қыл. Осы акцияға қосыл, басқаларға да естірт!

«Жаужүрек мың балаға» барма, барғызба!!!
Бөлісу:

239 пікір

Nurgisa
Жөн ой, Аршат. Ура-патриоттықтың әуселесі белгілі, ал мынаған алданып қалған өзімнің күйімді басқаларға бермесін деп тілегім келеді.
asaubota
кеше осындай бір ой болып қалып, секемденіп кестелерді қарап шыққам, сендерді кеш ескерттім.

осы акция туралы барлық жерде бөліссеңіздер екен.
zhandarm
мумкин киноны усынушылар елбасынын орысша сойлеседе бирак казакша ойлайтын азаматтарымыз аман болсын деген созин устанган болар оган бола аландаушылыктын кажети канша дим
asaubota
осылай немқұрайды қарайтын болсақ олар қазақты осылай мал қылып жүре береді. один х** орысшасын берсек те қарай береді бұлар деп. сондықтан қоғам екенімізді көрсетуіміз керек, ұйымшылдық танытып бұл киноға бармай.
bitanazamat
Мен бармаймын. Орысшасы несі тағы?! Аршат, дұрыс жаздың.
FaraOn1
Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс.
менің жағдайымды енді түсінген сияқтысыз ғой)))
жалпы өздері киноның құсық екенін біліп осындай әрекетке барған ғой. сонда да жарнамасын өкіртті.
aikarakoz
Кеше бармағаным дұрыс болған екен
Abilakim
бізде «Саржайлауда» 15.00де қазақшасы болады екен.кешке 19.30-да орысша нұсқасы. бағасы да күлкілі 500.мүмкін бұл бағаға татымай да қалатын болар
bekkerey
Маған Арсенал таза қазақша нұсқасы жоқ деп соқты ғой… Орысша аудармасы беріледі. Еш қиналмай түсінесіз деп қарап отыр… Мынаған хабарласып ем 8-701-520-59-78 (Арсеналда кезекшінің телефоны)
qisyq
Мда… Алдында баспасөз мәслихатында Аманшаев көшірмелердің жартысы қазақ тілінде деп еді… Кинотеатрлар онысына пысқырмаған да екен ғой, парадоксынссс…
Aikona
Кеше орысша перевод қатты мешать етті, іштей боқтап отырдық. Хотя көрерменнің бәрі қазақ
Abilakim
Қайран қазақтарым-ай! қазақтар жайлы орысша кино көріп, тіпті,қазақша боқтап кете алмай қор болдыңдар-ау…
Nurgisa
Ұят қой, шынымен: Априори "Қазақтар!" деп атой салар өр рухты шақыруы керек дүние бодандықтың қамытын үзгенсіген елге бейқазақ тілде ұсынылуы. Кеше Астана қ. «Керуен» думан кешеніндегі премьералық сеанста кіл қазақтар болдық, мысалы. Орыс көргенім жоқ. Орыстардың жанұшыра бара қоярына да күмәндімін. Енді?! Онысы аздық еткендей, түпнұсқа қазақ нұсқасыны үстінен жаздырған. Эффектті нөл қылды. Қазақшасын естіп, соған көңіл бұрғыштайсың да, мына жақтан монотонды дауысты аударма бәрін жермен-жексен етеді.
aikarakoz
Тек қазақтар ғана жарамасын қазақша беріп орысша кино көрсете алады.
Abilakim
«Кочевники-2» деп айқайлатып жатқан біздің көшелерде
bitanazamat
Жарнамасы жер жарып жатқан әйтеуір.
Abilakim
байқамай түсіп кетпеңдер
asaubota
Киностанның жігіттерімен оларға тегін промо-сайт та жасадық, ұят-ай… естуімше Қазақфильм сайт ісін негізі біреулерге тапсырған, ол сайтты әлі көргеніміз де жоқ. біздің сайтты бастықтарына міне мынау деп көрсетіп жүрсе де таң қалмаймын.
Abilakim
шығады, қазақтардан бәрі шығады)))
bitanazamat
Орысша ойбайлап жатса сезіну деген болмайтын шығар!
yerbol89
Қазақтар ойнаған киноға орыстар қайдан қызықсын. Нұрғиса ағамыз да айтып отыр ғой. Кілең қазақтар отырдық деп. Бірақ орысша көрсетіп жатқаны дұрыс болмады, типа ухажор болып жүрген қызыма осы киноға барайық деп жүр едім енді бармайтын болдым.«Жұмысым бастан асады! ))))» мен де бармаймын, таныстарымды да барғызбайтын шығрамын!
asaubota
мүмкін болса ақпаратты өз каналдарыңмен таратшы.
Armanjan
Еліміздің басқа да өңірлерінде қашан болады екен, ол туралы ақпарат бар ма?
FaraOn1
бізде болмайды СҚ
Abilakim
Битсе қалай болады. Орысшасын барасың. Содан кино орысша бастала бергенде,әлгі залдағы кілең қазаққа руһ беріп"Қазақшасын қойыңдар!" деп айғайлатып қойса ше?Әкімшілік келіп бірдеңе бітірер ме екен?
omarbirat
"Қолымыздан ештеңе келмейді. Кесте бойынша қазір қазақшасы жоқ" деп қарап тұрады олар
Abilakim
мен жаңа «Саржайлаудың» басшылығымен хабарласқанмын. Біз қазақтілді фильмдердің премьерасын баяғыдан сол уақытта көрсетеміз. Келесі аптадан бастап қазақшасы кешкі мезгілде қойылады. Апта сайын уақыттарын ауыстырамыз дейд
estetika91
Сіздер жақтағы кинотеатр «Саржайлау» деп аталса, бізде «Сарыарқа» деген кинотеатр бар))
Келесі аптада, қазақшасы берілсе, сарыла күтіп, сары автобусқа отыра салып «Сары жайлауға» барып, жайлауда отырғандай күй кешіп, киноны асықпай отырып көріп қайтыңыз))
Abilakim
«Сарыарқа» деген де бар
Adiletshu
Әлгі Жүнішбек Жынысбековтың оқиғасы қайталанып жүрмесін
omarbirat
Қазақтілділердің қамын ойлап жоспарланған ба дерсің
«Жаужүрек мың бала» фильмінің қазақшасы күндіз қойылуының пайдалы тұстары да жоқ емес екен, қарап тұрсақ:
1) Күндізгі сеансқа билеттердің бағасы арзанырақ болады
2) Кешкісін үйде сериалдарды үзбей тамашалаушылар үшін ыңғайлы. Күндіз киноға барады да, кешке Дениз, Хава, Фатмагүлдердің кезекті серияларын алаңсыз көре береді
3) Ұру, тонау, зорлау және т.б. бұзақылықтар сияқты қылмыстар көбіне кешке орын алып жатады, ал бұл фильмнің қазақша сеансына барғандар ондай қылмыстардан аулақ жүреді

Ал жалғастырайық… Тағы қандай пайдалы тұстары болуы мүмкін?
asaubota
орыстілді мәңгүрттер де дух көтеріп алады шамалы
Abilakim
такси ұстаудың қажеті шамалы, автобустар ағылып жатады
Қызыңмен, келіншегіңмен барсаң тіпті жақсы. Үйден әбед ішіп шығасың, кафелетудің қажеті шамалы кинодан соң
omarbirat
Ұлтжанды бастығыңа немесе мұғаліміңе жұмыстан немесе сабақтан (қашып) кетуіңнің себебін «Жаужүрек мың баланың» қазақша сеансына барамын (бардым)" деп түсіндірсең, түсіністікпен қарауы мүмкін. Тіпті өзі де баруы мүмкін.
vebred
Пайдалы тұстары жетіп артылады ғой… ерте тұрған әйелдің бір ісі артық… деген киноға барам деп үйде отырған қыз-келіншектер ерте тұрып, сыланып, сипанып киноға әдемі болып барады… Есесіне кешке күйеуі жұмыстан келгенше тамағын жасап үлгереді.....)))
vebred
Аршат, бастамаң өте жақсы!!! Қолдаймыз!!! Бірақ бұл біздің арамызда ғана қалмауы керек… қоғамдық сипат алуы тиіс қой… телеарна журналистері бұл туралы сюжеттер жасап жіберсе жақсы болар еді…
asaubota
жасасын
Nurgisa
Жасасын қазақ журналисі!!!
Janasil
Шынында қазақ журналистері журик емес екендіктерін бір дәлелдеп жіберсе.
asaubota
Тачкиді қазақшаға аудардық деп бес ешкіні айдап, ысқырдық келіп. сонда сол мультфильмнің қазақшасы да дәл осындай болды.
Barsa
Біз отырған залда көпшілік "қазақшасын қойыңдар" деп ысқырып, шу көтеріп, бір екеуі тіпті администраторға барып келіп еді, қазақшасы жоқ деген жауап алдық.

Фильмнің осы аптаға қойылуы да жайсыз болған секілді. Байқағаным, көпшілік Мстителиге билет алып жатты. Біздегі уақыты да жайсыз болды.
Barsa
Бірақ, ешкімге фильмге барма демеймін. Барсын көрсін. Кітап оқымайтын, тарихтан хабары жоқ жас ұрпақ тым құрығанда осындай фильмді көрсін. Бұны көрмегенде, бұдан артығын қайдан табамыз
Nurgisa
Барса барса барсын деп жатыр.
aikarakoz
«Бұдан артығын қайдан табамыз» деп, жуынды берсе де іше бермейсіз ғой, ит емес, адам екеніңізді алға тартасыз…
Қазақ киносының орысша нұсқасын неге күндіз ғана көрсетіп, қалған уақытта қазақшасын көрсетпеске?
Barsa
Мынауың артық болды
zhandarm
жигиттер кызык екенсиндер егер бул кинода корсетилген окигаларданда артык идеяларын болса жаксылап сценарин жазып мадениет жане акпарат министрлигине жолдандар оныда корейик мумкин унап калар. сосын умытпандар орысша болсада патриттык дуниелеримиз коп болуы керек осы киноны корип орыс тилди агайындарын казакша уйренуге намысы оянады, казакша ойлауга умтылады
asaubota
осы киноны корип орыс тилди агайындарын казакша уйренуге намысы оянады, казакша ойлауга умтылады

ұлыңа ертегі қылып айтып бер
vebred
)) рас!!! ренжіме бірақ бұл ертегі әңгіме…
Barsa
егер бул кинода корсетилген окигаларданда артык идеяларын болса жаксылап сценарин жазып мадениет жане акпарат министрлигине жолдандар оныда корейик мумкин унап калар.

Әңгіме жазатын адамның бар жоқтығы емес, қалай жазылғандығында болып тұр.
alashaman
Орысша болғанына қарсы емеспіз. Бірақ, орыс тілінде «Аттан Алаш!» деген сөздің рухын беретіндей немесе "Әруақ!" деген айғайдың рухын беретіндей сөл бар ма, біз киноны өзінің нәрімен, сөлімен көруді қалап отырмыз ғой.
Naz_Erke
әй, еріккен, аузын көпірген, бірін-бірі көре алмайтын қазақтарым-ай!(((қазақ десе, өзіңе тиеді, әттең! осы кинодағы Таймастың қылығын (Сартай екеуі бірге өсіп, бірге жаудан кек алуға ант берген ол, соңында осы өзіміздің өзімізді-өзіміз көре алмай, аяқтан шалып отырар, ең бір қанға сіңіп қалған қасиетіміз — көре алмаушылықтан, жанында келе жатқан досына оқ атты!) көріп кеше ашынған ем, мұнда сыншы-сымақ «партиоттарымыз» жиналып, біраз нәрсені айтып салыпты ғой. өз қазағыңды осылай басынан таптап жүрсең, қайдағы даму?!!!қазақ тілінде көргің келсе, сені ешкім де зорлап орыс тілінде көр деп қинамаған шығар… билет аларыңда, сұрап-біл! тек қазақ тілінде ғана көрсетер болса, өзі де мұндай патриотты, тарихи кинолар аз түсірілетін, қазақ кинематографтардың киноларын қазақ көрмей жатқанда, орысы, басқасы несіне көрмек. өзіңді ғана ойлай беруді қою керек сияқты, еліңнің өсіп-өнгенін, басқа елге танылғанын, осы жер шарында ҚАЗАҚ ұлтының бары, оның өз тарихы, өз мәдениеті бар екендігін танытқың келсе, неге ол кино басқа тілдерге аударылмасқа???қайдағы жоқ Борат арқылы масқара болғанымыз да бар, осындай режиссер, продюсерлеріміздің еңбектері арқылы шын ҚАЗАҚ кім екенін неге көрсетпеске!
бір орында отырып алып, көтерілейік, «бармай-ақ қояйық, басқаны да барғызбайық» деген өтірік ұрандарыңызға сауатты, саналы адам пысқарғаны бар!
Janasil
Тек Қазақстанда ғана Қазақша кино түсіріп орысша аударып өз қазақтарына ұсына алады.
zhandarm
ол ушин кино режисерди немесе артистерди киналап керек емес ол ресейдин кол астына кирген Абылхайырханга айтындар сол кезде бизди калмак кытай сиякты баска биреу жаулап алганда киноны отыратын единдер нихао деп корип
FaraOn1
киноны отыратын единдер нихао деп корип
тілегіңіз сол болса әлі де кеш емес. )))
zhandarm
атам казак айткан кара кытай каптаганда сары орысты кокендей коресин деп сондыктанда орыс тилинен кашпандар одан еш жамандык корген жоксындар. гумыр болса али талай туынды келер омирге казактын тарихы коп томдык емеспе кино тусируге жетеди
vebred
Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін құбылыстардың бірі осы!!!))
AKY
Назерке, айналайын, дұрыс айтасың…
asaubota
мессадж тиісті жерлерге жеткен сияқты, енді қазақшасын көбейтетін шығар осыдан кейін? мәдениет саласында істейсің ғой, пікірің қандай Naz_Erke?
Naz_Erke
жетсе мен де барлығы сияқты қуанамын! мен де қазақтың қызымын, алайда өз өзімізді осылай табалайтындар үшін назымды айттым.
Nurgisa
Бұл жердегілердікі де наз ғой. Әншейін. Әлде біреу осымызды құлаққа қыстырады деп ойлаймысың шынымен?! Елеусіз қалған бұл ескертпелеріміз мұражайлардағы шаңды басқан архивтен де табылмайды ғой, өкініштісі… Бұл да наз, Наз.
Barsa
Қыздарға оңай, дә. Наз ғо дей салады
Naz_Erke
өкініштісі өкінішті…
asaubota
наздан гөрі заказухаға ұқсап кетті да просто.
Naz_Erke
ауыз менікі деп оттай берудің қажеті жоқ…
asaubota
кешірерсің, сайтқа тек бүгін тіркеліп, бірден осы мақалаға пікір жазғаныңа қарап солай ойлағаным ғой. басқа тақырыптарға да қатысып тұрарсың деген сенімдемін, қош келдің!
rymbek
кино өте шикі, тіпті киноның желісі де. Мүмкін мен кинодан бір шедевр күткен шығармын, бірақ бұл кино вандамның киноларынан да төмен болды. Я режиссер ақымақ, я режиссер қазақты ақымақ деп ойлады.
FaraOn1
жарнамаларын шедевр деп ой тастайтындай қалап жасады ғой ептілер
AKY
жарнамаламағанда қайтеді енді? дұрыс! өздерің лоқ! Сатыбалды мысалы, трейлеріне қарап-ақ нащар екенін біліп қойыпты.
meirzhan
Сатыбалдыға бәрі ниочем © Е.О.
FaraOn1
не ғой. трейлер роликтерін көріп менде шедевр болмайтынын түсіндім, бірақ сонша жаман болат деп те ойламадым. обшм күдіпен жүрдім. Әйтпесе қол жинауға кірісіп те кете жаздағам. Ішіп жүріп қол тимеді
meirzhan
иә, трейлердегі әлгі мыңдабаланың пафосты сөздері әуелден күдік туғызған болатын. күдік болғанда жегідей деген күдік
konvict
Қап, баруға деген барлық құштарлық құрыды ғой.
zhandarm
оган бола аландама бар, кара, кор сенде мына жигиттер секилди корген туйгеинди ортага сал мумкин саган унайтын болар айтпесе еки уш адамнын пикири коптин пикири болып саналмайдыгой
qisyq
Келісемін, маған біраз жері ұнады, мысалы, әркім әрқалай қабылдайды. Сондықтан, көрем дегендерің көріңдер. Әрине, қазақшасын.
ushkin
Алматыда премьерасы қазақша болды ғой
ushkin
және фильмнің өзі қазақ тілінде емес пе?
vebred
Жоқ, премьера да дәл осылай аударма түрінде болған… сонда неге екенін қайдам… Алматыдағы барлық журик атаулы бұл жағына аса мән бермеді… фильм соңындағы ТИТР-дан қорықты ма екен…
ushkin
премьерасы түпнұсқасымен берілмей ме бірінші, сіз де айтады екенсіз, премьерасы қазақ тілінде болды, вербед
Aikona
Қазақ тілдісін қоймады деп, барма деп айтуда артық болар. Себебі, тарих пен біздің табиғатты керемет бере алған. Актерларда жақсы ойнаған. Тек киноны прокатқа шығарып, таратып отырғандарға айту керек сияқты мынаны.
Ұнады, әсіресе табиғатқа ғашық болып отырдым. Әдемілік, табиғатты өте керемет бере білген. Қорланның батылдығы ұнады, Зере өте нәзік екен. Таймасты жек көріп отырдым, соңғы суреттен ақтап алдым. Дегенмен, қазақтың бетке ұстар актерларының бәрі түсіпті, барын салып ойнауға тырысыпты. Қазақтарда кино түсіре алады, жанын беріп деп айтқым келеді. Тарих болғасын, өзгеріп болса да бізге жетеді, жастар соны көріп соны білсе екен деймін. Кеше біз киноны «ТРОЯ» мен салыстырып отырдық, әсіресе жауға шапқан кезде жапа тармағай шабуылдағандары қызық болды, ал трояда бірлесіп қалқан жасап өздерін қорғап еді, бізде ондай да қазақтардың аңғалдығы көрініп тұрды. Сартай ұнады, әдемі жігіт екен, біраз қыздың жүрегі кетті-ау :lol:
Naz_Erke
ойыңыз әділетті!
Nurgisa
Сіздікі де әділ, епті…
vebred
Қазақтарда кино түсіре алады, жанын беріп деп айтқым келеді.

Жаным-ау, қазақтың киносы құлдырап бара жатқан тұста мұны айтып отырсың-ау осы, біздің шедеврлер баяғыда түсіріліп кеткен… енді қалған жұрнақтарымызды баяғыша құрастыра алмай жатқан жоқпыз ба…
Aikona
Мен бұрынғы шедеврларға қатысты айтып отырғаным жоқ, кейінгі жылдарды айтам. Неге жаңа бірдеңе басталса тек минустар көруіміз керек бәрінен? Жақсы жерін жақсы, ұнаған жерін ұнады деп айту керек қой. Елдің бәрі солай деді екен деп, бірге жаман деуім керек пе??? Құлдырап бара жатса, құлдырап барып көтеріледі да… Сіз, өзі киноны көрдіңіз ба?
rauka
Жарайды, картинада мін жоқ делік… Бірақ тіл мәселесіне келгенде қазақтың тілін орыс тілінің көлеңкесінде қалдырып, бұлтаруға болмайды ғой. Осының бәрін істеп жүрген бәлкім өзіміздің қазақтар шығар.Жүз пайыз қазақша кинолар қашан өмірімізге еркін енер екен сонда...«Ысқырығы» жер жарған отандық киномыздың тілі мынадай күйде болса?
Barsa
Аршаттыкы де дұрыс. Бекболат парламнан кетеннен кейін қарапиарлататын адам қалмады.
beko
Енді солай шығарудыңда өзіндік себептері болған ғой.
Бірақ, сол ендігі келесілерін, қазақша шығаруына қайта себепкер болуымыз керек.
Дұрыс қосыламын!
urimtal
Егер заң жүзінде тәртіпке саламыз десеңдер, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымына хабарласуға болады. Заңгерлері кеңес бере алады деп ойлаймын. «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бiрлестiгi. Ұйымның төрайымы Артық Сейiтқалиева.
Мекен-жайы: Алматы қ, Шевченко к-сі, 190. Телефон: 277-80-27, 375-87-45
Сайттары: adalpotrebitel.kz/
asaubota
Асхат, тұтынушылық көзқарас бойынша барлығы дұрыс. қазақшасына «на казахском» деп ескертіп қойған, тек қателері қалғандарына «на русском» деп жазбауларында шығар. менің бармау ұсынысым негізі қоғам екенімізді көрсету, мұндай немқұрайдылықты тыю мақсатында еді. әйтпесе болашақта да мұндай нәрселер қайталана беретін болады.
urimtal
Тұтынушы құқығының аяққа тапталып отырғанын жоғарыда @Barsa айтқанынан аңғарып отырмын. Қорқыту, үркіту, бұлдану т.с.с. жолмен бір рет көндірерміз, екі рет көндірерміз одан мәселе түпкілікті шешілмес. Заңды түрде әрекет еткен де дұрыс сияқты.
AKY
Бармаймын! Барғызбайбын!
Мен және 4 құрбым бармайды
izbasar
Құлдық санадан құтылған күні ҚАЗАҚ киносының шымылдығын қазақША ашатын боламыз. Оған дейін ОРЫС тамашалайтын болады ҚАЗАҚтың киносын.
Janasil
Оған дейін ОРЫС тамашалайтын болады ҚАЗАҚтың киносын

Орыстардың түкіргені бар қазақ киносына.
izbasar
ОРЫС деп осындағы орыс тілді казахтарды да айтсаң болады.

оте унады, керемет койылым, не деген табигат!!! кешки уакытта казакша корсетилим жок, неге?????????

Оте керемет, маган унады!!!
Канат, 04.05.2012 дейді бір баурым Your text to link... мына жерде.
asaubota
Сарыарқа тағы ір қазақша сеанс қосыпты, 23:20-да

Ханшатыр да кешкі тоғызға біреуін қойыпты

kino.kz/index.asp

осы демалыс күндері ешкім бармаса, алдағы апта қазақша сеанс санын көбейтеді.
meirzhan
Иә, дұрыс қой, Бірақ барма деген сайын барғысы келетін, істеме деген сайын істегісі келетін адам табиғатына қазақтар да жатады ғой ))
AKY
Онда «Барамын десең, өзің біл, бірақ өкініп қаласың» деу керек шығар ))
meirzhan
Одан да «барамын десең өзің біл, бармайым десең де өзің біл» десе пәледен құтылуға болатын шығар ))
«Бармайын десем жалғызым, барайын десем жалмауызым»
AKY
«Орысшасына барма, қазақшасынан қалма»
aikarakoz
Дауай Мыңбалаға ДЕмотиваторлар жасайқ
AKY
сенің қолыңнан келеді, мен білемін!
Barsa


типі осындай ма?
AKY
"Өз тіліңде көрсете бер, нақты" болуы керек
meirzhan
«ерте тұрсаң қазақшасына барарсың»
AKY
«күндіз көруге болатын киноны кешке қалдырма»
meirzhan
«Бала-шағамен жағаласып күндіз қазақша көр»
AKY
әй, мақал-мәтелге сәл де болса жақындауы керек қой
meirzhan
«кино, кино болмады, бала-шаға қаптап кетті»
AKY
«Мың баланың» жүзін білгенше, «Келіннің» атын біл.
meirzhan
«жерге кіргізер ұяттан жалған да болса пафос жақсы».
AKY
«жаңбырменен жер көгерер, пафоспенен ел көгерер»
meirzhan
"қазақ тұрып, орысша кино көрсеткеннен без"
AKY
«жалғыз барып орысшасын қарағанша, көппен жүріп қазақшасын көр»
AKY
"Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңде кино көр!"
qisyq
«Мың баланы қуа берсең, пафостап сөйлеп кетеді».
AKY
«Мың балаға пафос үйреткен таяқ»
qisyq
«Мақтаған „Мың бала“ экранда осырады»
AKY
«Сенген „Мың балам“ сен болсаң, пафостаған аузыңды ұрайын!»
aikarakoz
«Ата даңқымен қыз өтер, Пафоспен Мың бала өтер»
qisyq
«Пафостап сөйлесең ерінбей, 10 лимонға доляға кіресің тіленбей»
AKY
«Пафостап сөйле де мал тап»
AKY
«Жарнамаңды қайтейін, келіп артымды ашқан соң»
Gastarbaiter
АКУ «Пафос» деген жаңа сөз үйреніп алдың ба?
AKY
Аха, дәмді паста екен
Aikona
Айтпақшы, кеше кинода ана бай Жонан ноянға барып жоңғарлардың тілінде сөлеп тұрғанда, өз тіліңде сөйлей бер дейді ғой
meirzhan
Мемлекеттік тілді қолдаған түрлері ғой авторлардың
izbasar
Жоңғар қазақты жауалп алу үшін оның тілінде үйренген екен ғой.
rymbek
Жалпы орысша болғаны үшін емес, киноның тупойлыңына жыным келіп отырғаны. Әртістердің ойнағанына еш ренішім жоқ, бәрі жақсы ойнады. Бірақ диалогты айтшайш, әсіресе ана жиналып алып, бірігу керек деп «стратегия» құрғанын айтшайш.
Ана жоңғарлардың туын өліп бара жатып Сартай құлатады, ал қалған жоңғарлар қарап тұрады. Сосын Таймаспен Сартай сөйлесіп алсын деп қалған жоңғарлар өлтірмей қарап тұрады.
Өз тіліңде сөйле дегені тіпті ерсі болып кетті.
Әрине көріністеріне, операторға әігімем жоқ. Бірақ кино салмақты болу керек шығар.
Сюжеттің қалай басталып қалай аяқталғанын білмей қаласың.
Кино 12 жасқа дейінгі балаларға арналған.
meirzhan
Мына эмоцияларыңды көріп, кез-келген есі дұрыс азаматтың бойында саған адвокат болып жалданып, режиссер, продюссерлердің бәрін қосып, 1300 теңге ақша, 1 жарым сағат уақыт өндіруге және моральдық зардап үшін шығын төлетуге құлшыныс оянуы керек-ті.
asaubota
Қазақфильм өкілі Фейсбукте Асхатқа жауап жазыпты

кестені қараңдар қазақшасы да бар деп, бірақ өзі қарамаған сияқты
urimtal
Саған өтірік, маған шын дәл қазір Фейсбуктегі аккаунтыма кіре алмай отырмын. «Мың балаға» қатысы жоқ болар деп үміттенейік.

Barsa
Цукерберг "Өз тіліңде сөйле" деп аккаунтты өшіріп тастады дейсің
AKY
Біреу тіл тигізді деп жалоба жасаса, жаза қолданатыны бар ғой Фейсбуктың. Күтіп көр, мүмкін уақытша ақау шығар…
urimtal
Рахмет. Телефонымнан кіріп, паролімді өзгертуге өтініш бердім. Біраздан соң ашылды. Қандай себеппен құрсауланғанын түсінбедім. Тәртіпті қолданушы едім. Қазір қайта ашылды. Ырымын жасап, паролімді өзгертіп қойдым.
AKY
Сіздің тәртіңізге күмәнім жоқ қой, ағасы
Aikona
Алматылықтар, Максимадағы Иллизион кинотеатрынан көріңдер, ол жерде сенстың бәрі қазақша екен
FaraOn1


Ерлікке жетелеген ғашық сезім

осыдан ақ бұл филімнің қаззақшамен проблемасы барын болжай беру керек еді. Сынық айна теорияңдысс))
AKY
ойбай-ау, өткенде ғана қорс-қорс жъляп отыр едің ғой
FaraOn1
енді шексіз мәзбін. өйткені керекшілердің ішінен Питердегі мен ғана осындай қоғамға қор болып жүрмін ба десем, «Мың бала» жоғарлардың ғана емес, барша керекшілерінің діңкесін құртып отқанына мәзбін)))
meirzhan
Негізі кино  мынадайски, сен жыламасын деп спектакль құрып отырмыз бәріміз.
FaraOn1
бұғанда рахмет. енді қандайский болса да, мына коменттерден кейін көргім келмесі анық. «Мстителиға» жиналып жатырмын)
Gastarbaiter
Сәуірдің ең драмалық тұлғасы атағын саған бердім, Фараон.
Olzhass
көктемнің ең жынды «разочарованиесі»
bekkerey
Мың баланы былтырдан бері асыға күтіп едім… Орсыша тұсаукесеріне бармадым… Қазақшасы күндіз болса да жұбайымды баламды алып барып көремін…
Zilola
Қазақшасын көрсетсе де көрмеймін! КетсінЧ
Сонша жарнамалап жүргені, текке кетті
asaubota
өкінішке орай біздің қоғамның ақыл деңгейі әлі де төмен. өздігінен сараптама жасай алмайды. мына акция да бір нәтиже береді деп ойламаймын. Жетімдер, Жаралы сезім сияқтыларды кино деп санайтындар Мың бала туралы пікір жазып жатыр интернетте. қорқынышты, аянышты.

мына премьерадағы тіл масқарасынан кейін басқа неше түрлі ой келеді екен. ойлаймын да мүмкін әдейі істелініп жатыр ма екен деп, қазақтар қазақша көрсе бұл киноны духтары көтеріліп кетеді, ұлтшылдық өсіп кетеді деп…

қажыдым, болдым, кеттім бұл тақырыптан…
Janasil
Бәрін таста, кеттік аяқ допқа.
alashaman
Ареке, шамамызша редакцияны да іске қосып жатырмыз. Бағана 15.00-дің жаңалығында «фильм қазақша көрсетілемй жатыр» деп айтқыздық. Астана радиосынан. Соған жоғары жақтағылар шамдана қалыпты. «Неге мақтамайсыңдар? Алдағы сеанстарында қазақшасы көбейеді» деп ұрысты. Содан соң журналистерді интернетте талқылатантын осындай өткір тақырыптарға тартып көр, «зайып ал» деп қолды бір-ақ сілтейтін шығар. Меніңше енді бұл тақырыпқа журналистер араласып, көрікті қыздыру керек шығар. Қазақтың да «ақырып теңдік сұрайтынын» біле жүрсін біраз жұрт
vebred
Ал, мен сен секілді батырлық таныта алмадым… көндіре алмадым… маған айтты… біз жасағанмен бәрібір шықпайды деп… журналистер ат-тонын ала қашып жатыр…
vebred
Ол да мүмкін…
GulL
 Қандай өкінішті, мен осы киноның жарнамасын көргеннен бастап ішіндегі актерларының қазақтар екенін көріп мәз болып жүрсем епті… неге екі тілде бергілері келсе бірінен кейн бірін жібермеске??? Түсініксіз, еліңнен алыста жүріп, елде осындай болып жатса жаман екен әттең! Бәрібір қазақшасына барамын!!!
JAGUAR-79
ит ерісін басына кигізіпті ғой, сорлы мың бала…
ushkin
Менің ойымша, бұл қисынсыз нәрсе. Премьерасы қазақ тілінде болды және кейін орысшаға аударылған нұсқасы беріліп жатты. Фильм қазақ тілінде, «Көшпенділердегідей» қазақша түсінбейтіндерді өтірік қазақша сөйлетіп те көрдік қой оның қасында. Бастысы — түпнұсқа қазақша. Тәп-тәуір-ақ дүние. Соны быт-шыт қылып сынап жатырмыз ал. Онда қазақтар көріп отырсын сол әлгі «Гладиатор» сияқты шетелдің тарихи фильмдерін. Фильмді супер демеймін. Бірақ, алдыңғыларға қарағанда тәуір дүние екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Жақсы нәрсені жақсы деп айта білу керек деп ойлаймын.
Gastarbaiter
300-спартанцев болып жатыр дейді, ана бір жері бар ғой бәрі голый торс адымдап келе жатады, төртбұрыш пресс, жауырын, емшек еттері бұлтыңдап, қолдарында қалқандар…
артқы орындықтардан бір қатынның көмейін тесіп, езуін жыртып шыққан еріксіз жан айғайы естіледі:
«А*а-*а… Біреуін қалдырмас едім!Құдай куә, бәріне берер едім.»
Gastarbaiter
Жалпы еш айырмашылығымыз жоқ басқалардан.
Ортастатистикалы қазақ тілді қыздарға да бір екі әдемі картинка, махаббат линиясы, және көө-ө-ө-п сұлу жігіттер болса болды) Ол кино шедевр болады.
Rafaello
Брат, бір нәрсе айтайын айып етпе. Бойкот идеяңды қолдамаймын. Менің ойымша бұл жерде коммерциялық қызығушылық жоқ, бір саяси ойын бар. Мониторинг жасаушылар ақымақ емес мұндай фильмді қазақтарға орысша көрсететіндей. Әдейі жасалған қадам бұл. Мұндай акция арқылы керісінше нандарына май жағып беріп отырсың. Керегі сол ғой, қазақтардың бұл киноны көрмеулері. Керісінше қазақшасына баруға шақыру керек.
meirzhan
Орысша көрсетілімдерге бойкот қою! Тек қазақшасына бару. Нақты осы «Мыңбалаевтан» бастап, басқа орысша сөйлейтін киноларға бойкот. Бірақ үйде тығылып ап, торренттан көшіріп, орысша көретіндер көбейер
Rafaello
Тек қазақшасына бару керек, басқаларды да соған үгіттеу керек. Торрент туралы айтатын болсам, оның орысша нұсқасын көр де тұр әдейі интернетке салғызады, жұрт соны көрсін деп.
a63a1
Рафа сенде мен сякты адамсыңғой, иә?
Rafaello
Жоқ, бөгдепланеталықпын
a63a1
 сене қалдым нақ, сен адамсың
asaubota
мына пікірімде соны айттым ғой. иә, әдейі істелінген нәрсе сияқты.
ademi_alem
Кеше бір бағдарламада кинотеатрларда алдын ала көрсетілім болатынын, сосын сұранысқа сәйкес не орысша не қазақша нұсқасы берілетіндігі айтылған еді. 3-мамырдағы көрсетілімнен кейін Алматы мен Астана қалаларында алты кинотеатр қазақша нұсқасын сұраған екен. Енді басқа күндері де қазақ тілді нұсқасына деген сұраныс арта беретін шығар.
aikarakoz
Әр мақалаға жауап жазатындардың әдеті бар емес пе… Тақырыптың әдейі таңдалғанын байқап қалдым мында
asaubota
демек КерекИнфо да бір күш, жұрт санасады.

айтпақшы киностандықтар киноның неге орысша көрсетіліп жатқанын анықтады ма екен?
aikarakoz
қазір барып, сұрап келиш
asaubota
негізі бұл мақаланы түсінген адам қазақшасына баруы керек
saltanat23
Қазақшасына барғым-ақ келген. Қазақшасы көрсетіледі деген, барсақ өтірік болып шықты. Амалсыздан, орысшасын көруге тура келді.
Жалпы, кино ұнады.
19852407
Оралда өкінішке орай тек орысшасы ғана жүріп жатыр
Janasil
кеше осыған барыпты Арсеналға. Кірер алдында сөйлескенімде қазақша орысшасын титрда жазады екен деді. Шыққасын жынданып жүр орысша екен деп. Бірақ рухтанып қалыпты екеуі де, риза. Тіпті біреуі көз жасын мөлтілдетіп алыпты.
Abilakim
орысша екенін шыққанда бірақ білгендей екен.
Janasil
мынау неге орысша деп айтуға ұяламыз ғой. жұрттар ойлап қалады да орысша түсінбейді екен деп.
Abilakim
бір үйге қонаққа барсаң«Тамағыңыздың тұзы жоқ екен» леу ұят шығар, ал қазақша деп барып орысшаны көру ұят емес секілді
Janasil
Бұл жерде мәселені намыс шешеді, Әр адамның өз намысы. Мысалы мен қазақша тұрып орысшасына мүлдем кірмес едім.
Gulistan
Жұрттар мақтап жатыр, бір барып көруге көндіруде
asaubota
қазақшасына бар
Armanjan
Не деседе бүгінге дейін тапқан табысы 1 миллион доллардан асыпты деп жұрт шулав атыр екен.
omarbirat
Бір демалыста жинаған ақшасы, яғни кеткен шығынның 1/10 бөлігі шамасында. Табыс деуге әлі ерте
Kipshakkyzy
Осы фильмді көруге барғанбыз Апортқа. Уақытынан ерте барып қойыппыз. Орысшасы 20:20 екен.Ал қазақшасы 21:10-да.достарыма қазақша көрейік, қазақша көрсек рухы да басқа деп қазақша сеансқа кірдік көп күтіп қалсақ та. Кино ұнады. Бастан-аяқ еңіреп отырдым.
Armanjan
мен тіпті көрмей жатып еңіредім, көрсем күнім не болады деші. Әлде күліп шығар ма екем?
Barsa
Бастан-аяқ еңіреп отырдым.
Неге?
dark_nazgul
Әлі жете алмай жүрмін…
Мегада алты қырықта ғана қалыпты қазақшасы.
Осы демалыс үлгермедім. Енді келесі жұмаға дейін босамаймын.
бітіп кетпес пе екен?
19852407
Орысша басталғаны сорақы, күйініп, жаамаааан болып қаласың.Бірақ көрге де үйренетін адам, оның ішінде қазақпыз ғой, еххх…
Қазақ тіліндегі түпнұсқасын көргенде жақсы болар еді, жалпылама жаман емес. Влажный салфетканың көп көмегі тиді
a63a1
Нысанаға ілінген екен кеше осы пост. 7 news арнасында көрсетіп жатты
MickThatsMyNick
Толықтай қолдаймын, барған да жоқпын, орыс тілінде не деген масқара мынау?! мен қазақша деп отсам…
Gastarbaiter
Камрип қашан шығад жамағат?
Janasil
меломандағылар кинотеатрларда тоқтатылғасын 1 айдан кейін барып сатылымға шығады дейді. Содан кейін барып бір қазақ интернетке салар.
Gastarbaiter
Камрипке меломандағылардың қажеті не?
Janasil
Бізде жүрген камриптердің бәрі Ресейден не ТМД дағы орысша қарайтын басқа елдерден келетін секілді. Бізге сол біреу дискден көшіріп салмаса болмайды ау.
Armanjan
Ареке мырза! ЕҚ-ның бүгінгі нөмірінде «Борат, көзіңді жоғалт!» (Ержан Байтілес, Қызылордадан) мақала жазыпты. Қарап тұрсаң тікелей өзіңе бағытталған. Өз туындымызды емес, өзгенің құсығына барғызбайтын бастама керек сияқты. Ойланатын нәрсе екен!
Gastarbaiter
Мәселе отандық туындыға қарсылықта емес.
Бұл жерде «жетімдерге» еңіреп жылағандар да отыр, жымын білдірмей, интелектуалсымақ болып. Бірақ сол «жетімдер» құрлы «Жаужүректі» қазақша көре алмағаны қынжылтады біразын.
asaubota
акцияның негізгі мәні киноға бармау емес қоғам екенімізді сездірту еді, тілімізге немқұрайдылыққа протест еді. жұрттың бәрінің IQ дәрежесі жоғары емес қой. яғни түсінбегендерге ренжімеймін. «Борат» фильмімен «Диктатордың» бір бірімен қатысы жоқ деп ойлаймын, актерлері бір болмаса. меннен кейінгі ұран-акцияларды өз басым далбаса деп қабылдаймын. біреулер маған жауап жазса демек санасты деген сөз, демек интернетте бір күшім бар деген сөз  
Gastarbaiter
Интернетте онсыз да күшіңе дау жоқ емес пе? Реалдағылар санасатынын дәлелдегің келген шығар, акт самоутвержденияңдысс…
asaubota
сол ғой айтайын дегенім, оффлайнға ықпал ете алатын қаруым бар дегенім ғой
Janasil
Керекинфо қоғам болғаны шынымен сезілді. Тв7-нің Нысанасына да ілігіпті.
Gastarbaiter
ТВ7 -Солай.Де, Вордпресс, Сатыбалды мен Керекинфоның тұрақты оқырмандары аз емес. Инфа 100 пайыз.
togjan06
Тусинсем буйырмасын!!! керисинше бизде осындай патриотты кино шыкканга мактану крк кой!!! кино тек орыс тилинде корсетилген жок кателеспениздер! мен личноо озим ол киноны колдаймын!!! кеширерсиздер кочевниктан караганда 10 есе артык!!!
qisyq
И вообще қазақ тілі дамып жатқанда, бұлай істеуіміз позор ғой! На то пошло, өзіміздің мамандар емес пе! деп қойыңыз…
mercedes
Саған орысшасына бар ма деп жатыр дұрыстап оқысай топас
omarbirat
Негізі, қарсылық фильмнің өзіне емес, мына жағдайға қатысты болған еді:
Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі.
Арабша анекдот айтқызды-ау бұл Шива
Marationok
дурус айтасиён казахтар осиндайи бадриотти кинолардий корю кэрэк, казах тилийн дамитайик агаийн.
Janasil
Кеше әріптесіп отбасымен Сарыарқаға барып көріпті қазақшасын. Риза. Адам әлі көп дейді. Соңында бәрі тұрып шапалақ ұрып риза болыпты.
Abilakim
Елбасымыздың аты жазылып тұрса ұрмай көр шапалақты
NaimanKa
Өз басым Өскемен қаласындағы премьерасына бардым. Жалғыз-ақ кинотеатрда көрсетті, оның өзі орта деңгейлі кинотеатр, кіші зал. Премьерасында 8 адам болды (оның 4-і менімен еріп барган достарым).
Қуантарлығы, қалада тек қазақ тілінде көрсетті! Ертеңіндегі көрсетілімге сол 4 досымызбен қосылып 17 адамды ертіп апардық, үшінші күні аншлаг болып кетті… Көрсетілімді үлкен залға ауыстыруларына тура келді!
NaimanKa
Пікір жазуға кеш болса да, қызық тақырып болғн соң жазған пікірім ғо…
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды-ау
meirzhan
ұнады ма?
Gastarbaiter
Үш рет барса ұнағаны да топас!
meirzhan
100 рет болжағанша, бір рет сұрап, анығын білген жақсы ғой қайткенмен
Abilakim
сұраған адам топас па үш рет барған адам ба?
Daniar-Alan
дұрыс қо Әбеке бірінші көргенін үшінші реттен кейін мүлдем басқа көзқараспен көреді ғой
ademi_alem
Иә, «Юбилейный» кинотеатры «орыс тілді көрермендерімізді жоғалтып аламыз» деп бас тартыпты. Ал жаңағы сіз айтқан "Үлбі" орталық мәдениет үйіндегі кино-концерттік кешеннің менеджері Динара Молдамсеитова "Қазақфильмге" тапсырысты өздері бергендерін айтты. Мен де үш рет көрдім, үш ретте де бос орын болмады. Фильм күніне төрт рет көрсетіледі, кей күндері орыс тілді нұсқасы көрермендердің сұрауы бойынша қойылып жатыр. Бұл фильм "қазақ киносына көрермен бармайды" деген пікірді жоққа шығарды деп ойлаймын. жоспар бойынша мамырдың аяғына дейін ғана болатын фильм, міне маусымның ортасы болды әлі де көрсетеліп жатыр! алақай )))
omarbirat
Енді… жұмсалған 12 миллион долларды қайтарып алу керек
ademi_alem
Премьерасында 8 адам болды (оның 4-і менімен еріп барган достарым).
Мұның себебі фильмнің өтетіндігі туралы жарнаманың болмағандығында деп түсіндім. Ол жерде «Жау жүрек мың баланың» болатындығын ешкім білмеді, әлі де білмейтіндер көп.
Gastarbaiter
Қараорыстар (қазақша білмейтін қазақтар) меломаннан дискісін сатып алып «отандық өндірушіні қолдаймыз» деп жатыр.
asaubota


енді қазақ екендерін өздерінше дәлелдеулері керек қой. ой, кешір қазақ емес қазақстандық екендерін.
Gastarbaiter
СаянҮш: «Мен 2000 теңгеге қымбат болып тұрса да қазақтардыкін алам»
DaVinci
Бұл кинонын кесірі емес, кинотеатырдын кесірі деп біліем.
Мен Өскеменде тұрам, бізде бұл киноны қазақшада корсетеді (2 рет күніне)және мен осы киноға 6 рет барды өте жақсы кино деп санаймын, ҚАЗАҚпын десендер осы киноны көріндер айыптай бермей, шетелдін киносын көрмей!
Ал тіл жағын айтып етсек осы киноны қазақша тусірген, қазақша білетін актерларды тандаған, патриотиз, рух сезімдерін көтеретін, жастарға осындай кино керек.
Тағі бір қуанышты хабар, киномызды шетелдіктерде көреді!