Жігіттерге мода

coco chanel

Біршама уақыттан бері ойыма жиі келетін, алайда ұмыт қала беретін тақырыпты қозғағым келіп отыр бұгін. Еуропаның маған ұнайтыны, онда қыздар да, ұлдар да қалай киіну керек екенін біледі. Ал, Қазақтанға алғаш қадам басқаннан көзіме қораш көрінетіні жігіттер. Бірақ, менің айтқым келіп отырғаны жігіттер жайлы емес, олардың киімі болмақ! Бойжеткендер теледидардан өздеріне орташа болса да, жарасымдылыққа ұмытылады. Ал, жігіттеріміз (реніш болмасын, достар!) өзіне қарағанды үйрене алмаған секілді.

К. Шанель (Koko Chanel) айтқандай; сән өтер, бірақ талғам еш тозбайды!
Әрі қарай

КерекИнфо сіздің қолдауыңызды күтеді



Құрметті Керекшілер, сайт хостингіндегі орынның азайғанына байланысты, ұлғайту және келесі жылға создыру мақсатында сіздерден қаржылай көмек сұраймын. Бұл сайт ешқандай ұйымның немесе бір демеушінің көмегімен тұрған сайт емес. Өзіміздің сайтымыз. Сондықтан мүмкін болса келесі айдың басында әр қолданушыдан 500 теңге көлемінде көмек сұраймын. Бере алмасаңыз да ешкім ренжімейді, ерікті түрде барлығы.
Әрі қарай

Ұмытылмас КиноПати-К


Кеше, яғни 26 мамыр күні, Kinostan.kz сайтының админі Ернар-Патиктің туылған күні болды. Осыдан біраз күн бұрын туған күнін ерекше стильде, яғни кино стилінде өткіземін деп, киносүйер қауымды шақырған болатын. Кешке келгісі келетін адамға талап: киноға байланысты бір элементпен келу болатын.

Әрі қарай

Бізге бір жыл толды


Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.

Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз.
Әрі қарай

Стрип-пластика: денсаулық және «жансаулық»

Соңғы жылдары стрип-пластика (ағылш. Strip – «шешіну», plasty – «пластика») нәзік жандылар қауымы арасында кең таралған спорт түріне айналды. Кез-келген қаланың би клубтарында, спорт сарайларында міндетті түрде оған арналған зал мен жаттығу кестесін табасыз. Бағасы шамамен айына 8-12 мың теңгені құрайды.
Стрип-пластиканың тарихы Ежелгі Шығыстан бастау алады. Көптеген тарихи деректер шығыс матриархат мәдениетінде бөксені толқындата айналдыру қимылы бастапқыда ер адамдарды қызықтыру үшін жасалмағандығын растайды. Ол ең алдымен әйелдің бала туу мүшелерінің тонусын сақтау арқылы дүниеге дені сау ұрпақ әкелуіне арналған. Қазір де бұл би өзінің бастапқы міндетін толықтай сақтаған. Жалпы, аты бір қарағанда «ұятсыздау» көрінгенімен, заты оның этимологиясынан әлдеқайда алыс жатыр. Стрип-пластиканың кәнігі стриптизден басты айырмашылығы – би барысында шешіну міндет емес, сонымен қатар киілетін киімнің талғаммен таңдалуы, би қимылдарының ырғақты, көзқарастың жұмбақ болуы.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Осыдан бір жарым жыл бұрын құрбыларыма еріп бидің осынау бір түріне жазылғанымда менің, әрине, денсаулық туралы ойлай қойғаным шамалы. Еу, еу, азғын қиялдарыңды бір шетке ысыра тұрғандарың жөн: менің мақсатым жай ғана артық салмақтан арылу болатын. Жалығып тастап кетпей ұзағынан айналысуымның себебі – бидегі жаттығулар мен қимылдардың сан алуандығы. Белгіленген 1 сағаттың алғашқы жартысы сергіту, жекелеген қимылдар мен созу жаттығуларына арналса, келесі жартысы би үйренуге жұмсалады. Енді осы спортпен шұғылдану кезінде өз бойымнан байқалған өзгерістермен бөліскім келіп отыр.

Салмақтың азаюы
Бірден салмақ тастай қоймайсың әрине. Өзім, мысалы, бастапқы жарты жылда небәрі 1-2 кг айырмашылық байқадым. Тек күзге қарай тұп-тура 5 кг тастадым. Бірақ бұл аса маңызды емес.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Бұлшық еттің қатаюы
Таразы тіліндегі нәтиже аса көңіл қуантпағанмен, алғашқы айларда-ақ тартылып, жинақылана бастағанымды өзім байқадым. Киім де бұрынғыдан жақсырақ жарасатын болып қалды. Сөйтсем, босаң тартқан бұлшық ет қатайып, тығыздала түседі екен. Ал бастысы масса емес, көлем екені қыздар қауымына бесенеден белгілі.

Иілгіштіктің артуы
Студенттік кездің дене шынықтыру сабағы аяқталғаннан бері жүктеме көрмеген денем кәдімгідей қатып қалыпты. Масқара десеңші, алғашқыда биді былай қоя тұрып, тізе бүкпей еңкейгенде қолымды жерге әрең тигізетінмін. Кейін сіресіп қалған арқам қимылға келіп, жаттықтырушыдан мақтау сөздер ести бастадым тіпті. Бірақ шпагат деген бәлеге отыра алмаймын әлі күнге дейін, тіпті соған онша тырыспайтын да сияқтымын. Әйтпесе, менімен бірге келген Бану шпагатқа еш қиындықсыз-ақ отырып жүр ғой.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Иммунитеттің жоғарылауы
Кез-келген би секілді стрип-пластика да жүрек пен қан тамырлары жұмысын жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Мен енді үйдің 9-қабатына ентікпей, бір деммен жаяу көтерілетін болдым. Тағы байқағаным, иммунитетім жоғарылады: тұмау тигізіп ауыруды сиреттім.

Көтеріңкі көңіл-күй
Стрип-пластикамен айналысу бақыт гормондарының түзілуіне көмектеседі, эндорфиндер қанға түсіп, көңіл-күй көтеріле бастайды, маусымдық күйзеліс деген атымен жойылады-мыс. Өз басым күйзеліске аса бой алдыратын адам емеспін, әйтсе де, жалпы сымбатыңның жақсарғанын сезінудің өзі мәз қылады емес пе? Жаттығу залынан шып-шып терлеп, құрыс-тырысың жазылып, денеңді тәтті шаршау меңдеп шығудың кайфын айтпай-ақ қояйын.
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»

Комплекстерден арылу
Иә, иә, жан дүниеңнен ойып тұрып орын алатын жасырын/ашық комплекстерден құтылудың тамаша жолы бұл. Стрип-пластика менің өзгеруіме, ашылуыма (әлбетте, шектен шықпай) және өзімді тартымдырақ сезінуіме септігін тигізді. Айналамдағы адамдардан «өзгеріпсің» сынды сөздер мен комплименттер, «қандай диета ұстадың?» тектес сұрақтар көзге көрінетін нәтиженің болғанын растай түсті. Әлеуметтік желілердегі өзімнің спортқа дейінгі және кейінгі фотоларымды шолып шықтым, сіздер де көріңіздер,
дейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
және кейін:
ОҒМ жазбалары: Стрип-пластика: денсаулық  және «жансаулық»
Әрі қарай