Мен көрген Еуро. Киевке сапарымнан фотоесеп.

Сонымен көрген түстей өте шықты Киевке ширекфинал матчына сапарым. 2 күн, 1 түн Киевте. Англия — Италия матчы. Чемпионаттың ең қызықты, ең драмалы матчы десе де болады. Соны көру бізге бұйырыпты.




Уа, Керекші жамағат, Астанадан бір жағымды жаңалық келді. Тағы бір Админұлы дүниеге келіп, Әмин батыр інілі болып жатыр. Нәрестенің бауы берік болсын, елдің мақтаны болар азамат болсын деп тілеймін. Қалған тілектер — сендердікі 

КерекИнфоның қазіргі нұсқасына 1 жыл болды. 18 желтоқсанда алғашқы пост жазылған екен. 1 аптадай уақыт өтіп кетсе де, бүгін осы айтулы күнмен сіздерді құттықтайын дедім. Сайттың осындай деңгейге жетуі әрине қолданушылардың арқасы. Күніне 2000-дай адам кіріп, сайт беттері 10 мың рет оқылады екен. 
