Мен көрген Еуро. Киевке сапарымнан фотоесеп.
Сонымен көрген түстей өте шықты Киевке ширекфинал матчына сапарым. 2 күн, 1 түн Киевте. Англия — Италия матчы. Чемпионаттың ең қызықты, ең драмалы матчы десе де болады. Соны көру бізге бұйырыпты.
Ойын болатын 24-і күні таңда түстік Киевке. Біздің жолымызды ұйымдастырған сыра өндіруші компанияның өкілдері күтіп алды әуежайдан. Комфортабельді автобуспен бізге бөлінген қонақүйге тартып кеттік. Жол жөнекей Астанадан бірге келген 9 адам және бізді күтіп алған жолсерігіміз Анямен жақсы танысып, араласып кеттік.
Біз барған «Баккара» қонақүйі Днестр өзенінің үстінде тұр, үлкен кеме сияқты қылып салынған. Айналаның бәрі су. Бәрімізге (Астанадан 9, Алматыдан 43) бір адамдық бөлмелерден берді.
Ұйқымызды қандырып алып, Киевті аралауға шықтық. Фанаймақ құрылған Хрещатик алаңы біздің қонақүйден 3 аялдама жер екен. Метромен бара қойдық. Сол орталықтағы бір кафеден түстендік. Жалпы бағалар жаман емес, украин борщы, картоппен балық және 2 лимонад маған біздің ақшамен 600 теңгеге шықты.
Фанаймақтан және қасындағы жерасты өткеліндегі дүңгіршіктерден естелік сувенирлер алдық. Айта кету керек сувенирлер салыстырмалы түрде қымбат және ассортимент аз. 8 маусымнан бері көп нәрсе өтіп кеткен сияқты.
Жүрістен шаршағандар сол маңдағы қымбат деп есептелетін кабактардың біріне кіріп дем бастық. Кафе-ресторандардағы бағалар бізге қарағанда арзан шынымен және қызметтері де жақсы. Сыра әрқашан салқын бұл жерде және темекі тартып отыра беруіңе де болады.
Кешкісін ойынның алдында стадион қасындағы УЕФА клубының ашылуы болды. Үлкен, кең жер екен. Айналасының бәрі үлкен шатырлар, ортасында концерт алаңы және түрлі ойындарға арналған орындар. Әр түрлі тағам түрлері, ішімдіктер, сусындар, тәттілер, жеміс-жидек, барлығы тегін қанша жеймін десең де. Украин қыздарынан құрылған банд неше түрлі әндер орындады, тек орыс тілінде ғана болған жоқ. Жалпы украин қыздары өте әдемі екен
Ойынға жарты сағат қалған кезде стадионға өттік. Бізге орталық секторлардан алынған екен билет. Бағасы 150 еуро. 79 мың адамдық үлкен стадион. Әр түрлі елдердің жалаулары. Әр түрлі халық өкілдері. Барлығы осы футбол мейрамына жиналған. Бір бірімен қырылып жатқан ешкімді көрмейсің. Итальяны да, ағылшыны да бірге жүр. Ағылшындар ойын бойы 90 минут тоқтамастан нон-стоп қолдау көрсетті командаларына. Тәңірі Патшайымды сақтасын деп бірнеше рет әнұрандарын да айтты. Ойын бойы соларға қараумен болдым.
Ойын туралы жазбай-ақ қояйын, бәріңіз көрдіңіздер қалай аяқталғанын. Мұндай керемет ойынды және ойыншыларды тірілей көргеніме қуаныштымын. Шынымен стадионнан көру басқаша.
Ойыннан кейін ағылшындар мойымады. Бастары тік, өз фанаттары жиналған секторға барып қол шапалақтап кетті.
Матчтан кейін УЕФА клубында пати жалғасты. Ойыннан кейін шаршағанымызды бастық, қарнымыз да тойды. Одан кейін Киевтің түнгі өмірімен таныс болдық. Таңға дейін ұйқы болмады.
Ертеңіне мен бөлмемді тапсырып шыққанша біздің топ ертерек шығып қаланы аралауға шығып кетіпті. Кеше көріп алған жолдарым бойынша метроға өзім барып, орталыққа өзім шықтым. Киевті жалғыз жауладым. Жалғыз жүрген де жақсы екен, ешкімді күтпейсің, ешкімнің артынан ермейсің.
Фанаймақ пен Киевтің орталық көшелерін аралап, шамалап сауда жасап, кешкісін қонақүйге қайттым. Ұйымдастырушы компания әуежайға шығарып салды. Түнгі ұшақпен Астанаға жеттік, киев сапарым да аяқталды.
Енді суреттер мен видео қарайық.
Киев жоғарыдан қарағанда
Тарихи қала екені бірден көрінеді, ескерткіштер көп.
Украина Радасы (мәжілісі)
Көшеде барлық жерде Еуро иісі шығады
Атақты Лобановский атындағы Динамо Киевтің тарихи стадионы
Фанаймаққа барар жол
Фанаймақтың алдындағы фонтандардың алдында «ескерткіш-адамдар» жүреді
Фонтанның алдындағы алаңда Украина спорт жұлдыздарының аттары жазылған
Бізге берілген бөлме осындай, 2 адамдық төсекте жалғыз ұйықтадым. Басқа ой мазаламасын, ештеңе болмады
УЕФА клубының ашылуының алдында
1 шілде күні Еуро чемпионы мына 2 украин сұлуы күзетіп тұрған кубокты алады
Аспаздар австриялықтар екен, no pig (шошқа емес) тамақтардан салып берді. Әр үстелде шелектер тұр, олардың ішінде мұз және сыра
Мына ұзын бойлы, денелі кісі кімді түсіріп тұр екен? (Сәлем Рафаелло!)
Ол кісі мына сұлу музыкант қыздарды түсіріп жатыр екен
«Бұл Қазақстан ғой!» деді маған бір украин кісі Ақтөбе деген жазуды танып
Ағылшындар жиналған сектор
Ойын алдында түрлі жерден келген футболсүйер қауым өз байрақтарын іліп жатты, солардың бірі Галатасарай фанаттары
Ойын алдындағы қойылым
УЕФА клубындағы әр диванның алдында осындай астаулар тұр
Ертеңгі «head writing»
Фанаймақтағы фанбазар. Жәй футболкалар бізідң ақшамен 3000-4000 тг. Құрама командалардың формалары 6000 үстінде
Ескерткіш-адамдардың бірі жергілікті арнаға сұхбат беруде
Фанаймақтағы ең үлкен экран. Стадионға билет таба алмағандар осы жерге жиналып қарайды
Фанаймақ осы монумент тұрған жерден басталады, жанында үлкен сахна және үлкен экран
Жолсерігіміз Анямен қимай қоштастық
UEFA клубынан көріністер
иииииииииищщщщщща де!!"
сыра теңіз болды енді шынымен. сапалы, жақсы сыра. іш те бас та ауырмайды.
7-суреттегі қыздың украин веногында түсті лентаның орналасуының мәні бар, ақ лента бірінші тұрса қыздың басы бос дегені, басқа түстер некелі, атастырылған т.б.)))
Сапарың сәтті болыпты, қуаныштымын
Мен сіздің әдеттегі қытымырлығы дегеніңізге қарап айтып отырмын, түсінсе де түсінбеген кейіп танытып жатқан орыстар емес қой бұл жерде
Немесе біз бір-бірімізді түсінбей отырмыз
мен түсінбеген кейіп танытып тұра беретін украиндер туралы емес, «түсінбеген кейіп танытып тұра береді» деп жылаған орыстар туралы жазып отырмын.
және орыстардың кейбір қасиеттерін ескере отырып, Киевте әлгіндей жағдайдың (украиндердің орыстарға қысым көрсету жағдайының) орын алғанына күмән келтіретінімді жаздым.
егер сіздің орыныңызда басқа біреу болғанда әлдеқашан ұрсып берер едім. просто көріктілігіңіз үшін ғана шыдап отырмын.Суреттер тамаша
Енді Лондонға баруды да бұйыртсын
Үлкен стадионда өз еліңнің фанаты болған қандай екен эхх
«Фанаймақ» деген жердің аты екен деп, Украинада қазақша "қ-мен" бітетін жер атауы бар екен деееееппп отырсамшы…
ПыСы: Ақтөбе Шемпион!
астаудың суреті түсіме енетін шығар Ұлы Жұмаға дейін!
Нағыз украин халқы, отбасы туралы білмейсіңдер демек.
Фоторепортаждан көп нәрсені көріп, сенімен бірге ел аралап келгендей болып отырмын.
Сен пибілетіп келсең, мен гүлдер жәрмеңкесін іздеп кететін болармын, өйткені Киевте мықты коллекционерлер бар
Киевтен естелік.
тамаша!
Арт жағыңда тұрған ұзын ескерткіш біздегі бір ескерткішке ұқсайтын секілді ме қалай өзі. Төбесінде не тұр? Айналасында кімдер тұр?
қонақүйде бөлме берілуін күтіп отырмыз
таңғы ас алдында
паркта
метрода
паркта
Фанаймақ дәл орталықта-ау дейм, анау арка Хрещатникте ғой?