Вашингтонның ресми иістері
Баскентіндеміз. Штаттардан құралған Американың. Жан-жақтан әрқайсымыз түрлі уақытта кеп бас тіредік Georgetown suites қонақүйіне. Қайсымыз 20, қайсымыз 36 сағат құртыппыз мұхит асу машақатына.
Кеше кешкісін әуежайдан Бангладештік Мұхаммед атты таксист әкеліп тастады. Халал табысым осы дейді. Үйленген, екі баласы олар Вашигнтонның орталығынан қашығырақта 1500 долларға пәтер жалдайды екен. Қаржысызды, табысы төменді ығыстыратын кент дейді ашына. Бірақ, еңбек етемін деп талпынамын дегенге мүмкіншілік көп дейді. Мұхаммедтің дәл осы сөзін тек Вашингтон емес, басқа да бірқатар қалаларға телуге болады-ау. Екі қолға бір күрек, есектің артын жусаң да пұл таптың кері, таяқты қайда тастама.
Бүгінгі күн тәртібі ерте басталды: таңертеңгілікке жетілерде түсіп, үйлестіруші J.B. Leedy уағдаласқан жеті жарымға дейін оразамызды ашып алдық. Қызық екен, ас үйдегі бөлек дастархандарға жайғасқан біздер Лиди келгесін ғана, соның жанында топтасып, бір-бірімізбен визиткаларымызбен алмаса бастадық. Дені мұсылмандыққа бойұсынған қыз-жігіттер. Португалия, Қытай мен Африка құрлығының екі-үш азаматын есепке алмағанда. Үйлестірушілердің ә дегеннен алуанмәдениетті ортада емін-еркін аураны қалыптастыра білуде машықтанып қалғанын байқадым. Әйтеуір, бізге арнайы бекітілген Лиди мен Николь жүріп-тұру, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қажетті көмектің түгелін көрсетіп бағуда.
Блоггерлерде қобалжу байқалады.Міз бақпайды, дегенмен.
Ылғалдылығы шыдатпастай екен. Бірден көзіме түскен ерекшеліктерінен жүгіру мен велосипедпен жұмысқа барып қайту ұлттық идея санатында екенін айтайын. Көп жүгіреді екен, көбісі жүгіреді… Бірақ, рациондарынан біздің дәстүрлі астарымызды күту орынсыздау ма, әйтеуір жақсы шәй мен етті тамаққа зәру күй кештік. Шеке тырысып, асқазан азар да безер боп кетпесе де, бұл кішігірім қолайсыздықты еңсеру біраз әрлі-берлі сабылысты керек етті. Таптық сосын керек етті.
Алтын жалатылған ешнәрсе жоқ. Қарапайым ғана нәрселер, бірақ әр не өз бабымен, өз парқымен кәдеге жаратылуы Американы Америка қылып отыр-ау осы деген тұжырым туғансыды. Дегенмен, қазсаң, кілтипандары да аз емес. Әзірге екіұдай әсерлер бір-бірімен айқасып жатыр. Бір білгенім, АҚШ турист ретінде қыдырып келетін жер емес. Ол айызды қандыру үшін Түркия бар, Дубай бар, басқасы бар… Кинодан көргендермен салыстыруға тырысасың, біраз ұқсастықтар тауып, кейбір тұстардың бізге әсіре абаттандырыла тәпсірленетінін түйінесің.
Айтқандай, әр адамның өзіне физиологиялық дене бітіміне тән иіс болатыны сияқты, АҚШ-тың да өз иісі бар тәрізді. Климаттық, тұрмыстағы ұстанымдарына байланысты факторларға байланысты шығар, әйтеуір бір исі кетпей қойды иісті сезе қойғыш айналайынымыздан.
Алда АҚШ үкіметінің қазіргі заман медиясына жауапты ресми өкілдерімен кездесу. Жолшылықтан кейінгі шаршаудың мәнісін тауып, жайлануға мұқтажбыз. Атлант мұхитының үстімен қалықтап бара жатып, борттың артқы шебіндегі терезеден қарай қойған едік, бір түрлі болып қалдық… Көп қалай қорқытанына мысал көп, тереңнің батыратынын мысалсыз-ақ елестетіп көрдік. Елестетуіміз бекер екен. Қайтарда сол елес, сол үрейлер бойды билеп алмаса игі. Пендеміз ғой.
Кейде алдағы болашақтардан молырақ оң әсер алу мақсатында алдын-ала өзіңді қайрай отыруды жатырқаудың керегі жоқ дегенді естуге болады. Үлкен кездесулер алдында қайрақ өз ісіне кіріскен бе деп қалдым…
Кофені сіміргенде жанын шығарады екен. Шайды онша мойындамайтын тәрізді. Бұларды баппен қайнаған самауырдың шайына отырғызу керек, келіп, Шымкенттіктер саудалап, соңыра өзіміздікілерді тартатын… Ұшы қиыры жоқ тың нарық, несі бар…
Бүкіл әлем шымкенттіктері! Бірігіңдер!
Білдей диплом беретін оқуды оқуға шама жоқ бізде))
сапарыңыз сәтті болсын…
" АҚШ турист ретінде қыдырып келетін жер емес." degenmen kelispeymin, Koretin, baratin jer kop. Meninshe ol bizdin (nemese kop adamdardin) mentalitet, kidiru degendi tenizben (plyazh) baylanistirudi. Degenmen DC'den algan aserin solai bolui mumkin. Menshe de DC'de koretin jer kop emes, arine eger muzeylerge (Capitol Hill'dan bastalip eki jaginda uzunnan jatkan koshe boyindagi muzeyler), eski gimarattarga kizikpasan.
мүмкін 3.22 уақытта оқығанан болар деп бүт посты оқып шықтым