Бас екеу болмай...
Сүйінші, ағайын! ҚазНеттің urimtal'ының бір басы екеу болды!
Бұл сурет Тимурдың тойдан жасаған тікелей репортажынан алынды
депті Асекең таяуда туиттердегі жүрекжарды хабарламасында. Асқаттың интернеттегі қазақтілді сегменттің өрісін кеңейтудегі еселі еңбегі көз алдымызда. Бірер жыл бұрын үйренері көп оның бұ күнде өз замандастарына үйретері де баршылық. Атыраудан Алтайға дейін көсілген сайын даланың төсінде қаракөз бозбала-бойжеткеннің тілін ғаламторда қазақ кәлимасына сындырды. Баули білді. Талайын wordpress'тендірді де. Серттесіп, некелескен бірімізге келін, бірімізге жеңге болатын арудың есімі — Кәмшат. Кәмшат келіннің ҚазНеттегі үзеңгілес, сырлас замандастарының назды қылығын, еркелігін Асқат бұдан әрмен «жезде» амплуасында шаршамай көтере білер деп сенім артамыз.
Кәмшат, нәсіп болса, Асқаттай сақа азаматымыздың абыройына абырой қосып, елдің ықыласына бөленген өнегелі келін болғай! Бауырымыз Асқат өмірлік жары артқан сенімнің үдесінен шығып, өн бойындағы парасаты мен қайратын бұдан әрі де жалпыхалықтық құндылықтар жолында сарп етуден аянып қалмас. Осы өмірге лайық семья құрылды, ағайын! Келер жылы бесік той, шілдеханаларда ізгі лебізді білдіре отырып қауышуға жазсын! Әрдайым жүрегіміздің төріндесіңдер, Асқат-Кәмшат!

Әлһамдулиллаһ! Біреулер үшін жаңа жұмыс аптасы басталды, ал мен өмірімнің жаңа бір белесін бастағалы отырмын!

Әрқашан бақытты, өмір жастары ұзақ болуына тілектеспін.
Шын қуаныштымыз. Баяғыдан өйсіту керек қой))))))))))))))
Той жақсы өтті, Камшат сондай сұлу болды! Асхат енд шик!
Витердегі, реалдағы тілектерге қосылам
Кәмшат тұрмысқа шықса, қырық подружкасы түс көріп жатқан шығар
осы не мағынаны білдерід кен? 2-3 жерден естіп қалдым, мағынасын сұрамаптым))) ал түсімде тойда жүргенім рас)))
ПС: дружка бала семпатюля)))
Камшаттай сүйегі асыл, қалтаңнан туспесе қимайтын күміс теңгедей бітімі бөлек құрбымызды кезіндегі әріптесіміз Асхаттай білімді, біртуар азамат жар етіп жатқанына шынайы қуандық. Теңін тапса, тегін бер демекші, бір-біріне сай жандар. Шалғай жүрсек те тілекшіміз!
Иншаллаһ, жас отаудың сырты алтын, іші күміс болсын, бөбектердің іңгәсіна толсын!!!
ШАңырақтарың шайқалмасын, керегелерің берік болсын! Сендерден тараған ұрпақ қазақ елінің көк байрағын биіктерден желбіретер азаматтар болсын! Шектелмеңдер!
ана қызды қазақтардың фэнтези жанрындағы телеканалында көргем қателеспесем
Өрімтал деп ұқсам — атыңа затың сай(Мың қатар Шүкір)
Ендігі, қосақталған өміріңде — Сезімтал бола біл БАУЫРЫМ!!!
"Қашан енді?" дегенімде, «бұйырғанда» дегендей сиқырлана жымиып еді.
Көбейейік!
пысы. @nurgisa БАЖ!!! @altygradus АРБ!
@timurrr
БАЖ=Болт Әңгіме Жоқ
АРБ=Алла Разы Болсын
prichem tut men?