КерекИнфо сіздің қолдауыңызды күтеді



Құрметті Керекшілер, сайт хостингіндегі орынның азайғанына байланысты, ұлғайту және келесі жылға создыру мақсатында сіздерден қаржылай көмек сұраймын. Бұл сайт ешқандай ұйымның немесе бір демеушінің көмегімен тұрған сайт емес. Өзіміздің сайтымыз. Сондықтан мүмкін болса келесі айдың басында әр қолданушыдан 500 теңге көлемінде көмек сұраймын. Бере алмасаңыз да ешкім ренжімейді, ерікті түрде барлығы.
Бөлісу:

140 пікір

Gulistan
Админ мырза, онлайн қалай аударамыз? Немесе карточкадан карточкаға лақтыруға бола ма?
KILYZAMAN
Құптаймын, әрине!!! Сенікі игі іс. Қайда қалай(болмаса кім арқылы) бере аламын?
sammita
такс, 2 мың жиналды)))
KILYZAMAN
Қателесуің мүмкін — 10 теңгені есепке алғың келмей отырған сыңайың бар
sammita
сіз он мың? Қуаныштымыз, үлгі алайық
KILYZAMAN
Жеті серіктіктің жорналшысына ұқсап шала оқымасаңшы...
sammita
шала оқығанда… Шынымен ұққаным сол..?
Gastarbaiter
Ее, қойщейш, э...Қилекеңе жабылып жұмыс табайық де одан да.
Келесі айда болса, как раз біздің аванс түседі
KILYZAMAN
Зришь в корень!!!
sammita
жақында пенсияға (13 жыл) шығасыз, жұмыс не керек енді
KILYZAMAN
Оптимизмнің қайнар көзісің…
sammita
рахмет, құлағына жеткен жымию.
Nurgisa
«KILYZAMAN сіздің қолдауыңызды күтеді» тақырыбы қылтиып тұрғандай ма, қалай?
KILYZAMAN
Менікі енді — арамтамақ болғым келмейді, кемпірімнің мойыны жіңішке дегенге саятын тақырып. Түйіндеме таратудан шаршадым! Возрастной ценз...
abdi111
қалай берсе болады біз жақта киви келмеді аудим кәртчка арқылыма
Пікір түзетілген: 11 тамыз 2011, 01:02
abdi111
менде кәртчка жоқ)))
asaubota
сенің ниетіңе рахмет. жаңа қосылып жатырсың ғой, келесі жылы көмектесерсің
abdi111
оиии мен осы жылы бергім кеп отыр
asaubota
машинаның запчастымен немесе малмен де беруіңе болады. ала береміз бергенді
Zere
Қалай жіберу керек жолын айтып жіберсең )
alisha
Қолдаймыз қос аяқтап қолдап, бір ауыздан /көп атынан емес, өз аузымды ғана айтып отырмын/!
asaubota
менде Казком. хостингті де интернет арқылы осы карточкамен төлеймін, сондықтан осында жіберсеңдер дұрыс болады. тек қазір емес, осы айдан кейін. 1 ай ішінде әр қаладағы керекшілер өздері жиналып, бір адамның атынан салып жіберсе дұрыс болатын шығар. 500 теңге үшін ешкім банкке барып жүрмейді ғой.

сосын бұрын жазған едім, Киви терминалы арқылы болады деп. сол жерден Вебманиге аударып көрейін алдымен өзім тексеріп. егер солай болатын болса ол да оңай вариант.
satibaldi
Нөмірлерін берсейш картаның. КардТуКардпен көретіндерге.
Gulistan
кейде есі дұрыс әңгіме айтатыныңа қатты риза болам.
Nurgisa
 неге «кейде»?
sigma
Дақұя ұтыласың, біріншіден терминал өзінікін ұстайд, екіншіден теңгеден рубльге конверт болғанда, үшіншіден кивиден ВМРге лактырғанда ұстайд, төртінші не үшін екенін білмедім, брақ түсу керектен кем түсед.
Операция тасбақаларға арналған, кивиден ВМРге 12 сағат ішінде түсед менікі алты сағатта түсті. ал қарайсың ғой.
Meru
Менде де Казком, номеріңізді жіберсеңіз, карточкадан аудара салсам.
satibaldi
Жандықс шот бар деп едің ғой?
Nurgisa
Ағымдағы ай Рамазан, мың айдан да қайырлы ай. Зекет деген әдемі бір нығметі де бар осынау айлардың төресінің. Бәлкім біріміз 500, шамамыз кеп жатса көбірек жолдармыз. Сайтымызға жанашыр бизнес өкілдер боп жатса, олардың осы іске қосқан үлестері ҚазНетке қосқан үлесі болар еді, меніңше. Әр ауылдың тентек-телісі бар десек, осынау ортада небір сындарлы пікір жазылмасын-айтылмасын, түптеп келгенде ысылту, жаттықтыру, бекіту үшін жасалатын нәрселер бәрі.

Аршат, сен мүмкін болса не карточкаңның нөмірін бер, не банкте бір есепшот ашарсың. Біз сонда салайық әрқайсымыз.
asaubota
қазір көбісі демалыста ғой, сондықтан келесі ай бастайық дегенім ғой. сол кезде Казком номерімді берермін. тек қазірден бастап ескертіп айтып қойып жатқаным ғой. жарнама беремін дегендер болса, баннерін қойып қоя аламын. жеке-жеке жібергеннен гөрі әр қаладағылар жиналып жинағандары дұрыс.
madlen
ok, admin aitsa boldy
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 17:27
Erkekyz
Келесі ай үйде боламын, ол жақта инет болмайды -ау шамасы. Агентте толығырақ айтасыздар ғой қалай аудару керектігін.
Aigolek
номеринди берсен единца лактыра алам.
VKM
Айгүл, осы СаянҮш қайда екен? Бұрын бірлік лақтырушы еді
meirzhan
Бірнеше пост пен комменттерде фигурироваться ететін ол кім?
VKM
Мяя, СаянҮшті білмейсің бе? Ол мегаадам ғой казнетте
meirzhan
VKM
таныстырайын ба?
meirzhan
Сұрақ-жауаптағы VK -ның сен екенін енді біліп жатырмын.
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 18:11
monti
әр қаладан бір адам жыйып етсе
мысалы алматтан, бір адам жияд сосын сол жіберед админге
Aigolek
ал питир садаканы осында берсек кокемиз кабылдай ма кен?
asaubota
қабылдаймыз
Aigolek
негизи коке деп питирдин прямой отчетын жасайтын жогарыдагы кокемизди мензеп едим…
кейн о дуниеде питир неге бермегенсин десе сени корсетем го
asaubota
аааа қайдан білейін, сіздердің ондай ағайындық жақындықтарыңыз барын білмеппін
Aigolek
сизбен агайындыгымыз бар ма еди?
asaubota
жасы үлкенге көке деуші еді, кішілерге қарындас.
timurrr
Барлығымыздың жекемізге КазКомыңды лақтыр, Б(ы)рат! Атырауға келіп бір сөз үйрендім. «Не айқайы бар?» деген «Шо проблем?» деген сөз. Ендеше не айқайы бар? Лақтырамыз груз!
Mansy
негізі Жобаға қанша ақша керек накты айтсан.
asaubota
тек хостингке 50 мың керек.
Mansy
Ал ендеше Қазақстандықтар. Осындай мықты сайтқа да крезис кепті көмектесейік… реквизит қалай табам… Толығырақ нақты болса…
asaubota
сентябрьде жазармын. басқа оңай жолын да қарап көремін, Киви терминалы арқылы. өткенде sigma Вебманиге аудара алмадым деді. соны тексеріп көремін алдымен.
blackbeard
Мен сол терминал арқылы DNRге төлеп джүрм! Жақсы бәрі!
yerbol89
Мен Казкомның қолданушысы ретінде Банкке бармай-ақ сыртындағы апараттардан аудару боып саналады. Осында Казкомдағы карточкаңыздың номері мен РНН нөмері болса жеткілікті. Оңай аудара саламыз. Жақындағанда Казком нөмері мен РНН нөмерін айтсаңыз, мен де аударып біршетінен видеоға түсіріп алып осында жариялармын. Банктің алдындағы Банкоматтар тек ақшаны шығарып қана қоймай, сол Банкоматтар арқылы ақша да аударуға да болады. Қателспесем 40 кюпураға дейін қабылдай алады.
VKM
Ербол, ал карточкаға аудару да оп-оңай. Номері ғана керек, кассаға барасың, лақтыра саласың. Фамилия да сұрамайды
yerbol89
Ал банкоматтан аудару кассаға барғаннан да жылдым, анау-мынау деп тұрмайсың. Қажетті аударылатын карточканың нөмерін бересін және сол карточканың егесінің РНН нөмірі болса болды. 2 минутта аударасың да кете бересің, тіпті Банктің ішіне кіру міндетті емес.
omarbirat
Ол виза тұқымдас карточкаларда сондай ғой. Менікі CirrusMaestro еді.
saken
Қазкомга қалай аудару керек екенін түсіндіріп жіберсеңіздер болғаны (мен сияқты ХалықБанықтың тұтқынына). Құдалар атынан бір кілем, екі бұзаулы сиыр және кешірімге 50000 теңге дегендей ғой )))

Дайынмын Керексайтымызды қолдауға!!!
patick
какой базар, әнас…
konvict
Тараздан белсенді қолданушы мен болғандықтан өзім ғана аудара беретін шығармын ешкімді күтпей. Тек қалай аудару керек екенін айтсаң болды. Әйтпесе, ол жағынан мен шәугіммін.

Менде халық банкінің картішкесі. Одан да аударуға бола ма?
VKM
Абай, мен де Өскеменнен жалғызбын
konvict
Екі жалғыз қосылып… Бірге ақша аударып жіберейік
meirzhan
Сен Джентьменсің ғой, иә?
konvict
Gentle болмасам да, rude емеспін
meirzhan
онда не істеу керек екенін түсініп тұрған шығарсың, xawgim.
konvict
Не істеу керек екендігіне басым жетер емес
meirzhan
өтірік айтпаш. еш алаңдама. сандырағым ғой. аллергия ұстап отыр.
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 23:27
meirzhan
 
«Не істеу керек» дейтін бұл мега мегалайн мәселесі емес қой.
Ұсынысың болса студияға!
meirzhan
Шәугім болсаң суретіңді сатып, нәпақа тапсай.
Пікір түзетілген: 1 тамыз 2011, 21:24
urimtal
Бүгін алматылық блогшылар ауызашарға жиналып қалуымыз мүмкін. Сол жерде жиналған соманы онда өзіңе салып жіберерміз, инш! Қаласаң, спонсорларға шығып көрейін. Баннерлерін орнатар. Хостинг ақшасы да шығып қалар. Тек коммерциялық ұсынысты сауатты жаза алсақ болғаны.
Erbol
Алматылық ауыз бекіткен ағайын бүгін кешке Ориент кафесіне жиналып ауыз ашып, әңгіме-дүкен құрсақ. Керекке арналған қаржыларыңызды да ала келсеңіздер.
KILYZAMAN
Ол қай жерде?
Erbol
ойбуу жазбаппын ғой Кухня: Турецкая. Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Маметовой, 67 (уг. пр. Сейфуллина). Телефон: 7 (727) 279-96-72 деп тұр интернетте.Ауыз ашар уақытты білесіздер.
Пікір түзетілген: 2 тамыз 2011, 13:28
urimtal
@erbol мүмкін жаңа бір тақырып арнармыз?
KILYZAMAN
Мен өзіме оңай бір жолын таптым… Қалтатилпоныңа баланс салатныңды ескере отырып сол шығыныңның бір мысқылын(мөлшері дер кезінде анықталар)жекеге жіберермін деп шештім… Жарайдымә
Erlan
бурынгы кездерде конверке салып, хат қылып салып жібердіма екен
Zilola
Алматыға жетіп алсам болды, ноу проблем көмек беремін!!!
Құрылысшылардың атынан атамын!
Erbol
Алматылықтардан 4500 жиналды. Көп сияқты едік.
Пікір түзетілген: 3 тамыз 2011, 01:00
TERISKEY
«Береміз, қайтсек те береміз» ©
VKM
 @TERISKEY ді де көретін күн болады екен ғой)
asaubota
Қолдаушылар тізімін шығарып қойдым, егер ұмытып кетіп жатсам айтып отырарсыздар

www.kerekinfo.kz/page/donate/
sammita
1-орынға ие болыппын
Қолдаймыз.
Nurgisa
Меценатсыз ғой, меценат!!!  Сауабың молынан болсын, саммита. Ұл тап.
asaubota
менің sammita апашкам мықты ғой
sammita
әп-әдемі «менің» деген сөзді «апашкам» құртты ғо
asaubota
қарындас деп мықыныңнан шымшып ойнайын десем ренжисің ғо, 1 жас үлкенмін деп. сосын ғо апашка деватқаным
Aigolek
канча бергенин де жазсай. Сосын акша коп бергени бириншии орында тура ма?
asaubota
қанша бергені маңызды емес, қатысу маңызды  тізім ақша көлеміне қарай емес, қосылуына байланысты.
VKM
туй, ылғи мұткетем.Ант етемін, бүгін терминалдан лақтырамын.
meirzhan
Менікі де сол.
Erbol
Аршат Алматылықтардан 5 адамдікі менде. Тағы жинала ма десем, ешкім қимылдайтын түрі көрінбейді. 5 адамдікін Қазком шотқа лақтырамын.
Пікір түзетілген: 9 тамыз 2011, 01:50
Zilola
әле лақтырып қоймасаңыз, менікін де қосып алыңызшы
a63a1
Халық банкің банкоматынан лақтырылама?
Makhabbat
қарсы емеспін, салып жіберемін жакын арада
qisyq
Енді көрдім мына постты. Алматылықтар атып жібергенге ұқсайды, сөздерін бақсам. «Көп түкірсе котел» деген, кілең қазақ интернетінің ығайы мен сығайы, ақсақал-қарасақалы, сен тұр, мен атайындары, шынжыр балақ, шұбар төстері, бетке ұстарлары, іліп аларлары, азуын айға білегендері, жілігін шағып майын ішкендері, интернетпен таңын атырып, күнін батырғандары тұрғанда, саспаңыз, Аршат мырза)))
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 18:55
Zilola
сен де атып жібердің бе уже, есчо менікін қосып атсаң
qisyq
Екеуміз ертеңгі күннің елесіндей болып, қол ұстасып, қарашығымыздан күн күліп, бірге атайық…
meirzhan
Кезінде Бекболат аға аузыңа түкіріп бата берген бе дедім.
Qojeke
Аршат, ақшаның есебін беріп тұр. Адамдар «Аршатың нағыз парақор» деп жүрмесін
sammita
міндетті шара емес. Өз жолыңды білсей алдымен.
Nurgisa
Опшым, бауырым, троллейбустан өткен бәле екенсің. Анаңның ішінде тоғыз ай қалай шыдап жатқансың?
madlen
Млин, ваще ұмытып кетіппін ғой
Кім қалды Алматыдан ақша жібермеген?
TERISKEY
мен бармын, @Madlen!
Nurgisa
@Teriskey, сен баланыкі үнемі «позднее зажигание» болып кетіпті, бақсақ  Шамасы, ұйымдасқандығыңды жақсартатын біреу-міреуге мұқтаждық ертеңге қалдыруға жатпайтын қажеттілікке айналғандай ма, қалай
TERISKEY
 айтпаңыз, аға. Расында, өте-мөте зәрумін. Дұға ете жүргейсіз
sammita
дәл осы сәтте, дәл осы жерде «тәйт»іңді естіп қалам ба деген үмітім..
Nurgisa
Дұға етуін етеміз ғой. Сен де бірақ, қарап отырмай, ана «Шаншардың» «ақ тырнасындағыдай» "әрекет ет, әрекет"
TERISKEY
муаххахахаха, етеміз, бұйыртса.
Ottegin
Асаубота, Казком кәртішкесіне салса, РНН-ді талап етпейді ме?
TERISKEY
сен салар болсаң, сенен талап етеді, қарсы жақтың тек нөмерін, тойыс кәртішкі нөмірін ғана сұрайд.
Ottegin
Менде кәртішке де жоқ, банкқа барып салуға болады ма?
asaubota
иә, олай болады. РНН сұрайды. мүмкін болса Киви терминалы арқылы сал, аз сома үшін босқа банкке барып жүргенше. немесе Алматыда болсаң басқалармен бірігуіңе болады.
Zako
Шелелдік арзан әрі сапалы қызмет ұсынатын хостинг компанияларының хостингтерін пайдалануға болмас па екен?
asaubota
кей қолданушылар дұрыс түсінбеген сияқты. ай сайын салып отыру керек деп. олай емес  жылына бір ақ рет жасалатын нәрсе ғой. тек бір рет салсаңыз жетеді. салмасаңыз да ешкім ренжімейді, ерікті түрде ғой.
a63a1
Нешесіне деиін салып үлгеру керек? Ендігі аптаның ішінде салсам болама? ақшаның реті келмей жатыр,
asaubota
қалаған уақытыңда бір жыл ішінде
chimaq
mende komekteskim keled ,biraq aqchany qalai jiberuimdi bilmeimin...endi bul jerde jurgennen uiat qoi…
Anar70
жақсы, тек қалай жіберу керек екенін толықтай жазыңызшы немесе сізге тапсыруға бола ма?
Соңғы түзету:
asaubota
Анар апай, бұл баяғыда болған мәселе ғой. ниетіңізге рахмет.
Anar70
))))) жылына қарамаппын ғой)))))
satibaldi
Сонша неткенде де енді…
Anar70
ұялған исмаил…