"Шал" мен "Кемпір" сөзінің шынайы мағынасын түсініп жүрміз бе?

Жанібек Қожық деген Маңғыстаудың адамы зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: Қадірлі достар!.. Қазіргі жастардың көбі келіншегін «кемпірім», күйеуін «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар. Егер де сол
Әрі қарай

Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Әрі қарай

Киллер

Киллер сөзін бала кезімде кинолардан естіп, әйтеуір жақсы сөз емес екенін білгенмін. Кейін оқушы кезімде бұл сөздің "өлім, өлтіру" деген сөзден шыққанын ағылшын сабағынан білдім. Бірақ мен бұл сөздің мағанасын айқындағалы отырған жоқпын, Асқар Алтайдың «Киллер сауысқаны» жөнінде айтқалы отырмын. Бұл шығарманың мазмұнында жазбаймын, өздеріңіз оқып алыңыздар.
А.Алтайдың бұл туындысы өте тамаш және ерекше. Сауысқан киллер десе киллер екен. Шығарманың атын қоюда біраз ойланыпты жазушы. Содан баласы оқып шығып, сауысқаныңыз киллер екен дегенде, сол сөз ұнап қалып, «Киллер сауысқан» атанады шығарма.
Шығарма лирикалық шегініс негізінде жазылған. Бас кейіпкердің сауысқанды киллер етем деп, өзі өмірдің зардабын көруімен аяқталады.
Қазақ әдебиетіне фантастикалық элементтерді енгізіп жүрген жазушы А.Алтайдың «Киллер сауысқаны» оқушысына көөп нәрсені ұғындырады. Әсіресе ұлттық құндылық, қазақы наным, қазақы намыс. Кітаптар әлемі: Киллер
Әрі қарай

Абай "Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос".

Ойланып қарайықшы, біз қазақ бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз, қаншалықты көмек қолын созуға дайынбыз.
Байқағаным, орыстар, өзбектер, ұйғырлар және т.б. халықтар өте ұйымшыл келеді, әрдайым бір-бірінің сөзін сөйлеп, жақтасуға дайын тұрады.
Біздің қазақтың сөзі «Қазаққа қазақ жау», ия бұл сөзді негізі өзіміздің қазаққа қарнымыз ашығасын айтқан болар біреу. Бір-бірін көреалмаушылық, бір-бірінің аяғын шалушылық болып жатады. Ал енді басқа ұлтқа келгенде, қонақжай болып, әкесіндей сыйлап төріне отырғызып қояды.
Мысалға, ссср кезінде қаншама халықтарды (шешен, турк, курд, кәріс, армиян, неміс) товарный вагондарда салып Қазақ жеріне айдап әкелген, сонда қазақтар солармен нанын бөлісіп аман алып қалған еді, одан бөлек босып, тозып келген ұйғыр, өзбек, тәжектер бар, ал енді бүгінгі солардың ұрпақтары, біздің жерде тұрып, қазақты менсінбейді.
Өзбекстанда қазақтарға күн көрсетпейді, әлі есімде бала кезде Ташкентке барғанда менің қазақша сөлегенімді көріп, өзбектер көздері алайып «қазақ, қазақ» — деп маған жеп көріп қарағандары. Бүгінгі күні шекарада қаншама қазақты атып өлтіргендері бар, жаңалықтардан айтпағасын көп халық оны біле бермейді. Бір туған деп жүрген қырғыздарың да, Қырғыстанда қазақтарды жақтыра қоймайды дейді. Ал Ресейге барсаң, қазақты адам ғұрлы көрмейді, шовинисттер жатқан.
Осының бәрін ойлана келе түсінгенім, басқа ұлтқа қонақжай болып, ақкөңіл болып жақсылық жасаудың қажеті жоқ, бәрібір түсінбейді, түптеп келгенде барлық адам күштіні сыйлап, әлсізді жек көреді. Сондықтан бауырлар, бірінші кезекте өзіміздің қазақты сыйлайық, қолдан келгенше көмектесуге тырысайық.
Әрі қарай

Жесір әйелге бару сауап деді..

"— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап берді."


«Көзден кеткен, көңілден де кетеді»

Сәлем достар! Көгілдір емес экранның бетінде жазбаларым көрінбегелі біршама уақыт болды. Тіпті, арасында Алмас блог әлемін тастады деген тұжырымдар да пайда болып үлгеріпті. Не де болса, «МЕН ОСЫНДАМЫН!» деп қолымды көтеріп қояйын. Ары қарай әңгіме барысы бойынша…

Қаһарлы қыстың ызғарынан кейін, көктемнің жайдарлы да жасылды күндерін сағынумен келеміз. Томбы қаламызда күн айтарлықтай жылына қоймаса да, көкек айы алып келер жылулықты күтіп отырған жайымыз бар. 6 ай қар жауатын аймақ болса дағы, адамдарында жылы шырай сақталған деп толық айта аламын. Адамдармен байланыстан б-лек, интернет желісінде көп отыратын шығармын. Негізгі әңгіменің төрі сол «интернет» желісінен келді. Жастар бұзылды ма, әлде ғаламтор торабы бізді құртып жатыр ма, білмейміз ғой. Жаңалықтар көріп отырып, көзім бір бейнебаянға түсті де қалды. Оның тақырыбы,

«Жесір әйелге бару сауап деді..»


Блог - AlmasNakhypbek: Жесір әйелге бару сауап деді..

Жігіттердің арасында естіп жүрген әңгіме болғандықтан ба, ашып қарауға бірден асықтым. Жауабын берген адам кім екен? Шынымен олай жасау дұрыс пе екен? Мың сұрақтың форматы басымда құрыла бастады. Сонымен, бейнебаян былай дейді:

(Айтып отырған шамамен 40-45 жастағы ағамыз)
— Ақиқат айтылғанда ешкімнен қорқылмайды. Кім болса да, ол болсын! Кім болса да, ол болсын! Менің бір жолдас балам қайтыс болды. Анандай, бір атыс-шабысында атып өлітіріп кетіпті. Досым болғандықтан, сол жерге бардым. Енді, барып отырып, жаназасына қатысып отырсам, айналамда өңкей көшенің тақырбастары отырып алған. Өлім көргенде ғана таубесіне келетіндер, да, олар. Менен сұрады:
— Оу, көке, жесір қатындарға, барған қалай болады? Сауап болады ма?
— Сауап болады! — деп еш күмәнданбастан жауап бердім. – Ертең, әкең өлсе, шешең жесір қалады. Сонда, үйіңнің бір есігін ашып қой да, «сауап табатын жер» деп жазып қой. Мынадан сауапқа батасын… (қолымен сілтеп, көп дегендей келтіріп) Бір күнде шешеңе 10 еркек кіретін болса, сауапқа батып қаласын!- дедім. Сонда пистолетін менің нақ маңдайыма тақады.
— Сен ата алмайсың! Намысы жоқ адам ата алмайды! – дедім. – Сен, жесір деп айтқанда, кімді көзге тұтып жатсын?? Ертең сенің анаң болмайды ма? Әпкең жесір болмайды ма? Қарындасың жесір қалмайды ма? Сен ертең өліп кетсең, сенің қатының жесір қалмайды ма? Егер күйеу балаң қайтыс болса, қызың жесір болмайды ма? Сенде мына бас жоқ! (қолымен басына сілтеп). Жай ғана ешектің басы ұқсатып көтеріп жүрсің. Сен мені ата алмайсың! – дедім. – Сол уақытта мен 20 жасар бала едім. Бәлкім, біз өзіміздің бір елі ауызымыздан шыққан әрбір сөзімізге аса қатты мән беруіміз керек. Найзаға үкі тағып, дәстүрін мықтап ұстанған, намыс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан қазақ халқының ұрпағымыз. Аталарымыз жесірін көшеге тастамаған, жетімін жылатпағанын тарихтан анық көре аламыз. Кешегі бабаларымыз:

Қаратаудан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қарындастан айырылған жаман екен
Қара көзге мөп-мөлдір жас келеді
— деп, аттың үстінде, ұйықтамастан жылап айтып кеткен…

Мақала біткен кезде, оқырман, саған өтірік маған шын, көзіме кішкене болса да, мөлдіреген жас тамшыларын байқадым. Ауызбен патриот болу оңай да, ата-бабаларымыздың бізге сіңдіріп кеткен қасиеттерін ашып, пайдалану неткен қиын іс еді… Сол аталарға тартып туған ұрпақ болуды жазсын деп ішімнен қоя бердім. Ғаламторға 2 көзін 4 қылып салып қойған кейбір іні, қарындастарымыздың миына кіріп шықпасада, осы жазба кездесіп, ойланулары нәсіп болсыншы деген ниетпен жазуға бел будым.

P.S.
#НаурызДода
Әрі қарай

Turkvision-2014 туралы

Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.
Әрі қарай

Қият

Өзгенің руын сұрағанды жақсы көремін. Алайда, біреу менің руымды сұрамай-ақ қойса екен деймін де тұрам. Себебі, оның арты көп сөзге ұласады. Жоқ, білетіндер де бар. Дегенмен, басым көпшілігі «А, естімеппін, қайдан тарайсыңдар» деп сұрақтың астына алады.
Әрі қарай

Қазақ деген - мен үшін ыстық сөз.

Қай жерде, қай елде, қай ұлттың қасында болмасын, туған тілімде, қазақша сөйлегенім мен үшін әрқашан абырой саналады. Қазақ деген сөзді естігенде, қазақ деген жазуды көргенде мен үшін ыстық сезіліп, өз ұлтымның аңқыған иісін иіскеп тұрамын. Мейлі мен патриотсымақ боп көріне берейін, есесіне менде туған жер, туған тіл, ұлт, дін, салт-дәстүр, бәрі-бәрі бар. Осы байлықтарға жер бетінде қаншама ұлттар қол жеткізе алмай кетті, жеткізе алмай да отыр әлі. Мен осылардың қадірін түсіне отыра, туған ұлтымды, туған тілімді көтеру, асқақтату, дамыту, өркендету, қандай бай, көркем тіл екенін көрсету жолында қолымнан келген үлкенді-кішілі іс-әрекеттердің барлығын соңғы деміме дейін жасап қалуға тырысамын. Әрине бұлар тек Ислам дінінің аясында орын алуға тиіс. Себебі, дін — адамға ақ пен қараны айқындап көрсетіп отыратын, біздің жолбастаушымыз, біз тек дін арқылы ғана түзу, тура жүре аламыз.
Біз өз ұлтымызға, өзге ұлттарға туған тілімізді білу арқылы, тек барынша туған тілімізде ғана сөйлеу арқылы үлгілі, абыройлы бола аламыз. Қазақ тілін көтеру әрбір қазақтың қолында, бұл тіпті де қиын емес. Барынша қазақша сөйлеуге тырысса болды жетіп жатыр. Мен киелі қазақ тілімді қатты жақсы көремін, осы тілде сөйлей бергім, жаза бергім келеді…
Әрі қарай

Қазақ, басыңды көтер!

Өткенде бір қызық жиынға тап болдым. Кәдімгі асық ойнаудан республикалық чемпионат болып жатыр екен. Көрерменнен қатысушысы көп жарыста әрбір облыстан келген спортшылар қабақтарын түйіп, кәдімгідей дайындалып жатыр. Асықты ауылдағы қара сирақтың арасынан алып шығып, осылай дәріптегеніне риза болып қалдым.

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Сайыс болды. Біреулер жеңді. Біреулер жеңілді. Бірақ азарты ауылдағы қораның артында болатын қызыққа жетпейді.
Жә, айтайын дегенім бұл емес. Сурет түсіруге қызығып жүріп жүргеннің жартысы басын төмен қаратып, еңкейіп жүретінін байқадым. Бұрын да байқап жүрміз ғой, айттық талай. Бірақ, жарыс қызып жатқанда барлығын ұмытып кеткен тіптен қызық болып көрінді.

Мысалы мына жігіт ағасы баласына жанкүйер болып келген екен. Баласының арқасын қаққанша телефонның бетін сабағанды жақсы көріп тұр енді…

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Ал мына ағай бұрышта бастан аяқ қарап тұрды. Телефонына.

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Тағы бір жанкүйер…

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Мына ағай да баласын асық ойнатуға алып келіпті…

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Сайысты ақпаратпен қамтамасыз етуге келген тілші қыз…

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Және де төрде тұрған ел ағалары. Жиналған жастарға ұлттық өнерді дәріптеуге шақырып тұр…

Блог - kozildirik: Қазақ, басыңды көтер!

Міне солай. Бірдеңе деп ақыл айтып, зар заман жайлы мораль айтқым келмейді. Өзім де бүкірейіп планшет ұстап жүремін. Жай ғана өздеріңді сырттан бақылап, өз-өздеріңізге "Қазақ, көтер басты!" деп айтып көріңіздер. Ең қызықты сәттер экранның сыртында өтіп бара жатқан шығар бәлкім…
Әрі қарай

Түркия билігі домбыраға назар аударды

Блог - Kipshakkyzy: Түркия билігі домбыраға назар аударды
Күзде Измирге келген алғашқы күндердің бірі болатын. Бөлмедегі түрік қыздармен танысып, жатақханаға орналастым. Түрік жастары көбінесе Ресейдің боданында болған мемлекет ретінде таниды. Ал үлкендері қысық көзімізге қарап, жапон, қытай деп ойлап, жөнімізді білген соң «ее, өзімізден екенсің ғой» деп емірене жақын тартып сөйлесе бастайтын. Бір күні бөлмелес бір түрік құрбым жерден жеті қоян тапқандай, жаныма жетіп келді де, ұялы телфонынан музыка ойната бастады. Өзі мәз! Таныс дауыс. Кәдімгі домбыра! Өзіміздің! Бірақ әннің сөздерінде біраз тілдік ерекшелік бар. Бірден таныдым. Түркия қазақтары арқылы бізге танылған ноғай композиторы –Арсланбек Сұлтанбековтің «Домбыра» әні болатын бұл. Риза болдым әлгі құрбыма. Ұлтымды білген соң, ізденіп әлгі өлеңді мен үшін телефонына жүктеп алыпты. Енді бұл «Домбыра» әні өзгертілген нұсқада Түркияның билік басындағы Режеп Тайип Ердоған басқаратын «Әділет және өрлеу» партиясының сайлау алдындағы басты насихат әніне айналмақ. Мынау түпнұсқасы
Мынау өзгерген нұсқасы.


Сурет авторы: Жанасыл Болатбек
Әрі қарай

Біз де клипке түстік! Оңай емес екен ғҰӘ? :))

Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.  Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым.  Қыз-жігіттердің ұйымшылдығына тәнті болдым, барлығына рақмет!  Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Жемісі осы.  
Әрі қарай

Мүшейра! Жүлде - қолма-қол 10 000 теңге!

«Көзден кеттім» ©monti
"Құлақтан қайтып келдім" ©СаянҮш



Жер-мақанды басып жүргелі неше түрлі әнек естіп жүрміз. Бірақ айтушылар әдетте күлдіреміз деп алып, жылатып қояды. Немесе күлдіруге уәде беріп, өзі күледі. Бірақ "қазір күлесің нақ!" деп алып
Әрі қарай

Мүшейра: Инженер Қаринның гиперболасы

«Мемлекет дегеніміз — мен!». ©Луи XVI
«Мен». ©dark_nazgul




Соңғы екі апта ішінде Керекинфода кемінде үш мүшейра пайда болды. Және төртіншісінің пайда болуына еш кедергі пайда болған жоқ.
Әрі қарай