Қазақ деген - мен үшін ыстық сөз.

Қай жерде, қай елде, қай ұлттың қасында болмасын, туған тілімде, қазақша сөйлегенім мен үшін әрқашан абырой саналады. Қазақ деген сөзді естігенде, қазақ деген жазуды көргенде мен үшін ыстық сезіліп, өз ұлтымның аңқыған иісін иіскеп тұрамын. Мейлі мен патриотсымақ боп көріне берейін, есесіне менде туған жер, туған тіл, ұлт, дін, салт-дәстүр, бәрі-бәрі бар. Осы байлықтарға жер бетінде қаншама ұлттар қол жеткізе алмай кетті, жеткізе алмай да отыр әлі. Мен осылардың қадірін түсіне отыра, туған ұлтымды, туған тілімді көтеру, асқақтату, дамыту, өркендету, қандай бай, көркем тіл екенін көрсету жолында қолымнан келген үлкенді-кішілі іс-әрекеттердің барлығын соңғы деміме дейін жасап қалуға тырысамын. Әрине бұлар тек Ислам дінінің аясында орын алуға тиіс. Себебі, дін — адамға ақ пен қараны айқындап көрсетіп отыратын, біздің жолбастаушымыз, біз тек дін арқылы ғана түзу, тура жүре аламыз.
Біз өз ұлтымызға, өзге ұлттарға туған тілімізді білу арқылы, тек барынша туған тілімізде ғана сөйлеу арқылы үлгілі, абыройлы бола аламыз. Қазақ тілін көтеру әрбір қазақтың қолында, бұл тіпті де қиын емес. Барынша қазақша сөйлеуге тырысса болды жетіп жатыр. Мен киелі қазақ тілімді қатты жақсы көремін, осы тілде сөйлей бергім, жаза бергім келеді…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше