Turkvision-2014 туралы

Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Содан кейін «АЛАШҰЛЫ» шықты. Бұл жігіттердің өнеріне қатты разымын. Әсіресе «Угәй-әй» әнін сан қайтара тыңдасам да жалықпаймын. Осы жолы да өз деңгейінде орындады меніңше. Әні дауысына, сөзі киіміне жарасымды. Тіпті қойылым да көрсетті. Шоу болды яғни. Жалпы осы топты арнайы байқауларға арнап құрған ба деп қалам. ИМХО…
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
V-ALEM!!! Жігіттердің бойында от, ішінде «Жалын» бар)) Шоубиздің шоғын үрлеп, алауын жарқырататынына сенемін. Өздеріне сенімді, сахнада ширақ, би де, ән де осал емес. ЛУИНА қатыспағасын жолдамаға ие болса да, лайықты өнер көрсете алды. Бәрекелдіден басқа айтар жоқ.
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Оу, ЖАНАР ДҰҒАЛОВА!!! Менің ең сүйікті әншілерімнің бірі. Бірақ неге сүйікті екенін білмеймін)) Плейлистімде де әндері көп емес. Бірақ осы ару ән айтып жатқанын естіген бойда, тоқтап қалатыным рас. Бәлкім, керемет кең дауысы, әлбетте түрі, ең бастысы имиджін парасатты бет -бейнесімен қалыптастырғасын болар. Жанардың өзге көп әншілерден артықшылығы осы қасиеті. Адамның парасаттылығы сөзінен белгілі ғой. Бұл жағынан осалдық танытқанын көрген емен. Әйтсе де, #Turkvision2014-те айтқан әні көңілімнен шықпады(( Рас, дауысына, киіміне, әннің сөзі мен өзіне мін таға алмаймын, бірақ құлақтың құрышын қандыра алмағанын жасырып қайтеміз?! Содан соң Баян Есентаеваның мүмкіндігі мол еді, шоу қылатын шығар деген үміт те ақталмады. Жалғыз шықты, көк түтін арасында ән айтты, болды… Бірақ тыңдарманы мен тындырғаны көп әнші ғой. #Қазан қаласында ұятқа қалдырмайтынына сенімдімін.
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
НҰРЖАН КЕРМЕНБАЕВ-тің әні үйлеспеді. «Арнау» тобының әнін түгел дерлік жиі тыңдайтынмын. Нұржанға да артар кінәм жоқ. Сүйкімі бар әнші. Бүгінгі әні де жақсы, айтуы да өз деңгейінде, бірақ байқауда айтатын ән емес. Айтуға болса да, жеңуге мүмкіндік бермейтіні анық. ИМХО
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
БЕЙБІТ КҮШҚАЛИЕВ өзге танымал әншілерге қарағанда, жақсы дайындықпен келген екен. Әні де жаман емес. Десе де, сол танымалдылығы кесірін тигізді ме деп қалдым. «KZ» тобында жүргенде жеңіл қозғалатын, бірақ Джексонның стилінде билеп кеткені көзге ерсі боп көрінді. Бұл да ИМХО…
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Ал мен үшін нағыз ЖАҢАЛЫҚ — СЕРІК ИБРАГИМОВ! Міне, керек болса! «Пойызға кешігіп қалып, танысқан бойда „ТАБЫСА“ қоятын қызды айтып» несіне жар салады деп жүрген әншіден осындайды көремін деп кім ойлаған?! От ойнаған көз, залды жандырған би, болашақ хит, көрерменді баурап алар харизма… Шоу-бизнес өкіліне керекті қасиеттердің көбі бар. Дәл қазір ең қажет, қат адам осы — Серік Ибрагимов.
Өз ойымды жасырмай айтайыншы)) Дәл қазір қазақ шоубизінде осындай әнші жоқ!!! Жеті миллион жетпіс жеті атамнан боқтасаңдар да солай!))
Бірақ… Сол «бірақ» құртады ғой. Серіктен жоғарыда айтылған қасиеттердің бәрін көргенмен, #Turkvision2014 -ке баратын ән көре алмадым. Бұл байқау ғой, көкем-ау!)
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Қош, не керек, мен үшін Татарстан астанасына кімнің баратыны маңызды емес болатын. Қатысушылардың қай қайсысы да «сен тұр, мен атайындар». Бірақ менің кімге дауыс беретінімді білгіңіз келмей ме?)
Мархабаны бірінші рет көрдім. Сондықтан өткені мен ертеңіне көз жеткізе алмадым. Ал Жанар, Бейбіт, Нұржан, Серіктен "қателік" көріп отырмын. Сондықтан «Алашұлы» мен «V-ALEM» қалды. Жаңа залдан шығып келе жатқанда Жарқын Түсіпбекұлы быратымды кездестіріп, оған V-ALEM-ге дауыс берем деп қалдым. Екі топ та мен үшін бірдей. Сондықтан Алашұлы ауылдасым болмағасын, ағайынның аты озсын дедім)) Реніш болмасын))

Пы.сы. Фото қолыма ертең түседі. Ыссылай кеп жазып тастағасын, күткім келмеді. Ертең жазбай да қалуым мүмкін) Суреттерді ауыстырмасам, қазір гугл ата берген суреттерді қаужаңдай тұрамыз)
Бөлісу:

8 пікір

aikarakoz
Бейбіт — переИванДорн, недоДжастинТимберлейк :) Әні де, биі де, стилі де Тимберлейктің көшірмесі ғой, көкем-ау :) Білмейм, «дін үшін сахнадан кеттім» деп, қайта оралғанда асыр салып билеген адамды не ана жаққа, не мына жаққа қия алмадым))) Оның өнерін тамашалауыма «байқамай сектаға ілініп қалып, қайта құтылған шығар, дұрыс бопты; намазын тастап кетпеді ма екен; дін музыкаға рұқсат бермейді деуші еді, неге өйтті екен» деген шайтани ойлар кедергі келтірді)))
aikarakoz
— Эльвира, кімге дауыс бердің, кімге жанкүйер болдың? — деді Әсел гардеробқа қарай бет алып бара жатып.
— Мархаба.
— Иәәә, біздің халық өнерге емес, танымалдыққа дауыс береді, — деген Әселдің дауысы өкінішпен айтылғандай болды.
— Сіз ше?
— Мархаба ғой.
Ары қарай Серіктің байқауға той әнін алып келгенін, Нұржанның әнінің сөзі әшейін жазыла салғанын айтып кеттік))))
kokbori
Басқалар қатысуға, Жанар жеңімпаз болуға келгенін кез келген адамның жүрегі сезді))
aikarakoz
Жаңа әнді алдымен интернет, сосын радио, сосын сирек концерттер арқылы халыққа жеткізгеннен гөрі, бәрі экран алдында отырғанда айтқан әлдеқайда ұтымды, тиімді емес пе?!)) Көбінің көздегені сол болды-ау))
kokbori
Дәл сенің ойыңды туйттерде қайталағандар болды) Ербол Шарипов өзінің жаңа әнін көрсетуге келіпті ғой дегенді оқып едім)
zholantai
Көкбөрі, не айтып, не қойғаныңды түсінбедім :)
MickThatsMyNick
Мархаба, Жанар, Нұржан, Серік, Дастан (мақтап бақырватқан смайлик)