"Шал" мен "Кемпір" сөзінің шынайы мағынасын түсініп жүрміз бе?
Жанібек Қожық деген Маңғыстаудың адамы зерттей келе мынадай тұжырым жасапты: Қадірлі достар!.. Қазіргі жастардың көбі келіншегін «кемпірім», күйеуін «шалым» деп жиі атайды. Жастар кемпір, шал сөзінің шынай мағынасын білмейтін болар. Егер де сол сөздің мағынасын білсе, «кемпірім», «шалым» деп айтпас еді. Бүгін сол сөздің мағынасын жазбақпын. Кемпір мен шал сөзінің былай болу керек деген нақты ережесі жоқ. Мен де ол сөздің толық мағанасын ойымнан шығарып отырған жоқпын. Тек ақсақалдардан сұрап, ортақ тұжырымға келдім. Бірінші, Кемпір деп күйеуі қайтыс болған егде жасқа келген әйелді айтады. Қазақта «пірсіздің пірі шайтан, әйелдің пірі күйеуі» деген мақал бар. Кемпір пірі кем әйел дегенді білдіреді. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қорлатпаған халық. Күйеуі қайтыс болған келіншекті жесір деп атаған. Бірақ, күйеуінің бір жылдық асын бергеннен кейін. Ел ақсақалдары жиылып жесірді қайнысына, не қайнағасына атастырған. Ал, егде жасқа әйелдің, балалары ер жетіп, қыздары бой жеткен кезде күйеуі қайтыс болса кемпір деп атаған. Қазақ оларды, құрметтеп сыйлаған. Күйеуі қайтыс болған кемпірлер үй билігінде түз билігінде өздері алған. Қазір үлкен кісілердің «кемпіріммен ақылдасайын», біздің үйдің «кемпірі шешеді», «кемпір біледі» деп жүрген сөздер содан қалған. Ал, күйеуі тірі адамды ешкім кемпір демеген. Кейбір әжелеріміз де кемпір деген сөзге ащуланып қалатыны сондықтан. Бірақ қазір көп сөздің шынай мағынасы ұмытылды. Қазақ халқында күйеуінен айырлысу деген болмаған. «Атың жаман болса сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтып құтыласың» деген сөз содан қалған. Ал, қазіргі жастардың айырлысуы бұл қоғамның үлкен қасереті. Ал, «Шал» деген сөзге осыны талқылап болған соң тоқталамыз. «Кемпір» күйеуі қайтыс болған егде жастағы әйел деген сөз. Ал, бүгін шал сөзінің мағынасын жазбақпын. Жастар түгелі үлкен астарда «Ата ұлдарына» шапан таратқанда, көп жерлерде «ана рудың шалынан кім бар», «мына рудың шалдарынан кім бар?!» деп айқайлап жатады. Ақсақал деген қастерлі сөз ұмытып, шал деген сөзі басып барады. Қазір, балаларымыз, әке, шешем деген ардақты сөздің орнына біздің үйдің «кемпір», «шалы» дейтін болды. Бір, біріне «шал қайда?», десе «шал ауылда жоқ» деп жатады. Бұл сөздерге құлағымыз үйреніп барады. Көбіне үлкен кісілер шал дегенге шамданып жатырса, ал қазіргі жас жігіттер «шал» деген сөзге мақтанады. Шал сөзінің түпкі мағанасы «түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген сөз. Қадірлі іні- келіндерім, сіздер аналарыңды, сүйген жарларыңды кемпірге теңемей-ақ, анашым, шешем, жарым, жұбайым, келіншегім, зайыбым десеңдер болады. Ал, келіндер, күйеулеріңді «шалым», «біздің шал», «біздің үйдің шалы» дегенше күйеуім, отағасым, жарым, балаларымны әкесі десе болады ғой. Әрине, мен тіл маманы емеспін бірақ, ақсақалдардан естіп, сұрап жасаған тұжырымым. Қате болса тағы кешірім сұраймын. Бірақ, біз білгенімізді жастарға айтып, жазып отыруымыз қажет…
Ақпаратты, ақын Болатбек Мейірбекұлының фб. парақшасынан алдым.
Ақпаратты, ақын Болатбек Мейірбекұлының фб. парақшасынан алдым.
Теңіздің жағасында кемпір мен шал,
Тұрыпты отыз үш жыл нақ дәлме-дәл.
Сонда 19 ғасырда дүниеге келген қазақ жоғарыдағы (21-ші ғасырда) айтылған «шал» мен «кемпірдің» шын мағналарын білмеген бе?
Абай:
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның бейлі енер,
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунап.
Күннің шуағын тек ері-өлген-кәрі-әйелдер мен түнгі-төсекке-жарамай-қалған-ер-адамдар ғана іздейді ме? Әлде Абай тек осыларды ғана айтып отыр ма? Жоқ әлде 19-ғасырда өмір сүрген Абай да «шал» мен «кемпірдің» шын мағнасын білмей дүниеден өтіп кетті ме екен? Осылардың қайсысы?
Басқа да ақын, жазушыларда мұндай мысалдар толып жатыр.
Сонымен шал сөзінің шын мағнасын қарастырсақ.
Чал (ия, әуеліде осылай айтылған) — өзіміздің төл түркі сөзіміз. Бастапқы мағнасы — сұр; ақ (шашқа қатысты).
Шашына ақ түскен адамды чал деген. «Түнгі төсекке жарамай қалған ер адам» деген «түсініктеме» біреудің эротикалық фантазиясынан туындаған қуынды болса керек.
Этимологиясы осында
Осы ФБ-де жарияланған қуындыға талай перепост жасалды. Жұмыста бір кісі қағазға шығарып алып, шалдарға көрсетіп жүр)). Біреуі тексермейді — қайдан келген ақпарат, рас па-өтірік пе деген ешкімде жоқ. Біреу лақ еткізіп құса салып еді, басқалар жұта салды.
Кемпірді сосын жазамын.