«Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер

Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер

Тоқыма тоқу апа-әжелердің ісі деймісіз? Жо-жоқ. Бұл жасарып келе жатқан бүгінгі заман тренді. Бос уақытты тиімді өткізумен қатар, адамның физикалық және психологиялық денсаулығына өте пайдалы іс екенін естісеңіз, таңқалмаңыз. Ендеше, тоқыма тоқу туралы қызықты фактілердің топтамасын назарларыңызға ұсынамын.

1. Бұл қолөнердің қашан пайда болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ, кілем тоқудан бұрын, мата жасаудан кейін пайда болғаны белгілі.
2. Инстаграмда #knitting хештегі — 3 296 390 рет, #вязание хештегі -1 001 014 рет, #тоқыма хештегі — 340 рет қолданылыпты.
3. Тоқыма қолөнері араб әлемінде пайда болып, Еуропаға крест жорықтары арқылы таралды.
4. Тоқыма тоқу қан қысымын төмендетеді. Сондықтан, артериялдық гипертензияға шалдыққандарға пайдалы.
5. Жүннен, жібектен, мақтадан және басқа да мата талшықтарынан жасалған бұйымдар шіру процессіне қатты бейім болғандықтан, оның тарихын зерттеу қиын. Ал ине мен біздерді жануар сүйектерінен, шаш қыстырғыштардан ажырату мүмкін емес.

6. Әлемдегі ең жылдам тоқитын нидерландылық Мариям Тегел, ол минутына 118 ілмек (петля) тоқиды.
7. Ағылшын сөздігіне «кnitting», яғни «тоқу» термині 1440 жылы ғана енгені белгілі.
8. 4 000 жыл бұрын тоқылған шұлық Мысырда, перғауындар мазарынан табылған.
9. Төрт ғасыр бұрын тоқу үшін жүннің орнына жібек және мақта талшықтары қолданылған.
10. Алғашқы уақытта тоқыма тоқу тек ерлердің кәсібі болды. 1527 жылы Париждегі ерлер тоқыма гильдиясы әйелдерді бұл кәсіпке жолатпапты.

11. Орташа алғанда секспен 6 минут айналысқан адам 21 калория, ал жарты сағат тоқыма тоқыған адам 55 калория жұмсайды.
12. Тоқыма станогын 1859 жылы Уильям Ли атты гальвертондық дін қызметкері ойлап тапты. Оның 2500 механикалық құрағыштары болды.
13. Сандра Буллок, Вайнона Райдер, Камерон Диаз, Голди Хоун, Джулианна Мур сиақты шетелдік жұлдыздар тоқыма тоқудың фанаттары, қазақстандық жұлдыздар ше?
14. XVI ғасырда билік еткен шведтік патша Эриктің 27 жұп тоқылған шұлығы болған. Олар Испаниядан алынып, біреуінің бағасы сарай уәзірінің жылдық жалақысына тең болыпты.
15. Тоқыма тоқудың екі түрі бар. Бірі еуропалық, екіншісі – ағылшындық. Қытайда — ағылшындық, Жапония мен Түркияда – еуропалық. Ал, Қазақстанда ағылшындық техника көбірек қолданылады.

16. Тоқыма тоқу Тұманды Альбион еліне XIII ғасырда ғана барды. Тоқу үшін қолданылтын ине-біздерді темірен құю қымбат әрі қиын іс болғандықтан, Англияның матростары мен жауынгерлерінің тоқылған киімдері болған жоқ.
17. Америкалық Линда Бенне соңғы он жыл бойы тоқыма тоқу жылдамдығы бойынша чемпион. Ол 3 минутта 253 ілмек тоқиды.
18. 1946 жылы Америкада өткен тоқыма тоқу байқауын ер адам жеңді. Ал, басты бәйгені Есте Лаудердің өзі табыс етті.
19. Жүкті әйел тоқыма тоқыса – бала мойнына кіндігі оралып туады деген аңыз бар. Бұл жайт ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру – екіқабат әйелдерге зиян дегенді ғана білдіреді.
20. АҚШ, Англия, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде 2005 жылдан бастап, Халық алдында жаппай тоқу мейрамы өтеді.
21. Тоқтаусыз тоқу – көздің көру қабілетін төмендетеді.
22. «Ярнбомбинг» көшедегі ағаштар, орындықтар, қақпаларды тоқыма бұйымдармен көмкеру. Ол — шет елдерде дамып келе жатқан жаңа стритарттың түрі. Мақсаты — әлемді түрлі бояуларға бояу.
23. «Тоқылған камасутра» ағылшындық Джеральдин Уорнердің қуыршақтарды тоқу бойынша әдістеме-оқулығы. Ол үнді секс-өнерінің 12 позасын тоқылған қуыршақтар арқылы көрсетіп, «өз камасутраңды тоқып ал» деп ұран тастаған.

Еуропада депрессияға ұшыраған, жүйке-жүйесі сыр берген адамдарды емдеуде тоқыма терапиясы көптеп қолданылып жатыр. Тоқыма тоқу миды демалтып, көптеген стресстік жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Сондықтан оның пайдасы йогамен айналысумен пара-пар. Көптеген қыз-келіншектердің ермегіне айналған бұл қолөнердің қызықтарынан біраз сыр шерттік. Алып-қосарларыңыз болса, мархабат.

P.S. Суретте мүсінші Ерик Равелоның инсталяциясы.

Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Блог - ZhanarSabi: «Тоқылған камасутра» немесе тоқыма туралы қызықты деректер
Әрі қарай

8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық.
Әрі қарай

Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

Жіппен бомбалаушылар немесе тоқылған граффити.

Қыстың суық бір күнінде американдық Магда Сайег деген келіншек өз дүкенінде отырып, жалығады. Сөйтіп, ерігіп отырып дүкен есігіне қап (чехол) тоқиды. Келген клиенттер қызығып; «бұл не?, «қайда сатылады?» деген сияқты сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Осыдан бастап ол еріккен кезде тоқымашы құрбыларымен бірге көше «интерьеріне», яғни ағаштарға, қоршауларға, тұтқаларға, сілтеуіштерге(указатель), орындықтарға, фонарь бағаналарына қап тоқи бастайды Орта жастағы бұл әйелдер топ құрып, тобына «Knitta Please» деген ат та қойып алады. Міне осыдан кейін, «Yarnbombing», «yarnbombers» немесе «urban knitting» деген ұғымдар пайда болады.
Әрі қарай

Тоқылған башмақай етік

Сәлем баршаға!
Жаңа girl's talking тақырыбындағы угиді көріп, есіме түсіп кеткені. Ілейінші дедім. Жаңа туылған сәбилерге башмақай тоқитын әдетім бар ғой. Сол біраз күндер бұрын инет шарлап жүріп мынадай кішкентай сәбилерге тоқылған башмақай-етік көріп қалдым. Әуесім келіп кетті де, тоқыған болатынмын. Жаңа суретке түсірдім.
Әрі қарай

Қалпақ пен шарф.

Бұл жолы ілгемен емес, спицамен тоқыдым. Жіптердің арасында меланж жіп беріп жіберіпті. Оны спицымен тоқымаса, ілгемен онша шықпайды, быж-быж бірдеме шығады. Не тоқысам болады деп біраз ойланып қалдым. Содан қалпақ шарфымен тоқып көрейін дедім.
Әрі қарай

Башмақай тоқимыз :).

Бәріне сәлем. Тоқыманы видеоға түсіремін деп жүретін болсам біраз уақыт өтеді екен. Сол себеп фотоға түсіріп көрсетсем қалай болады екен деп ойладым және солай да істедім. Оңайы башмақайдан бастайын деп шештім. Шынымен де тоқылуы жеңіл. Әрине, видеоға түсіргендей болмайды, бірақ әр процессін жеке түсіріп отырдым.
Әрі қарай

Башмақай дайын , балақай! :)

Соңғы уақытта тоқымам туралы жазбай кеттім. Сол тоқитын жіп жоқ ©)). Ауылдан алып келген жіптеріме көйлек тоқып қойдым.(Біреуі сатылған, екіншісі тур хД) Қазір қол боооос. Содан жанымыздағы «Гулжан» со-дан жіп алдым кішкене. Ол жіпті мен Шымнан
Әрі қарай

Шәлі немесе орамал тон болмайды, жол болады. :)

Тағы да сол тоқыма.:))
Бұл жолы көрсетейін деп жатқаным шәлі(шаль) немесе орамал. Өткен жолы санасам азды-көпті 16 орамал тоқыған екенмін. Біреуі ғана үйде, ал қалғандарының барлығын сыйға тартып жібердік. Блогқа салатынымды білмедім ғой, болмаса
Әрі қарай