Башмақай тоқимыз :).

Бәріне сәлем. Тоқыманы видеоға түсіремін деп жүретін болсам біраз уақыт өтеді екен. Сол себеп фотоға түсіріп көрсетсем қалай болады екен деп ойладым және солай да істедім. Оңайы башмақайдан бастайын деп шештім. Шынымен де тоқылуы жеңіл. Әрине, видеоға түсіргендей болмайды, бірақ әр процессін жеке түсіріп отырдым.
Керек заттар: ілге, жіптер, қайшы, лента, ине-жіп және моншақ (сәндік үшін)

жіптердің осы көлемі жетеді, үлкенірек тоқимын десеңіздер көбірек жіп алыңыздар. Бұл әр тоқымадан қалған жіптер ғой.
Бастаймыз. Қазақшасын білмедім, орысшада воздушная петля дейді.Бірақ қайбір постта қазақшасын ілмек деді ме, олай болса 10 ілмек тоқып аламыз:

сосын сол 10 ілмектің бойымен 10 столбик с накидом тоқимыз. Қазақшалап жіберсеңіздер тіпті қатып кетер еді, мен аудара алмадым

сосын 10-шысына келгенде сол ілмекке(петляға)бірден 6 ст.с.н тоқимыз, ол былай:

сол алтаудан кейін қайтадан 10 ст. сн тоқимыз, сосын 10-шысына келгенде тағы тура 10 ілмекке алтау тоқимыз, сонда кішігірім овал формасында табан шыға келеді

Енді алдыңғы оң қатардың үстінен тағы 10 қатар тоқимыз, былай:

кейін, доға жасап тұрған 6 қатарды екі еселейміз, яғни әрқайсысың үстінен екі ст. с н. тоқимыз, сонда 12 қатарға үлкейеді:

шашамен, мынандай табан шығуы керек:

Осыдан кейін екі қатар полустолбик тоқимыз.

Табан дайын. енді жанын көтереміз. ол үшін ст. с.н айналдыра еш қоспай/алмай тоқимыз, сонда мынадай форма шығу керек:

Осыдан кейін санаймыз да, алды жағын шамамен көздеп, сол жерлерін мынадай етіп тоқимыз: (яғни, 3 ст. с н басын біріктіріп жібереміз, қысқарып, башмақайдың алды шыға келеді:


енді лента өткізетін бауын тоқимыз ст. с н. 1 в.п)

Шет-шетін басқа түсті жіппен айналдыра тоқып шығамыз.

алдын қалаған нәрсемен безендіруге болады. мен, мысалы кішкене көбелек тоқыдым. Гүл, лента, моншақ кез-кезген нәрсе болады. Лентасын бауына өткіземіз, дайын:

аздап мыжып кеттім ғой деймін, кешіріңіздер. Әйтеуір түсіндіре алсам игі еді. Түсінбеген жерлеріңіз болса, сұраңыздар.
сосын, сапасы үшін де кешірім сұраймын, қалта телефонмен түсірілген.
Бөлісу:

37 пікір

Aizhantabyn
мен үшін ядерная физика!

Керемет!
Altygradus
мен үшін ядерная физика!
ой Айжаан айтасың ау
Altygradus
бәрібір де, ана воздушная петляны қалай алатыны түсініксіз екен..
тек сурет жеткіліксіз екен шынмен, бірақ жоқтан гөрі жоғары  инеттен қарап алуға болар схемамсын тауып, ол ілмекті қалай аларын, рахмет Еркеқыз күшті болды, осылай бөлісе берейік
Erkekyz
аха, схемасы толып түр. Тек соны қазақшалай алмай жүрмін мен воздушная петля, столбик с накидом, без накида, соединительный столбик тағы солай солай… кете береді.
 Бір үйреніп алса, оңай дүние ғой. Сенің бисеріңді тоқымаларымды бітіріп болған соң бастайын деп жатырмын, әйтпесе соған ауып кетіп, тоқымаларым аяқсыз қалып кетер деп қорқып отырмын
Altygradus
аха сүйту керек.Әйтпесе менде солай көп болад бірін бастайм, бірін тастайм, жатад сосын аяқталмағаны
AKA
Та-ма-ша  !!! Ұққандай болдым, бірақ сәл қиындау сияқты… Менде ілгенің бас жағында ілмегі жоқ, яғни түзу, істік келген. Сонымен тоқыса бола ма, әлде ілмегі әбізәтілнә керек пе?
Aizhantabyn
крючок керек))) спицамен болмайды))) Да же, Еркеқыз?
Erkekyz
Аа, басе, өзім де ойлап едім спицаны айтып отыр-ау деп. Онымен де болады, бірак кемі екеу болу керек. Сосын спицамен онша шықпайтын сияқты маған, бұрын жаңа туылған інілеріме тоқып берген едім, ол кезде ілгемен әлі дос емес едім.))
Erkekyz
Ака, істік келген дегенді онша ұқпай отырмын, ол қалай сонда? негізі ілмегі ғой оның тоқитын, онсыз болмайды ғой.
Altygradus
кәдімгі біздерді айтып отыр менше, ұшында ілгегі жоқ
AKA
Басында ілмегі жоқ түзу 2 спицалар болады ғой суретін қоя алмадым, сол жарамай ма?
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 16:28
Zilola
Мынаны да сатып қойдың ба Рай?
Уопшым мені өшіретке қойшы плиииз, біздің куклаға осындай керек
Erkekyz
Жоқ, сатылмаған, бірақ тым кішкентай, жаңңааа туылған сәбиге болмаса.) Болды, келесісі сенікі болады
Dinara
менен де аяқта тұрып тұрған қошемет Еркеқыз
TERISKEY
ық-ық, мына сөйлем түрікше сипат алып кеткен бе?
Dinara
жоқ қазақша ғой кәдімгі, байқамадым ондай сипат
satibaldi
Бітті, мен сендікпін!!!
AKY
Өй, айналайын! Не деген талант мынау!
VKM
Райхана, күшті! Қиын емес екен. Мектепте өткенбіз, крючокпен тоқуды.Салфеткамен тоқтағанбыз. Бірақ өстіп әдемілеп, тоқыыыыыып отыруға терпение жетпейді )
Мяя, аппақ,ұзыыыын, сарафан + шляпа тоқыса, иә? Астарын х/б қылып. Тема болар еді)))
Altygradus
вот мен де соны ойлайм))) сарафан ұзыын қылып немесе ұзыын накидка
AKY
Кеше қол тоқымалар сататын дүкенге барғам, е-мое, бағалары ұшып тұр. Нәскилерді 200 гривеньнен сатып жатыр. Өзімен жемпір алдым «гном» деген ұзыыыыын капюшоны бар, ұшында бубенчигі бар  Қып-қызылы үлкендеу болды, амалсыз көгін алдым.
VKM
Өзің киіп,өзің тоздыр, Айгера. Суретін десем))
Пікір түзетілген: 16 маусым 2011, 19:24
AKY
Арты

Алды

Ощм, для прикола жасалған)
Altygradus
ухты прикол екен шынмен капюгоны күЧт
AKY
Ия, ол капюшонды шарф орнына орап алуға болады екен, суық күні
Erkekyz
шынымен прикол екен
AKY
Ия, ибай, айтайын дегенім, сол сарафан, накидкалар көп екен, қымбат ще. 1600 гривеньге дейін барады бағалары, ол дегенің шамамен 30 мындай.
VKM
Олар қолөнер болғасын қымбат қой. Және синтетика емес)
chimaq
o.....io...!!
Altygradus
chimaq сенде андай-мындай тығып жүрген өнерің жоқ па
chimaq
kishkene kezimde qaghazdan qaiyq buktei alatynbyn....