Қолөнер
Сәлем бердік, жамағат! Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Қажетті құрал — жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сызғыш, жіңішке таяқша және аз-маз фантазия.
1. Қағаздарды ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.
2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.
3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.
4. Осы формаларды жинақтап, бір-біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.
5. Міне, бары осы, шыршаға ілетіндей етіп, ілмегін жасап қойдым. Өзіме қатты ұнайды.
Дәл осылай, түрлі-түсті қағаздан жасалған формаларды да пайдаланып, гүл, ойыншық жасауға немесе құттықтау қағаздарының да сыртын әсемдеуге болады.
Келесі жұмыс — тоқыма. Оһһ, көптен күткен жұмысым, ақыры үйрендім тоқуды. Ілмек пен тоқыма жіптерді сыйлаған анама мың алғыс және Еркеқызға мың алғыс, тоқымаға қызығушылығымды арттырды. Ғаламтордағы башмақай тоқуды үйрететін видеолар мен суреттерді тамашалай отырып, тоқудың әдістерін үйрендім. Сонымен, суреттер сөйлесін.
1.
2.
3.
4. Осылай тізбектеле береді, нәтижесі…
Аллаһтың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) қызы Фатимаға: «Әй, қызым, мені хақ пайғамбар етіп жіберген хақы үшін, егер сен күйеуің өзіңе хош етпестен өлетін болғаныңда жаназа намазыңды оқымас едім. Сен білмейсің бе, күйеуіңнің ризашылығы – Аллаһтың ризашылығы, күйеуіңнің ашулануы – Аллаһтың ашулануы. Бір әйел Имранның қызы Мариямның істеген құлшылығындай құлшылық етіп, бірақ күйеуі риза болмаса, Аллаһ оның ешбір құлшылығын қабыл етпейді. Әйелдердің ең абзал ісі, құлшылығы – күйеуіне бағынышты болу. Содан соң әйел үшін ең абзал құлшылық – жіп иіріп, тоқыма тоқу. Әйелдің бір сағаттық тоқу ісі – бір жылдық құлшылықтан қайырлы. Әйелдің тоқыған әрбір киімі үшін оларға бір шаһидтың сауабы бар. Егер әйел тоқыма тоқып, күйеуі мен перзенттеріне кигізсе, әрбір киім үшін жәннатқа кіру уәжіп болады. Сонымен бірге жәннаттың ішінде оған бір қала беріледі», – дейді. Уооот, осылай! Жалпы, жұмыс ұқыптылық пен шыдамдылықты қажет етеді. 2 күн уақыт жеткілікті, әрине, әзірге керемет тоқи аламын дей алмаймын, алдағы уақытта жаңа түрлерін үйренуге тырысамын. Аллаһым ізгі амалдарымызды көбейтіп, сауабымызды арттырсын, аман болыңыздар!

Жүрек валентинге керемет келеді екен
қарап шықтым, көздің жауын алады екен.
Жайнамазды көріп, көптен ойымда жүрген сұрақты қоя кетсем: Намаз оқисың ба?
Сонан соң ілмекте Алматы жәй ілініп тұр ма?
қашан келесіңиии?не тоқырымды білмесем де, шөберелерге деп жіп алдым, енді бас қатыру керек
Жарайсың, ака!
Мен де басында башмақайға 2 күндей уақытым кететін( тойыс бір штугін бір кунде тоқитынмын))). Қазір 1-2 сағаттық жұмысқа айналды. Маладес.