Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Қажетті құрал — жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сызғыш, жіңішке таяқша және аз-маз фантазия.

1. Қағаздарды ұзыншалап бірдей етіп кесеміз.



2. Жіңішке қағаздарды нығыздап таяқшаға ораймыз.

3. Оралған қағазды таяқшадан суырып, соңын желімдеп жабыстырамыз. Сонда бізде мынадай формалар шығуы керек.



4. Осы формаларды жинақтап, бір-біріне желімдей отырып, фантазияны іске қосып, әдемі бұйым жасаймыз.

5. Міне, бары осы, шыршаға ілетіндей етіп, ілмегін жасап қойдым. Өзіме қатты ұнайды.

Дәл осылай, түрлі-түсті қағаздан жасалған формаларды да пайдаланып, гүл, ойыншық жасауға немесе құттықтау қағаздарының да сыртын әсемдеуге болады.
Келесі жұмыс — тоқыма. Оһһ, көптен күткен жұмысым, ақыры үйрендім тоқуды. Ілмек пен тоқыма жіптерді сыйлаған анама мың алғыс және Еркеқызға мың алғыс, тоқымаға қызығушылығымды арттырды. Ғаламтордағы башмақай тоқуды үйрететін видеолар мен суреттерді тамашалай отырып, тоқудың әдістерін үйрендім. Сонымен, суреттер сөйлесін.
1.

2.

3.

4. Осылай тізбектеле береді, нәтижесі…




Аллаһтың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) қызы Фатимаға: «Әй, қызым, мені хақ пайғамбар етіп жіберген хақы үшін, егер сен күйеуің өзіңе хош етпестен өлетін болғаныңда жаназа намазыңды оқымас едім. Сен білмейсің бе, күйеуіңнің ризашылығы – Аллаһтың ризашылығы, күйеуіңнің ашулануы – Аллаһтың ашулануы. Бір әйел Имранның қызы Мариямның істеген құлшылығындай құлшылық етіп, бірақ күйеуі риза болмаса, Аллаһ оның ешбір құлшылығын қабыл етпейді. Әйелдердің ең абзал ісі, құлшылығы – күйеуіне бағынышты болу. Содан соң әйел үшін ең абзал құлшылық – жіп иіріп, тоқыма тоқу. Әйелдің бір сағаттық тоқу ісі – бір жылдық құлшылықтан қайырлы. Әйелдің тоқыған әрбір киімі үшін оларға бір шаһидтың сауабы бар. Егер әйел тоқыма тоқып, күйеуі мен перзенттеріне кигізсе, әрбір киім үшін жәннатқа кіру уәжіп болады. Сонымен бірге жәннаттың ішінде оған бір қала беріледі», – дейді. Уооот, осылай!  Жалпы, жұмыс ұқыптылық пен шыдамдылықты қажет етеді. 2 күн уақыт жеткілікті, әрине, әзірге керемет тоқи аламын дей алмаймын, алдағы уақытта жаңа түрлерін үйренуге тырысамын. Аллаһым ізгі амалдарымызды көбейтіп, сауабымызды арттырсын, аман болыңыздар!
bk
Бөлісу:

32 пікір

Korkem
Өркеніңіз өссін, он саусағыңыздан өнері тамған жан екесіз...
madlen
АКА, сен енді карвингпен айналысып көр
AKA
 Ол үшін жазда, жемістер мен көкөністер піскен соң, ауылға барып, бау-бақшаның ортасында отыру керек шығар. Бұйыртса оны да жасап көрермін, рахмет.
Altygradus
квиллинг ұнады, маладес АКА
askerbek
Кілемнің үстіне кілем жайғансыз ба?
a63a1
Жүрек ұнады  Рас айтам ұнады
Tarazkyzy
АКА, әдемі екен! Квиллинг ұнады.Рахмет!
balzaminka
жаңа бастамаңда сәттілік!

Жүрек валентинге керемет келеді екен
meirzhan
ОЕҚЖ-ерінің валентин мерекесін қаралауы аз болыпты.
araika
Жарайсың! 5-сурет бір қарағанда шашканы тізіп қойған сияқты.
әдемі бұйымдарды
қарап шықтым, көздің жауын алады екен.

Жайнамазды көріп, көптен ойымда жүрген сұрақты қоя кетсем: Намаз оқисың ба?
Сонан соң ілмекте Алматы жәй ілініп тұр ма?
AKA
Сен де көрмейтінді көріп, соңғы суреттерді кішкентай інім түсірген болатын.  Сұрақтарыңа жауапты жекеге жіберемін.  қашан келесіңиии?
Esmeralda
АКА Алматыға келем дейд жақында, ілмекте ілініп тұрғаны содан
AKA
Оһһ, Эсма, айтып қойдың-ау?!  Сен де келші, өтініш.
Guka
Башмақай әдемі екен! Тоқу өнеріңіз одан әрі дами берсін!
balzaminka
соңғы уақытта тоқымаға қатты аңсарым ауып жүр
balzaminka
егегеййй, Алла тілегімді қабыл етті. Осы пікірді жазып болып қала аралауға шыққан едім, алдымнан тоқыма жіп те, кручок та шыға келді Ченнайда таппаған ем
AKA
Құттықтаймын, енді іске кірісіңіз, сәттілік!
balzaminka
рахмат

не тоқырымды білмесем де, шөберелерге деп жіп алдым, енді бас қатыру керек
Aldeken
шөберелерге деп жіп алдым,
balzaminka
үйдің үлкен немересі мен менің арамыз жақын, так што шөбере інім мен сіңлім бар, Алла жастарын ұзақ қылып, аман етсін
balzaminka
Алдеке, жігіттердің қағытқанына қарамай жаза беріңіз, ақыры бұл тақырып сізді қызықтырады екен , как никак, Гаста оны зря Жырғиса демеді ғо
AKY
 Өзінің де өнері бар шығар… былай
balzaminka
өнерлі ғо Алдекең, сөзге шешендігі қандай
Maya
Керемет бастау! Алла разы болып, жәннатқа кіруге нәсіп еткей!
Erkekyz
Содан соң әйел үшін ең абзал құлшылық – жіп иіріп, тоқыма тоқу. Әйелдің бір сағаттық тоқу ісі – бір жылдық құлшылықтан қайырлы. Әйелдің тоқыған әрбір киімі үшін оларға бір шаһидтың сауабы бар. Егер әйел тоқыма тоқып, күйеуі мен перзенттеріне кигізсе, әрбір киім үшін жәннатқа кіру уәжіп болады. Сонымен бірге жәннаттың ішінде оған бір қала беріледі»
Мынау туралы білмеген екенмін.
Жарайсың, ака!
Мен де басында башмақайға 2 күндей уақытым кететін( тойыс бір штугін бір кунде тоқитынмын))). Қазір 1-2 сағаттық жұмысқа айналды. Маладес.
Esmeralda
 АКА, тоқу процесінің суреттерін де салшы
Gastarbaiter
Қолспорт, кешірерсіздер, қолөнер деген жақсы ғой