Қалпақ пен шарф.
Бұл жолы ілгемен емес, спицамен тоқыдым. Жіптердің арасында меланж жіп беріп жіберіпті. Оны спицымен тоқымаса, ілгемен онша шықпайды, быж-быж бірдеме шығады. Не тоқысам болады деп біраз ойланып қалдым. Содан қалпақ шарфымен тоқып көрейін дедім. Негізі әдемі шықпады, бірақ узоры немесе өрнегі тамаша енді, түсі де тартымды. Өрнегіне басты қатырудың да қажеті жоқ, сен тоқи бересің ол өзі шыға береді. Оны меланжевая пряжа дейді, былайша айтқанда түрлі-түсті жіп. Спицамен тоқудан опытым аздау.
Мынау жіп:
Дайын болған қалпақ мен шарф:
Тоқу процессі:
Қалпақты 4 жасар қызға деп тоқыдым, көргендер кішкене болады дейді, барған соң кигізіп көремін.
Қалпаққа 86 петля іліп алып, екі оң екі теріс «резинка» тоқыдым. Жобамен болып қалады -ау деген соң бәрін оң бетінен оң, ал теріс бетінен теріс тоқыдым.
Шарфқа келсем:
28 петля алдым, «английская резинка» үлгісінде тоқыдым.
1-қатар:1 іліп алу(немесе кром.) «1 оң 1 теріс», 1 оң 1 теріс…
2-қатар:1 іліп алу,1оңды оң етіп тоқып, терісті жай ғана тоқымай с накидом іліп кете бердім.
3-қатар: 2-қатар қайталанады, біткенше осылай тоқыдым.
Жоғарыдағы бір моток жіп кетті.

Қалпақ дегеннің орнына тақия десе қалай болады деп ойлайсың?
Қалпақ дегені дұп-дұрыс.
Тек ана шарф қысқа емес па??
Сол қысқа болып қалды-ау меніңше де. Қосамын, сосын шашақ та істеп толықтыру керек екен деп ойлап қойдым.
Шұлықты тоқитын спицаны „бес ине„ дейтін, неге екенін білмейм инесі төртеу болатын, шамасы біреуі жоғалған болса керек. Петля дегенді „Бас„ дейтін, тоқып үйреткенде солай үйреткен.
Өкшесін шығара алмай сорлайтынмын.
қызық екен жіліктен жасалған ілмек, сондай заттар сақталса ғой, керемет қой сондай заттар
әжем керемет өнерлітұғын. өрмекті керемет тоқитын. киіз үйге арналған басқұр,үзік, туырлық, ши, т.б. жасауларды әзірлегенде қолы-қолына жұқпайтын. өрмегің, жіптерін дайындау технологиясы өз алдына. әр туындысы жұмбақбір әлем болатын. о кісінің қолынан шыққан терме алашалар әлі сақтаулы