8-ші наурызға шәлі тоқиық

Құрметті қыздар, құрбылар, әпкелер, аналар, әжелер, келе жатқан мейрамдарыңызбен!
Қатипаштың постында кімге қандай сыйлық сатып алу керектігін білдік, бірақ қолдан жасалған сыйлыққа не жетсін, иә? Мысалы тоқылған шәлі, шарф және т.б. Ерінбесек шәлі тоқыиық. Бізге керегі жіп, ілмек(крючок), қайшы және әрине шыдамдылық. Тезірек бітсін десеңіздер қалың жіптен, қалың ілмекпен тоқыңыздар. Ірі узорымен көзге әдем көрінеді әрі өнімді болады. Мен қалың жіптен тоқимын деп қою қызыл(бордо)түстен алып едім, бірақ оған жеңгем берет тоқып берші деді. Иә, шілде шыққанда бөрік кигеннен сақта демекші, көктем шыққанда шапка тоқып мен де қатырватрым .
Төмендегі схемамен тоқимыз:

Схема kru4ok.ru сайтынан алынған.
Сонда мынадай шәлі шығады:

Мынау жақыннан түсірілгені:

Бірақ бұл орамал жуан жіптен тоқылмаған, жіңішке акрил жіптен тоқылған.
Іске сәт!
Бөлісу:

9 пікір

Korkem
Оң саусағыңыздан өнеріңіз тамып-ақ тұр екен +1 қолыңыз дерт көрмесін
Gulistan
Еркеқыздан мерекеге қарсаңында осындай бір пост күтіп ем. Рахмет
bazuka
Райкоша маған тоқып берші әйбат екен)!
Gulzhanat
Молодчина
Ал мен болсам, мына схеманы оқып түсінбек түгілі, көзіме көрсетіп тұрып үйретсе де шатасамын
AKA
Уау, керемет! Еңбек қой, еңбек.  Әдемі шығыпты, тәнтімін өнеріңізге.
Gazizkizi
Мә, әдемі екен! Бірақ менің хондрозым қозад тоқыманы қолға алсам! Мынадай әдемі еңбекті сатып алатын едім
satibaldi
Біздің үйде тоқиық та екеуміз 8-і күні?
araika
 Менің қолымнан келмес еді, қанша тырыссам да… Шыдамды екенсің, Еркеқыз!

Оқушы кезімде тоқыманы үйреніп, оны қаладан келген орысшалау сіңліме көрсетіп қызықтыратынмын. Ол менен асып түсті. "ұстаздан шәкірт озар" Қазір ұмытылды
san123
Ілмектерді оң, теріс іліп алу тәсілдерін схемада қалай көрсетілген, соны білгім келеді? Өзім крючокпен бұрындары бастап тоқып үйренгем. Қазір схема арқылы үйренсем деген ойым бар еді. Егер мүмкін болса, схеманың түсіндіру жолын айтсаңыздар.