Жеңілістің басты себепкері-өзіңізсіз!

Жеңіс пен жеңіліс-тең ұғым.Жеңіс-жаныңызға қуаныш нұрын сепсе, жеңіліс өрден итереді.Кейбір кездері асуларды ала алмай, басыңызды тауға да тасқа да ұрасыз.Ендеше жеңіліске бастайтын әдеттермен таныс болыңыз:
1.Таным-түсінігіңізді кеңейте алмайсыз, жаңашылдықты қаламайсыз.
Мәселен, сіз балалық шағыңыздан жақсы таныс достарыңызбен еркін қарым-қатынас құра аласыз.Бірақ, сіздерге ұмытылмас сәттер мен ерекше естеліктер тән.Ал, бұл жағдай сізді жаңашылдық пен өзгеріске бастамайды.Бойыңыздағы қорқынышты жеңе білуге тырысыңыз.
2.Өзгерістерден қашқақтайсыз.
Жаңа мүмкіндіктерді пайдалану-еш уақытта артықтық етпейді.Өзгеріп, жан дүниеңізді жаңартыңыз, тың серпіліңіз.
3.Тәуекел етуді қаламайсыз.
Егер сіз ішкі сезімдеріңізді басқара алмасаңыз немесе көңіліңізде күдік басым болса, олардың болашағыңызға тигізер зияны жөнінде ойланыңыз.
4.Жаңа жетістіктерге жетуді жөн көрмейсіз.
Мүмкіндікті жоғалтқыңыз келмесе, жаңашылдықпен жүздесіңіз.
5.Өзіңізге сенімділік таныта алмайсыз, шешім қабылдаудан қорқасыз.
Еңбекқорлық пен ақылдылық-бастаманың кілті.Көңіліңіз жабырқаса, пайдалы кітаптарды оқып, жаңашыл ойлардың тереңіне бойлап, өз ісінің шеберімен қарым-қатынас құрыңыз.Өзіңізді тым төмен бағаламаңыз.Сіз-жарты әлемнің құраушысысыз әрі оның маңызды бөлігісіз.Жеңіске жетудің жолы-өз бағаңызды биіктету, ішкі түйсігіңізге сену екенін естен шығармаңыз.

Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.
Бір-екі күнде төл Теңгеміз тағыда құнын жоғалта бастады. Қарапайым ел азаматы ретінде алаңдау сезімдері туындайтыны сөзсіз. Жалпы сөз қозғайын деп тұрғаным бұл жайлы емес негізі. Осы тектес жаңалықтар тізбегін ашып отырып Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктер арқылы алтын құймалар сатылымға шығарып жатқаны туралы ақпаратқа көзім түсті. Алғашқы ойым шынымды айтайын жақсылықтан хабар бермеді. Экономика саласынан хабарым жоқ болсада неге екенін білмейм бұл әрекет маған қатты ұнамады. Кезінде естігенім оқығандарымды еске түсірігенімде бірнеше ой миыма түсе кетті. Алтын қоры қаншалықты көп болса соншалықты мемлекеттің экономикасы қауқарлы болады, әлемнің ірі мемлекеттері барынша алтын қорын ұлғайтуға тырысып бағуда, АҚШ-тың құдыреттілігі, Доллардың үстемдігі, кәзіргі Қытайдың алпауыт болуы осы алтын қорының көлеміне байланысты деп те есуім бар еді. Бір ойым алтын қоры мен құйма алтындардың сатылуында байланыс жоқ шығар депте ойладым. Дегенмен мемлекет қордағы алтынды сатпағанда басқа қайдағы алтын сатылуы мүмкін. Бұ әрекет түсіндірілген шығар деп бірнеше сайттар мен мақалаларды оқып бағуға тырыстым дегенмен бұл әрекеттің ұтымдылығы немесе тиімділігі жайлы толық түсіндірілген ешқандай ақпарат таппадым өкінішке орай. Тек қалай іске асатындығы немесе ол пайдалы дегені жалпылай жазылыпты. Онсызда екі ойлы болып, мемлекетке деген сенімі азайып жүрген, кез-келген заңға үлкен күмәнмен қарайтын біздің мемлекеттің халқы үшін бұл ақпарат қандай сезім тудырды екен. Ішінде мен секілді алтын қорының ерекше маңызы жайлы оқып алғандар болса тағыда әлеуметтік желілерде айғай шу наразылық болатыны сөзсіз. Мен мемлекеттің бұл әрекеті дұрыс шығар деп ойлаймын, себебі ол жеде білікті мамандар, мықты экономистар отырғаны сөзсіз. Дегенмен басты кемшілік дұрыс түсіндірілуде деп ойлаймын. Дұрыс түсіндіру жұмыстары жүретін болса халық күмәннан айырылып қана қоймай сонымен қоса сол құймаларды сатып алып немесе басқада шаралар арқылы белсене қатысар ма еді. Осындай жағдайда халық сенімі мемлекетке жоғарылар ма еді.

Сенім демекші сенім өте құдыретті ұғым. Халықтың билікке сенімі тұрақты экономика мен әлеуметтік тұрақтылық сияқты мемлекет өркендеуінің басты кепілі екені анық. Дағдарыс уақытындағы халық сенімінің маңыздылығы жайлы бір-екі мысал келтіре кетсем. 1997-1998 жылдардағы Азия елдеріндегі ірі дағдарыс кезіндегі Оңтүстік Корея мемлекетінің халқы көрсеткен сенім күші біраз елге үлгі болуы керек деп ойлаймын. Мемлекет алтын қорын толтыру үшін халыққа өтініш айтқан болатын "Қолдарыңыздағы бар алтын бұйымдарыңызды мемлекетке сатыңыздар" деп артынша Кореяның ақшасы таусылып «Ақшаларыңызды уақытында міндетті түрде қайтарамыз» деген уәде берген болатын. Халық бірден банктер мен ақша айырбастау пунктері алдына ұзақ кезектерге тұрып алтын бұйымдарын тапсыруға ұмтылды, тіпті жұмысына асыққан кейбір Корей азаматтары қолындағы бар бұйымын кезектің алдына қарай лақтырып, ақшаларын алмастан кете берді. Осы әрекеттер нәтижесінде Корея 250 тоннаға жуық алтын жинап алды, кейіннен халыққа қарызын пайыздық үстеммен қайтара алған болатын. Одан кейінгі Кореяның экономикасы өркендеуі тек жақсы бағытта болды. Корей экономистерінің айтуынша дәл сол уақытта халық сенім білдірмегенде Корея экономикасы толық құлдырымға кететін еді. Тағы бір мысал 2015 жылдардағы Биржалық тоқырау сәтінде Германия, Италия және Греция азаматтары Банктерге ағылып ақшаларын талап еткен болатын. Банктегі ақша азайып кетсе не боларын кез келген азамат өте жағсы білуі тиіс, осының алдын алған жоғарыдағы елдер өз азаматтарына екінші деңгейлі Банктер құлдырауға ұшыраса мемлекет ақшаны толықтай қайтарады деп уаде етті, халық сенді және мемлекет бұдан зардап шекпеді.
Менің ойымша халық пен мемлекет арасында сенім әсіресе осындай уақыттарда өте маңызды. Себебі эконоимканың тұрақтылығына халықта мүдделі, себебі өмір сүру сапасы тікелей соған қатысты болып табылады. Осы елдің азаматтары секілді мемлекеттің антикризистік шараларын қолдағын-ақ келеді, әттен біздің билік сенімді емес қой. Қарапайым істеп жатқан «дұрыс» әрекеттерінде түсіндіріп бермейді.
Сонымен достар маған алтын құймаларды сатылымға шығарған қаншалықты тиімді екенің түсіндіріп бере алатын адам табылама. Айтпесе орта статистикалық Қазақстан азаматы үшін бұл өте түсініксіз. Не де болса оңынан болсын дейік басқа не дейміз...
Әрі қарай

Екі жылға созылған екі күн

Блог - AidaMuntiyeva: Екі жылға созылған екі күн
Орыс тілі сабағы. Қоңыраудың соққанына бес минуттай болды. Кабинетке апайымыз кіріп келді(екі күндік іс-сапардан келген). Әрқашан сұлу, өзіне жарасымды киімін киіп, ерекше күтіммен, тіпті шаш үлгісін де жоғарғы талғаммен жасайтындығына үйреніп қалған біз оның бүгінгі күйіне үйренісе алмай-ақ қойдық. Апайымыз бұны байқаса керек, орнына жайғасып отырып алды да, күліп жіберді. Оқиғаның мән-жайын білмей, жалтаң-жалтаң етіп біз отырмыз. Екі-ақ күннің ішінде басымнан не өткені, үш ұйықтасаңдар да түстеріңе кірмес...-деді. Біз болсақ, не болды екен?-деп одан әрі қызыға түстік. Апайымыз сәл жымиып, әңгімесін бастап кетті.

Осыдан екі күн бұрын, ақпанның төрті. Қасымда екі әріптесім бар, үшеуміз Орал вокзалында поезд күтіп отырмыз. Ертең Астана қаласында өте маңызды семинар. Міне, поезд да келіп тоқтады. Екі әріптесім мініп кетті, билеттерімді көрсетіп мен де соңдарынан шапшаң мінейін деп жатсам, тексеруші құжаттарымды көрсетуімді сұрады. Мүлде есімнен шығып кетіпті, құдды поезға алғаш мініп отырғандаймын! Киім және тамақтар салынған үлкен сөмкеден басқа, бөлек тұрған кішкене сөмкемді ашып ішінен құжатымды іздей жөнелдім. Құжат жоқ! Киім мен тамақ салынған үлкен сөмкеде жоқ екенін білсем де, ашып тастап ақтарып жатырмын. Бұл сөмкеде де жоқ. Сенесіз бе? ЖОҚ! Енді не істемекпін?! Телефонымды алып, жұбайыма қоңырау шалдым. Құжат үйде де жоқ екен…

Проводникке барып оқиғаны баяндап бердім, не десем де көндіре алмадым, құжатсыз кіргізе алмайтындығын, тіпті кіргізген күннің өзінде ең бірінші тексеруде-ақ поездан тексерушілер түсіріп кететіндігін айтты. Кенет проводниктің алдында отырып алып жылай жөнелдім, өзге еш нәрсе ойыма келер емес(Елестетіп көріңіз жасы отызға келіп қалған әйел… Әлгі кісінің түрін көрсеңіз… ) Алғашында проводникті көндіру үшін жасағанмын, бұл әрекетімнен еш нәрсе шықпайтындығын, жағдайымның қиын екендігін түсінгеннен кейін одан әрі жылай түстім. Бұл- көзімнен парлап аққан шынайы жас еді.

Поезд жүріп кетті, сөмкелерімді құшақтап, он минуттай отырдым. Одан кейін өз-өзімді жинақтап, әріптестеріме қоңырау шалып, поездан қалып қойғанымды, бірақ ертеңге дейін міндетті түрде жететіндігімді айттым. Тұтқаны қойғаннан соң сіңіліме қоңырау шалып, өзінің құжатын әкелуді сұрадым. Құжатты салып алып, Оралдан Ақтөбеге дейін баратын автобусқа жаңағы сіңілімнің құжатымен билет алдым. Ақтөбеден түсіп, тек Қостанайға дейін апаратын такси таптым. Қостанайға жеттім, енді Қостанайдан Астанаға бару ғана қалып еді, осы кезде, қалтамдағы қырық мың теңге бітіп қалды.

Түңгі сағат екі, Қостанайдамын. Ақпанның сары аязы. Жалғыз өзім. Бейтаныс орта. Кеше үйден шыққаннан кейін тамақ ішкен емеспін. Ақтөбеге келе жатқанда, автобустың ыстығынан болса керек, барлық тамақ бұзылып, ашып кеткен, содан лақтырып тастағанмын… Іздеп жүріп Астанаға дейін баратын такси тауып алдым. Бірақ жүргізушіге ақшам жоқ екендігін айтпаған едім. Жер көк тайғақ, машина әзер дегенде жүріп келе жатыр. Құдайдан аман есен жетсем екен деп тілеп отырмын. Анам қоңырау шалды, телефонның ар жағында меннен бетер уайымдап, жылап жатыр. Өзім дірілдеп отырсам да, анамды жұбатып телефон тұтқасын қойдым. Қорыққаным сонша, ұйқыны да ұмыттым.

Кенет он жыл бұрын бірге оқыған құрбымның Астанада тұратындығы есіме түсе кетті. Түннің беу уағында, таныстарымның бәрін аяқтарынан тік тұрғызып, қоңырау шалып, әлгі құрбымның мекен-жайын іздестіріп, тауып алдым. Таңғы сағат жеті, мекен жай бойынша келіп тоқтадық. Есікті қағып, тіпті табалдырықты аттамастан “Айнұр, маған дереу жетпіс мың теңге керек,”-дедім. Елестетіп көріңіз, он жыл бұрын оқыған сыныптасыңыз, таң атпай кіріп келіп, жетпіс мың теңге сұраса берер ме едіңіз? Әй, қайдам! Айнұрдың жолдасы маған сенімсіздікпен қарады, әйеліне “Бұл кім өзі? Неге ақша сұрап тұр?”-деп сұрақтарды төндіріп жатыр. Семинардың басталуына тек қырық минут қалды. Айнұрдың қолын ұстап алып, ақша дереу керек екендігін, кейін қайтарып беретіндігімді айтып жалынып-жалбарынып сұрап алдым. Он минуттың ішінде таранып, бетімді әрлеп, көйлегімді киіп бөлмеден шықтым. Айнұрдың жұбайының көзі шарасынан шыға жаздады. Құдды күлбикенің ханшайымға айналғандына куә болғандай. Үйден тез-тез шығып, таксиге мініп сағат жетіден елу тоғыз кеткенде орнымда болдым! Сол кездегі менің ішкі сезімімді білсеңіздер, шіркін! Өмірге қайта келгендей болдым… Міне, екі жылға созылған екі күннен кейін, үйіме оралып, тоңазытқыштағы бар тамақты жеп, тіпті душ қабылдауға шамам жетпей бір тәулік бойы қозғалмастан ұйықтап, бүгін таңғы жетіде тұрып алдарыңызға келіп отырмын ,-деп шытырманға толы әңгімесін аяқтайды.

Менің бір түсінгенім, әр іске ұқыптылықпен, үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Қандай жағдай болмасын үміт үзбеуіміз керек. Өйткені, кез-келген мәселенің шешімі бары сөзсіз. Бойымыздағы сенім мен жанарымыздағы үміт оты ғана бізді биікке жетелемек!
Әрі қарай

Ажал аузындағы махаббат

Ғибратты әңгімелер: Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.

Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтайық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтап кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.

Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.

Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

дереккөз

суретке сілтеме
Әрі қарай

Өмірдің өзі ертегі

Кейбір адамдар болады ғой, өмірі ертегіге бергісіз. Біреулерге тағдыр барлық қиындықты үйіп-төгеді, ал біреулер тағдыр ұсынған барлық жақсылықты кері тебеді. Тағы біреулер өз тағдырын өз қолымен жасайды.
Әрі қарай

Достарыма

Сәтсіздік кеп алқымымнан алғанда,
Армандарым аяқ асты қалғанда,
Күл талқан боп жоспарларым бір сәтке,
Тағдыр мені қатал сынға салғанда,
Табылатын достарым бар жанымнан,
Қысқа ғана мағынасыз жалғанда…
Мағынасыз қыска ғана жалғанда,
Үміт оты өздігінен жанғанба?
Қолдау тауып қасыңдағы досыңнан,
Жанарыңнан жарык күнің жанғанда,
Дейд екенсің бір Аллаға мың тәуба
Жақсылықтың тамшысы кеп тамғанда…
Қатар жүрген қуаныш пен қайғыны,
Білмес пенде келетінін қай күні,
Сенім артар достары бар адамның,
Биік жүрер әрқашанда айбыны!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

Көңіл

Менің көңлім үй еді жапандағы,
Кірді оған мейірімді де, қаталдары.
Кірлеген соң есігін жауып алған,
Содан бері ашуға ешкім бата алмады.

Анық еді оны ешкім елемесі,
Қатардағы үйлерге теңемесі.
Айналаға зер салып қарамайтын,
Жуылмаған өйткені терезесі.

Әрі қарай

Бұл да өтер...


Өткен-кеткенімді ой елегінен өткізіп, ұйықтағалы жатқан кезімде ұялы телефоныма «Кешіріңіз, танысуға рұқсат па? Менің атым .......» деген хабарлама келді. «Бұл кім болды екен?» деп ойлап үлгергенім жоқ «Нөміріңізді газеттен алдым, бойдақпын, тұрақты жұмысым бар» деген хабарлама келді.
Әрі қарай

Журналистика мамандығы

Маған журналистика мамандығы ұнайды.Күннен күнге қызығушылығым арта түсуде.Арманым белгілі журналист болу.Алға қойған мақсатыма жетуге бар күшімді саламын.Менің журналист болатына ешкім сене бермейді.«Сенен журналист шығады деп ойламаймын» дейді кей адамдар.Бірақ, олардың сөздерін көңіліме алып жүргенім жоқ.Өсе келе одан да басқа сөздерді естуім мүмкін.Соның бәріне де тайсалмай, шыдауға тырысамын.Оған сенімдімін.
Әрі қарай

Girdap: Қарауға тұрарлық фильм

Шымкенттегі құрбан айт алдындағы шуды өтірік ақпар деп қоя салуға да болмайтын сияқты, адамда бірнәрсеге деген сенім мықты болса ол бәрін жасайды, жеңіп шығады. Терроризм деп жүргеніміздің өзі осы мықты сенімнен жасалып жатқан дүниелер ғой. Қазір ешнәрсеге таң қалуға болмайтынына сендім, кішкентай Түркістанның өзінде орын алған жан түршігерлік оқиғалардан кейін.
Әрі қарай

Ең маңызды бес ауыз сөз

Ең қастерлеуге тиісті сөз _ «Мен сені сүйемін». Бұл сөзді естігеніңіз басқалардың махаббатына ие бола алатындығыңызды түсіндіреді. Дүниеде басқалардың сүйіспеншілігіне ие болудан өткен адамды зор сенімге бөлейтын, қуанта алатын сі болмаса керек.
Әрі қарай

Діннен зайып алған ұлы тұлғалар. Мартин Лютер

"… 34. Қассақша білмейтіндерді жұмысқа алмау, алғанның өзінде — қассақша білмейсің деп ұрыса беру;" © Sayan3-тің Программалық Баяндамасынан.



Орта ғасырларда христиан діні азғындап кетті. Лібә, кісі өлтірсең де, Пападан «Күнәларыңның
Әрі қарай

Тура осы күні...

Тура осы күні: мақтаныштай болған значокты төсіңе тағылғанда, «Осы сенімдеріңді ақтауға АНТ берем!»- д еп іштей қуаныш сезіміңді жасыра алмайсын.
Тура осы күні: Мойыныңа жоғарғы сыныптың үлгілі болған «Пионерлер» сені де адам санатына қосқандай мойыныңа алқызыл галстукті тағады. «Осы сенімдеріңді ақтауға АНТ берем!»- д еп көптің алдына шығып АНТ бергендегі көңілді айтсайш… Сыныпта төменгі бағамен оқитындарға арман болып, үлгеруге тырысуға күш те беретіндей. «Важатыйға ұқсағым келед» деген ой барлығына қалыптасқан.
Әрі қарай